Менің туып өскен жерім көк аспанда бұлты жоқ көк жалауы биіктен желбіреген егеменді Қазақстан

Ой-толғау

Егемен Қазақстан — менің туған елім

Менің туып-өскен жерім — көк аспанда бұлты жоқ, көк байрағы биікте желбіреген егемен Қазақстан. Қазақстан — қазынасы мол, байлығы көп, кең-байтақ өлке.

Өзім туралы

Мен — Аружан Жайдарқызы Айтмолданова. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысымын. Нағашы атамның қолында оқимын, өз үйіміз Алматыда.

Қызығушылығым мен арманым

Оқу озатымын. Ән салып, тақпақ айтамын. Мұқағали Мақатаевтың қырық өлеңін жатқа білемін. Арманым — ақын болу. Мектепте қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысамын.

Білім мен болашақ туралы ой

Тезірек өсіп, жоғары оқу орнына түссем деп армандаймын. Неге дейсіз бе? Жеріміздің байлығын кейде шетелдік кәсіпорындар игеріп жатыр. Сол себепті біз, балалар, жақсы оқып, техниканың тілін білуіміз керек деп ойлаймын. Сонда ғана өз байлығымызды өзіміз игеріп, таудай талаппен жетістікке жетеміз.

Туған жердің көркі

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу: биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі жануарлар бар. Осы өлкеде ата-бабаларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып-өскен. Қазақстанның жері шырайлы, шөбі шүйгін — мен әрқашан мақтан тұтамын.

Қазақстанның кең даласындай кең-байтақ мекен, бәлкім, еш жерде жоқ шығар.

Отан және ана тілі

Халқымызда Отан туралы тағылымды сөздер көп:

  • «Отан — алтын бесігім»
  • «Отан — қуат, болса шуақ»
  • «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл»
  • «Отан — оттан да ыстық»

Ана тілін ардақтау — әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді құрметтеу, оны қастерлеу сезімі өте терең деп ойлаймын.

Тарихтан тағылым

Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өтсе де, ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білді. Өз елі үшін жанын да, барын да аямай еңбек етті. Бұл қасиет біздің жанымызға ана сүтімен даруы, ана тілімен сіңуі, адал еңбектің нанымен бекемделуі тиіс. Өйткені Отан — біз үшін оттан да ыстық.

Қорытынды

Мен өз егеменді Қазақстанымды мақтан тұтамын және шын жүректен жақсы көремін.

Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы