Ненің баласы
Қарағанды қаласы, №42 «Тілек» балабақшасының тәрбиешісі: Сакенова Калкен Сериковна
Математикадан дидактикалық ойындар
Бұл жинақ мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін ойын арқылы қалыптастыруға арналған. Әр ойынның мақсаты, қысқаша мазмұны және бірнеше нұсқасы берілген. Материалдар балалардың сан мен цифрды тануын, салыстыру, кеңістік бағдарлауын және логикалық ойлауын дамытуға бағытталған.
№1. «Біреу және көп»
Мақсаты:
«Біреу» және «көп» ұғымдарын ажырата білуге үйрету.
Өту барысы:
- Тәрбиеші балалардан қоршаған ортадағы заттардың арасынан «бір» және «көп» заттарды табуды сұрайды.
- Мысалдар: сағат — біреу, ойыншық — көп; тақта — біреу, парта — көп; аквариум — біреу, гүл — көп.
Қосымша сюжеттік бөлік:
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастайды. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» — деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды (қиналса, тәрбиеші көмектеседі). Барлығы бірге бұрыштарын санап, барлық қабырғаларының бірдей екенін атап өтеді.
№2. «Шаршы құрастыр»
Мақсаты:
Бөлшектерден бүтін зат құрастыруға үйрету.
Мазмұны:
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып орналастырады. Қиналған жағдайда тәрбиеші көмектеседі. Соңында шаршының неше бөліктен тұратынын санап, құрастырылған шаршының түсін айтады.
Нұсқалар
- 1-нұсқа: әр бала жеке құрастырады.
- 2-нұсқа: топ болып құрастырады (қай топ жылдам?).
- 3-нұсқа: кім тез бітірсе, күрделірек түрі ұсынылады (жеке немесе топпен).
№3. «Зат неге ұқсайды?»
Мақсаты:
- Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімді бекіту.
- Айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырату дағдыларын дамыту.
Нұсқалар
1-нұсқа
Тәрбиеші геометриялық пішінді (немесе денені) көрсетеді, балалар оның қоршаған ортада қандай затқа ұқсайтынын табады.
2-нұсқа
Үстелде пішіндер, заттар немесе суреттер жатады. Бала біреуін таңдап, қандай пішінге ұқсайтынын айтып, жауабын түсіндіреді.
№4. «Айырмашылығын тап»
Мақсаты:
- Екі суреттің немесе екі заттың айырмашылығын табуға үйрету.
- Өз ойын жүйелі айтуға дағдыландыру.
- Ақыл-ойды дамыту, шыдамдылыққа және тыңдай білуге тәрбиелеу.
Мазмұны:
Бұл ойында тәрбиеші сенсорика, көлем, кеңістік қатынасы және санды салыстыруға бағытталған мақсат қояды. Салыстырылатын заттардың санын біртіндеп арттырып, бірнеше нұсқаны қатарынан орындауға болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс құрауын және байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Мысал тапсырма:
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер қолданылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.
№5. «Біреуі артық»
Мақсаты:
- «Біреу – көп» ұғымын бекіту.
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Заттарды топтастыра білуге үйрету.
Нұсқалар
1-нұсқа
Балалар карточкалардың ішінен бір зат бейнеленген карточканы тауып, атайды. Содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексереді.
2-нұсқа
Әр балаға бір карточкадан таратылады (қайталанбайды). Барлығы өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партадағы екі бала бірдей дұрыс жауап берсе, жұлдызша алады. Жұлдызшасы көп парта жеңеді.
3-нұсқа
Балалар партада өз бетінше жұмыс істейді: бір зат бейнеленген суретті жай қарындашпен айналдырып сызады. Кім тез бітірсе, тағы бір карточка алады. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз саналады.
№6. «Сипап сезу арқылы санау»
Мақсаты:
- Қарамай-ақ сипап сезу арқылы екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең).
- Санау дағдыларын бекіту.
- Салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны:
Тәрбиеші үстеліне орамалмен жабылған екі топ зат қояды (мысалы: 4 кірпіш, 5 жүк машинасы). Шақырылған бала орамалды ашпай, қолымен ұстап санап, қорытынды санды айтады. Осылайша екінші топ та саналады. Кейін орамал ашылып, жауаптың дұрыстығы барлық балалармен бірге тексеріледі. Ары қарай «неше артық, неше кем» екенін анықтап, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.
№7. «Сөзді керісінше ата» (сөздік ойыны)
Мақсаты:
- Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді табуға үйрету.
- Көлем және кеңістік қатынастары туралы білімді бекіту.
Мазмұны:
Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты білдіретін сөзді айтып, допты бір балаға лақтырады. Бала сол сөздің қарсы мағынасын айтып, допты қайтарады: үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, т.б.
№8. «Аңдарды қоректендір»
Мақсаты:
1 саны және 1 цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімді кеңейту.
Мазмұны:
Тақтада аңдардың суреті ілінеді, ал «тамақ» суреттері тәрбиешінің үстеліне қойылады. Тәрбиеші сұрақ қояды: «Бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет». Басқа аңдармен де осылай жұмыс жалғасады.
Жолақтары бар карточкамен жұмыс: балалар солдан оңға қарай жоғарғы, кейін төменгі жолақты саусақпен жүргізеді. Жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қояды. Төменгі жолаққа солдан оңға қарай көп бөшке (фишка) орналастырады. Тәрбиеші: «Қонжықтар нешеу? Ненің баласы?» деп сұрайды.
№9. «Ненің баласы?»
Мақсаты:
- Үлкен–кіші ұғымдарын бекіту.
- Жабайы және үй жануарлары туралы білімді кеңейту.
Мазмұны:
Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап, оған кішкентай ойыншықтарды іріктейді (немесе керісінше). Таңдаған жұбын атайды: «Ит үлкен, ал күшік кішкентай».
№10. «Цирктің әртістері»
Мақсаты:
2 саны және 2 цифры туралы білімді бекіту.
Нұсқалар
1-нұсқа
Ковралан тақтада жануарлар суреттері әр жерге орналасады. Тәрбиеші «бүгін циркте тек екі-екіден ғана бар әртістер өнер көрсетеді» дейді. Балалар суретті таңдап, бөлек қойып санайды, цифрды атайды және көрсетеді.
2-нұсқа
Мазмұнды суреттер қосылады. Балалар екі-екіден болатын заттарды «әртістерге» таратады. Барлығына жеткенін тексеріп, цифрды атайды және көрсетеді. Соңында: «Қандай заттар бір-бірден қалды?» (1 цифрын көрсету, атау).
3-нұсқа
Тапсырма күрделенеді: жұп заттар түсі мен көлеміне қарай іріктеледі (мысалы: ұзын/қысқа секіртпе, үлкен/кіші барабан). Тәрбиеші бір нұсқаны таңдайды немесе өз тапсырмаларын құрастырады.
№11. «Жыл атасы»
Мақсаты:
- Жыл мезгілдері мен айлармен таныстыру.
- 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы білімді бекіту.
Өту барысы:
Тақтада «Жыл атасының» суреті болады. Балалар жыл мезгілдерін атайды және санайды. Тәрбиеші: «Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай?» деп сұрайды. Әр мезгілде 3 айдан болатыны түсіндіріледі, мысалы, күз айлары аталады.
Үлестірмелі материал: әр карточкада күз айларына сәйкес торкөздер беріледі. Тәрбиеші айды атайды, балалар қажетті цифрды бос орынға қояды. Кейін тәрбиеші цифрды атайды, балалар айды атайды.
№12. «Қанқызын тап»
Егістіктен қанқыздары ұшып келеді. Олар бір-біріне өте ұқсас болғандықтан, жиі шатастырылады. Балалардан қанқыздарды бір-бірінен айқын ажыратылатын етіп жасау сұралады.
Тапсырмалар
- 1-қанқыз: оң және сол қанатындағы дақтар саны тең болсын. Сол жақта неше дақ, оң жақта неше дақ? Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- 2-қанқыз: сол жақтағы дақтар оң жақтан артық болсын. Сол жақта неше, оң жақта неше? Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
- 3-қанқыз: сол жақтағы дақтар оң жақтан кем болсын. Сол жақта неше, оң жақта неше? Барлығы қанша? Цифрды көрсет.
Соңында қанқыздар «жасырынуы» үшін топ бөлмесінің әр жеріне қойылады. Балалар оларды тауып, нәтижені тексереді.
№13. «Зат неге ұқсайды?» (қайталау, 2-сабақ)
Буратино үйіндегі тіктөртбұрышқа ұқсайтын заттарды табу; қонақтардың кімге жақын/алыс отырғанын анықтау; Карабас-Барабасқа қатысты «жақын–алыс» ұғымдарын қолдану.
Үлестірмелі материал: паровоз суретіндегі тіктөртбұрыш пен дөңгелектер саналады. Қайсысы артық екені анықталады.
№14. «Сиқырлы қалта»
Мақсаты:
Заттарды қолмен ұстап, сипап сезу арқылы санауға үйрету.
Нұсқалар
- 1-нұсқа: затты қолмен ұстап, санын анықтау.
- 2-нұсқа: заттың қандай екенін ұстап көріп, анықтау.
Тәрбиеші «сиқырлы қалтаны» балалардың ортасына әкеледі. Бір бала көзін жұмып, қалтаға қолын салады да, түймелері бар жолақты таңдап алады. Қолын шығармай тұрып, түймелерді саусағымен санайды. Кейін қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексеріп, түйме санына сәйкес (1–5) цифрды көрсетеді.
Қосымша сюжеттік желі: ұлдар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағанын анықтайды. Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектеседі, бірақ бірнеше кафель сынып қалады. Балалардан оны жинап, құрастыруға көмектесу сұралады.
№15. «Шаршы құрастыр» (күрделірек деңгей)
Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала қиналса, көршілес партадағы бала көмектеседі. Күрделі шаршыны дұрыс құрастырған балаларға жұлдызша беріліп, мадақталады.
Сюжет: Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйіне орналастырмақшы. Тәрбиеші үстелінде жануарлар суреттері, ал тақтаның төрт бұрышында үйшіктер болады.
№16. «Жануарларды орналастыр»
Мақсаты:
Тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
Өту барысы:
5 бала кезекпен тақтада орындайды, қалғандары үстелде парақ қағазда фишкамен орындайды:
- Оң жақ жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақ төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақ үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақ үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшік жетті ме?
- Неше үйшік? Цифрмен көрсет.
- Неше аң? Цифрмен көрсет.
- Қай сан артық: 4 пе, әлде 5 пе?
- Қай аң артық? Неге? (Балалардың әртүрлі жауабына мүмкіндік беріледі.)
№17. «Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап»
Мақсаты:
Балаларды «жұп» ұғымымен таныстыру.
Тақтаға мультфильм кейіпкерлері әр жерге ілінеді. Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерін тауып, жұптастырады. Соңында неше жұп болғанын және қайсысы жұпсыз қалғанын анықтайды.
Қосымша тапсырмалар: Балақай мен Карлсонға спорт құралдарын таңдауға көмектесу; таңдауды түсіндіру. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай реттеу, ұзындығын атау. Шаңғы таяқтарын да ұзындығына қарай орналастырып, салыстырудың қатар қою және беттестіру тәсілдерін қолдану.
№18. «Ненің жұбы болады?»
Мақсаты:
Жұпсыз болуы мүмкін емес заттарды көрсету және «жұп» ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер суреттерін көрсетеді. Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық, аяқ киім, қолғап және т.б. Неліктен жұпсыз болмайтынын түсіндіреді.
Қозғалыс ойыны: Карлсон мен Балақайдың кім бірінші шығатынын салыстыру (жылдам/баяу). Кейін «шанамен сырғанау»: бір шанаға екі бала ғана сыяды, үшіншісі — артық. Жылдам қимылдағандар үлгереді.
№19. «Сандар шатасты»
Мақсаты:
Сандар қатарындағы сандардың орны туралы білімді нығайту.
Балалар тәрбиешінің белгісімен көзін жұмады. Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе бір санды алып тастайды. Балалар көзін ашып, өзгерісті тауып, қатарды қалпына келтіреді.
Қосымша сюжет: тақтада Айболит және әр жерде орналасқан аңдар. «Емделуге қанша аң келді?», «бәрі жақындаса саны өзгере ме, неге?» сұрақтары қойылады. Аңдарға «кезекке тұру» кеңесі беріледі: кім бірінші, кім екінші, кім үшінші екенін ретімен атау. Кейіпкерлер өз орнын ұмытып қалса, балалар көмектеседі. Соңында Айболит барлығын емдеп, үйлеріне жібереді.
№20. «Не өзгерді?»
Мақсаты:
Көру арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиеші екі жолақты карточканы тақтаға іледі: бірінші жолаққа бір алмұрттың, екінші жолаққа көп алманың суретін орналастырады да, балалармен салыстырады. Кейін керісінше орналастырып, «не өзгерді?» деп сұрайды.
№21. «Дауыстап санау»
Мақсаты:
Дауыстап санауға және қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
Нұсқалар
- 1-нұсқа: тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады, балалар іштерінен санайды. 2–3 бала жауап береді, тақтада цифрмен көрсетеді.
- 2-нұсқа: балалар жауап айтпайды, тек дыбыс санына сәйкес цифрды көрсетеді.
Қосымша сұрақ: тәрбиеші екі түрлі үйдің суретін көрсетеді, балалар айырмашылығын айтады (биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).
№22. «Адасқан цифрлар»
Мақсаты:
Ойлау жылдамдығын арттыру.
Тәрбиеші тақтаға 2, 4, 6, 7, 3, 5 цифрлары жазылған карточкаларды іледі. Балалар қалып қойған санды атайды.
№23. «Сиқырлы қапшық»
Қапшықта геометриялық пішіндер болады. Балалар қолымен ұстап, сипап сезу арқылы оның қандай пішін екенін айтады.
- Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру.
- 7 санына байланысты ұғымдар: 7 күн, 7 түс, 7 шелпек.
- Жұмбақ-өлең: «Жеті — көсеу баяғы, жалғыз оның аяғы.»
- 7 цифрын жазып үйрену; 7 санының құрамын ажырату; дәптерде өзіндік жұмыстар орындау.
№24. «Суретші қай жерде қателесті?»
Мақсаты:
Ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті табуға үйрету.
Тәрбиеші суретшінің «Қыс» тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан суретте бәрі дұрыс па екенін тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілге тән екенін айтады.
№25. «Сөздік ойыны»
1-нұсқа: жыл мезгілдері туралы
- «Күзде жаңбыр жауады, ал қыста … (қар жауады).»
- «Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде … (жапырақтар түседі).»
2-нұсқа: көлем және тәулік бөліктері
- «Бұта аласа, ал ағаш … (биік).»
- «Бұлақ тар, ал өзен … (кең).»
- «Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал … түскі ас ішеміз.»
- «Біз кешке тамақ ішеміз, ал … жаттығу жасаймыз.»
- «Түнде біз ұйықтаймыз, ал … серуендейміз.»
- «Таңертең таңғы ас ішеміз, ал … ұйықтаймыз.»
- «Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды … көреміз.»
№26. «Заңдылығын тап»
Мақсаты:
Логикалық ойлауды және заңдылықты құра білу дағдысын дамыту.
Тәрбиеші 9 торкөзден тұратын кестені көрсетеді: оның 6 торкөзіне заттар кезектесіп орналасқан, ал 3 зат үстелде жатады. Балалар орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз торкөздеріне қояды. Қажет болса, тәрбиеші бағыт береді.
№27. «Не жоқ?»
Мақсаты:
Зейінді және есте сақтау қабілетін дамыту.
Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншық жоғалғанын табады. Кейін тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, ал үшінші рет ойыншықтар алынбай, тек орындары ауыстырылады.
№28. «Өз орныңды тап»
Мақсаты:
Цифрлардың сандар қатарындағы орны және көрші сандар туралы білімді нақтылау.
Тәрбиеші балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратады (балалар «цифрлар» болады). Музыка ырғағымен қозғалып жүреді. Музыка тоқтағанда балалар тез бір қатарға тұрады. Қалғандары қатардың дұрыстығын тексереді. Кейін тәрбиеші бірнеше баладан берілген санның көрші сандарын атауды сұрайды.
№29. «Жыл атасы» (қыс айлары)
Тақтада жыл мезгілдері бейнеленген 4 карточка, балаларда 1 көк карточка болады. Тәрбиеші: «Жыл атасы бүгін қандай карточканы қалдырады? Неге?» деп сұрайды (қалған карточкалар алынады).
- Қыстың алғашқы екі айы қалай аталады?
- Оларды өз орындарына орналастыр.
Жұмбақ: «Түнде аяз күшейіп, күндіз тамшы тамады. Күн білінбей ұзару — бұл қай кезде болады?» (Ақпан)
- Ақпан айы қай айдан кейін болады?
- Қыс айларын атаңдар.
- Балалар бір-біріне сұрақ қояды: біреуі айдың цифрын көрсетеді — басқалары айды атайды; немесе керісінше.
№30. «Зат неге ұқсайды?» (сопақша)
Тәрбиеші сопақша пішіннің бөлме ішінде «жасырынып қалғанын» айтады. Балалар бөлме ішінен сопақша пішіндегі заттарды атап шығады.
Дереккөз
http:www4415-matematika-didaktika.html?utm_source=word