Тақырып Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Қазақстан тарихы, 5-сынып)

Бұл жинақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Ол мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектеседі.

Жинақ ұсыныстық сипатта: білім алушылардың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады. Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Мазмұны

1-тоқсан

Ежелгі адамдар
  • Бөлім: Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі 4

2-тоқсан

Ежелгі көшпелілер • Сақтар
  • Бөлім: Ежелгі көшпелілер өмірі 18
  • Бөлім: Сақтар 25

3-тоқсан

Сақтар • Үйсіндер мен қаңлылар
  • Бөлім: Сақтар 30
  • Бөлім: Үйсіндер мен қаңлылар 39

4-тоқсан

Ғұндар • Сарматтар • Шолу
  • Бөлім: Ғұндар 47
  • Бөлім: Сарматтар 53
  • Бөлім: Ежелгі Қазақстан тарихына шолу 58

1-тоқсан: Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Тақырып: Алғашқы адамдардың өмірі

Қолдану
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы алғашқы адамдардың даму эволюциясын түсіндіреді.

Тапсырма

Суретті қолданып, алғашқы адамдардың даму эволюциясын және антропологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Дескриптор

  • Адамның эволюциялық даму сатыларын ретімен атайды.
  • Ежелгі адамдардың антропологиялық ерекшеліктерін сипаттайды.

Тақырып: Алғашқы адамдардың өмірі

Қолдану
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде көрсету
Бағалау критерийі
Білім алушы алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде анықтайды.

Тапсырма (топтық жұмыс)

Тірек сөздерді қолдана отырып, алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығармашылық түрде таныстырыңыз.

Тірек сөздер

адамдар тобыры, тас дәуірі, шапқы, үңгір, терімшілік, аңшылық

1-топ

Әңгіме құрастыру

2-топ

Көрініс көрсету

3-топ

Сурет салу

4-топ

Макет жасау

Дескриптор

  • Тірек сөздерді қолданып, алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі туралы әңгіме құрастырады.
  • Көрініс арқылы тұрмыс-тіршілікті бейнелейді.
  • Тақырыпқа сай сурет салады.
  • Тұрмыс-тіршілікке қатысты макет жасайды.

Тас дәуірінің тұрақтары: археологтар және ескерткіштер

Археолог-ғалымдарды сәйкестендіру

Білу және түсіну

Оқу мақсаты

5.2.3.1 Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу

Бағалау критерийі

Қазақстандық археолог-ғалымдардың еңбектерін анықтайды.

Тапсырма

Қазақстандық археолог-ғалымдарды еңбектерімен сәйкестендіріңіз.

Ғалым Сипаттама (A–C)
1 Алпысбаев Хасан Алпысбайұлы A
2 Медоев Алан Георгиевич B
3 Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы C

A

Негізгі еңбектері Қазақстан мен іргелес аймақтардағы палеолит дәуірін зерттеуге арналған. Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштерді (Қызылтау, Саяқ, Шоқтас, Қошқорған, Ембі, Өзен және т.б.) ашқан зерттеушілердің бірі.

B

Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірі тұрақтарын тапқан және зерттеген. Оңтүстік Қазақстан өңірінің ежелгі адамдар мәдениетінің ірі ошақтарының бірі екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Қаратауда ашылған ерте палеолиттік тұрақтарды зерттеген.

C

Батыс Қазақстан мен Балқаштың солтүстік жағалауындағы палеолиттік ескерткіштерді зерттеген топты басқарған. 1996 жылы Шыңғыс жотасындағы тұрақтарды ашқан.

Дескриптор

  • Алпысбаевтың еңбегін анықтайды.
  • Медоевтың еңбегін анықтайды.
  • Таймағамбетовтың еңбегін анықтайды.

Венн диаграммасы: Батпақ және Шебір

Қолдану

Оқу мақсаты

5.2.2.1 Археологиялық ескерткіштерді сипаттау

Бағалау критерийі

Тас дәуірінде Қазақстан аумағында табылған археологиялық ескерткіштерді анықтайды.

Тапсырма

Венн диаграммасына Батпақ және Шебір тұрақтарының 3 ұқсастығын және 3 айырмашылығын жазыңыз.

Дескриптор

  • 3 ұқсастықты анықтайды.
  • 3 айырмашылықты анықтайды.

Еңбек құралдары мен қару-жарақ

Қолдану

Оқу мақсаты

5.4.2.1 Еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін сипаттау

Бағалау критерийі

Тас дәуірінің еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін анықтайды.

Тапсырма

Кестедегі еңбек құралдарын сипаттап, берілген суреттерді ұғымдармен сәйкестендіріңіз.

Атауы Сәйкестендіру
1 Үшкір тас a / b / c
2 Шапқы a / b / c
3 Қырғыш a / b / c

Дескриптор

  • Еңбек құралдарын сипаттайды.
  • Суреттер бойынша құралдарды кестедегі ұғымдармен сәйкестендіреді.

Шаруашылықтағы өзгерістер және құралдардың жетілдірілуі

Қолдану

Оқу мақсаты

5.4.1.1 Ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау

Бағалау критерийі

Тас дәуіріндегі кәсіп түрлерін анықтайды.

Тапсырма

Суреттердегі ежелгі адамдардың кәсіптерін анықтаңыз: суретке тақырып қойып, қысқаша сипаттама беріңіз.

Дескриптор

  • Алғашқы кәсіп түрлерін атайды.
  • Суреттерге тақырып қояды.
  • Суреттер бойынша кәсіп түрлерін сипаттайды.

Мезолит және неолит: жаңа еңбек құралдары

Қолдану

Оқу мақсаты

5.4.2.1 Еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау

Бағалау критерийі

Мезолит пен неолит дәуірлерінде пайда болған еңбек құралдарын анықтайды.

