Балхаш қаласы

Баязитова Дания, 3-сынып, №15 орта мектеп, Балқаш қаласы

Жетекшісі: Тоқсанбаева С.Д.

Туған жердің қасиеті

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның ғажайып көрінісі жанды тербетеді.

Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген табиғат – тіршілік көзі.

Табиғаттың әрбір әсері адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Сондықтан да балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.

Отан ошақ басынан басталады

Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала және мектебіміз. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат мекен – Балқаш.

Туған көше

Үйдің маңындағы аулада ойнаған күндерім, бала-бақшаға барған көшем – мен үшін өте ыстық.

Туған қала

Балқаштың көркі көз тартады: әсем үйлері, тарихи ескерткіштері, жанға жақын көшелері бар.

Туған мектеп

Қаламыздың қақ төрінде орналасқан білім ордасы – менің мектебім – арманыма жол ашатын киелі мекен.

Дәл осы жерде менің көңілді де шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтіп жатыр. Туған қалам қандай әдемі, қандай көрікті!

Балқаштың көркі: көлі, тынысы, балалық күлкі

Туған жерімнің әсем табиғаты, көкше көлі, бой түзеген көрікті үйлері мен тарихи ескерткіштері – бәрі де қалама ерекше сән береді.

Көкше көл

Көгілдір көкше көлдің өзі қандай жанға сая, шипалы мекен десеңші! Бұл көлге демалушылар жылдан-жылға көбейіп келеді.

Қазір қаламыздың әрбір шағын ауданында балаларға арналған демалыс орындары орнатылған. Ондай орындарда бақытты балалық шақтың үні ғана естіледі. Мен де ата-анаммен, достарыммен сол жерлерде демалып, уақытымды көңілді өткіземін.

Осы жаңа әлемде балалар үшін жасалып жатқан жақсылықтарға шексіз қуаныштымын.

Арман мен мақсат

Қаламыздың қақ төрінде орналасқан мектебім туралы ойласам, ерекше мақтаныш сезімі оянады. Біз Ағыбай бабамыздың есімімен аталатын көшемен бірге алға ұмтылып келе жатқандаймыз.

Туған қаламның күннен-күнге көркейіп, көріктене түсуі мені толғандырады, еріксіз қолыма қалам алғызады. Өйткені мен де елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Үлкен арман

Менің туған қалама өз үлесімді қоссам деген үлкен арманым бар. Арман. Тілек. Менің алдымда үлкен мақсат тұр.

Сол мақсатқа жету үшін мектебімде белсенді болып, достарыммен бірге алға ұмтыламын. Ата-анам мен ұстаздарымның ақыл-кеңесін тыңдай отырып, өзімді зияткер оқушы болуға тәрбиелеймін.

Әр бала зияткер болуға талпынса, өз туған жерінің нағыз патриоты болатынына сенемін.

Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы