Елбасының туған күнін ардақтау

Тәрбие сағатының мазмұны

Бұл тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын танытуға, тәуелсіздік құндылығын ұғындыруға және жас ұрпақты елге қызмет етуге тәрбиелеуге бағытталған.

Тақырып

«Менің тұңғыш Президентім!»

Түрі

Тәрбие сағаты

Көрнекіліктер

Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәдесыйлықтар, Әнұран, интерактивті тақта материалдары.

Мақсаттары

  • а) Жас ұрпаққа Нұр ағаның сан қырлы талант иесі, қуатты тұлға екенін таныту.

  • ә) Елімізді еңсе тіктетіп, мемлекетімізді нығайтып, халқымызды әлемге танытқан Елбасының адамгершілік келбетін түсіндіру.

  • б) Елін сүйген, елі сүйген басшыдан үлгі алуға тәрбиелеу.

Кіріспе ой

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың еңбегін көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес. Мемлекет басшысы биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене отырып: «Мен үшін елімді дамыған елдердің қатарына қосу — ең үлкен мақсат» деп атап, қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасауды «президенттік те, перзенттік те парызым» деген еді.

Жүргізушілер сөзі

I жүргізуші: Гүлназ

Мемлекет басқару ісі — машақатты да мәртебелі міндет. Басшысы мықты ел — берекелі ел; халқының бақыты да, болашағы да нық болады.

II жүргізуші: Сағындық

Бүгін біз тәуелсіз елміз. Елбасының «Қазақстан–2030» стратегиясы аясында көптеген жұмыстар атқарылып, қалалар көркейіп, ел еңсесі көтеріліп келеді.

Музыкалық бөлім

  • Әнұран: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
  • Ән: «Елім менің»

Сөзжұмбақ: «Тәуелсіздік»

  1. Мемлекетіміздің аты?
  2. Елбасының әкесінің аты?

Оқушылардың өлеңдері

1 оқушы: Әлия

Тәуелсіздік — рухы күшті ғажап күн, Артта қалды бодан болған азап күн. Елім, жерім, қазағым деп тебіренем, Өйткені мен — тәуелсізбін, азатпын.

Мұғалім

Мемлекеттің жарқырар күні алыс емес.

Зухра

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың, Гүлге оранды ауылың мен аймағың. Нұрсұлтаның биіктерге бастады — Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

Орынжан

Нұрсұлтанды тудырған заманалар, Желтоқсан желі, ұл мен қыз... Ажал құшқан сондағы Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы. Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Мирас

Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы, Дара шыңы қазақтың — дана басшы, тудың халық. Топырағы ол туған жердің киелі.

Гүлмаржан

Тұратұғын болашақтың үні кеп, Тартылар күй, айтылатын жыры көп. Ерекше бір еркіндік, бауырлар, Басшымыздың бүгін туған күні деп.

Нұрлы

Әнге толсын барлық қала, ауыл бар, Қағылсын бір барабандар, дабылдар. Елбасының туған күнін ардақтау — Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

Сұхбат және интерактив

Тілші: Сағызбай, Назерке

  • Сұрақ: Президенттің атын кім қойған?
  • Жауап: Наурызбек.
  • Сұрақ: Қазақстанда «Нұрсұлтан» есімді азаматтар өсіп келеді. Осы туралы не дер едіңіз?
  • Жауап: Іңкәр.
  • Сұрақ: Абзал азаматтарға, өзіңізбен аттас балдырғандарға тілектеріңіз қандай?

Интерактивті тақтамен жұмыс

  • Қолмен жазылған хаттар
  • Елбасының өзге ел басшыларымен түскен суреттері
  • Дипломдар мен марапаттар бойынша таныстырылым

Қосымша сұрақ: Елбасының кітап-журнал оқуға уақыты бар ма? Жауап: Медет.

Астанаға саяхат

Тілші: Іңкәр, Астанадан қандай әсер алдың?

Іс-шара барысында естелік кәдесыйлықтар ұсынылады.

Түйін сөздер

Гүлназ

Ошақтың аяғы үшеу болғанымен — ұлт біреу. Ұлт тағдырын ойлауымыз керек. Ұлттық теңгеміз өз бабында.

Сағындық

Осы бағытпен өркендей берсек, жағдайымыз бұдан да жақсаратынына күмән жоқ. Нұр аға — қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызды бағалай білейік.

Хор

Қазақстан — Ақ Орданың іші халқына құт болсын, ынтымақ пен бейбітшіліктің ордасына айналсын.

Қорытынды сұрақтар

  1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіз қандай үлес қосып жүрсіз?
  2. Басшы адам қандай болуы керек?

Бата-тілек

Нұр аға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын.

Ескерту

Президентімізге арналған сабаққа байланысты ақпарат көздері жинақталған: http:www.xfsearchпрезидент