Тапсырма

Кестеде берілген еңбек құралдарының не үшін қолданылғанын жазыңыз.

Еңбек құралы Қолданылуы
Микролит
Садақ пен жебе
Дәнүккіштер
Келі, келсап

Дескриптор

  • Микролиттің қолданылу мақсатын көрсетеді.
  • Садақ пен жебенің қолданылу мақсатын көрсетеді.
  • Дәнүккіштің қолданылу мақсатын көрсетеді.
  • Келі мен келсаптың қолданылу мақсатын көрсетеді.

Ботай мәдениеті: мәтінмен жұмыс

Тақырып: Ботай мәдениеті

Қолдану

Оқу мақсаты

5.4.1.1 Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау

Бағалау критерийі

Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің шаруашылығын анықтайды.

Тапсырма

Мәтіннен ботайлықтарда мал шаруашылығы дамығанын дәлелдейтін дәйектерді табыңыз. Ботайлықтардағы мал шаруашылығының дамуын сипаттаңыз.

Дескриптор

  • Мәтіннен мал шаруашылығы дамығанын көрсететін дәйектерді атайды.
  • Мал шаруашылығының дамуына сипаттама береді.
  • Еуразия даласында жылқыны алғаш қолға үйреткендердің бірі ботайлықтар екенін атайды.

2-тоқсан: Ежелгі көшпелілер өмірі және Сақтар

Қазақстан аумағында темірдің игерілуі

Білу және түсіну

Оқу мақсаты

5.4.2.2 Металл өндірісінің жетілуі шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру

Бағалау критерийі

Темір өндірісінің шаруашылықтың дамуына тигізген ықпалын сипаттайды.

Тапсырма

Темір өндірісінің мал шаруашылығына, егіншілікке және қолөнерге тигізген ықпалын түсіндіріңіз.

Мал шаруашылығы

...

Егіншілік

...

Қолөнер

...

Дескриптор

  • Темір өндірісінің мал шаруашылығына әсерін түсіндіреді.
  • Темір өндірісінің егіншілікке әсерін түсіндіреді.
  • Темір өндірісінің қолөнерге әсерін түсіндіреді.

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Білу және түсіну • Қолдану

Оқу мақсаты

5.4.1.2 Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру

Бағалау критерийі

Ежелгі шаруашылық түрлерінің қалыптасу себептерін анықтайды және Қазақстан аумағында таралу аймақтарын көрсетеді.

Тапсырма

  1. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себептерін көрсетіңіз.
  2. Кескін картада темір дәуірінде мал шаруашылығы мен егіншілік дамыған аймақтарды түрлі түстермен белгілеңіз. Шартты белгілер жасаңыз.
  3. Егіншіліктің қалыптасу себептерін көрсетіңіз.

Дескриптор

  • Темір дәуірінде егіншілік кең таралған аймақтарды картада белгілейді.
  • Темір дәуірінде мал шаруашылығы кең таралған аймақтарды картада белгілейді.
  • Егіншіліктің қалыптасу себептерін атайды.
  • Мал шаруашылығының қалыптасу себептерін атайды.

Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі

Білу және түсіну

Оқу мақсаты

5.2.2.6 Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу

Бағалау критерийі

Көшпелілер өркениетінің әлемдік өркениетке қосқан жаңалықтарын түсіндіреді.

Тапсырма

Мәтіндегі бос орындарға қажетті сөздерді қойып, көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан жаңалықтарын түсіндіріңіз.

Қажетті сөздер

қола дәуірінің соңы, үзеңгі, меридиан, жылқы

1) ... қолға үйрету — адамзат өркениетіндегі ең үздік жетістіктердің бірі.

2) Олар ..., ауыздықты, ерді ойлап тапты.

3) Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастауы ..., темір дәуірінің басына сәйкес келеді.

4) Орталық және Батыс Қазақстанда ... бойымен көшу қалыптасты.

Дескриптор

  • Жылқыны қолға үйретудің маңызын анықтайды.
  • Ат-әбзелдерінің (үзеңгі және т.б.) жаңалық екенін көрсетеді.
  • Көшпелі мал шаруашылығының қалыптаса бастаған уақытын көрсетеді.
  • Көшу бағытының ерекшелігін көрсетеді.

Сақтар: карта және деректер

Қолдану

Тақырып: Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Оқу мақсаты: 5.3.1.1 Картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету

Тапсырма: Кескін картаға сақ-массагеттер, сақ-исседондар, сақ-аргиппейлер және сақ-аримаспылар тайпаларының Қазақстан аумағындағы географиялық орналасуын белгілеңіз.

Дескриптор

  • Сақ-массагеттердің орналасуын белгілейді.
  • Сақ-исседондардың орналасуын белгілейді.
  • Сақ-аргиппейлердің орналасуын белгілейді.
  • Сақ-аримаспылардың орналасуын белгілейді.

Авторлар пікірін сәйкестендіру

Оқу мақсаты: 5.3.1.2 Ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру

Тапсырма: Авторларды олардың пікірлерімен сәйкестендіріңіз.

Автор Пікір (A–B)
1 Дарий патша A
2 Геродот B

A

«Шырақ есімді бір сақ өзін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, көсемінен жәбір көргендей болады. Парсы әскерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлге адастырады. Шырақтың алдағанын білген парсылар оны өлтіреді. Осыдан кейін Дарий I қырғынға ұшырап, әрі қарай соғыса алмай, Персияға қайтады».

B

Томирис туралы пікір (үзінді толық берілмеген). Мәтіннің жалғасын қосып, тұжырымды анықтаңыз.