Республикам әнұраным

Тәрбие сағаты туралы мәлімет

Мектеп

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектеп.

Мұғалім

I санатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы.

Тақырып

Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік.

Мақсаты

  • Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі 15 жыл ішіндегі жетістіктерімен таныстыру, білім көкжиегін кеңейту.
  • Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға тәрбиелеу; болашақ Қазақстанды өркендету үшін білімді азамат керек екенін ұғындыру.
  • Тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу; Отан үшін жанын аямайтын елжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Әдістер мен көрнекіліктер

Қолданылған әдістер

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілікпен жұмыс (плакат, суреттер)

Көрнекіліктер

  • Қанатты сөздер
  • Қазақстан Республикасының Әнұраны
  • Елтаңба, Ту
  • Президент Н. Назарбаевтың суреті
  • Буклет

Ұран

Тәуелсіздіктің тура жолы – білім.

Сабақ барысы: мазмұн және сценарий

1) Ұйымдастыру

1-жүргізуші

Құрметті қонақтар, сыныбымызға қош келдіңіздер! Сіздердің жақсы көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға сынып ұжымы зор сенім білдіреді. Бүгін 3-сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.

2-жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді 16 желтоқсан — Тәуелсіз Қазақстанымыздың 15 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.

1-жүргізуші (өлең жолдары)

Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім — сөйлер сөзім.
Туған жерім — сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республикам әнұраным.

Хор

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

2) Кіріспе

Мұғалім оқушыларды тәуелсіздіктің мәні, тарихи жады және білімнің құндылығы туралы ойлануға бағыттайды.

3) Негізгі бөлім

Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзі

Біз — қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

15 жыл: тарихи шежіре

Жүргізушілер тәуелсіздіктің алғашқы 15 жылын тебіреніспен еске алып, оқушыларды жылдар арқылы тарихты тануға шақырады.

1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006

Көрініс: «Егемендік деген не?»

Сахна

Ақырын басып қарт ата шығып, орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде немересі жүгіріп келеді.

Немересі

Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы

Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды, еліміздің ертеңін, өткен өмірді ойлаймын.

Немересі

Ата, өткен өмір деген не?

Атасы

Өткен өмір — ата-бабаларымыздың сонау ертеден келе жатқан өмір жолы, тарихы.

Немересі

Ал ол қандай болған?

Атасы

Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым — кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды білуге тиіссің. Бұл тарих — ата-бабаларымыздың қазақ руларының басын қосып, халық болып қалыптасуынан басталады.

Буклетпен жұмыс

2-жүргізуші буклеттегі жылдар мен деректерге сүйеніп, өткен өмір мен тәуелсіздікке бастар жол туралы әңгімелейді.

Атасы

Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлемге елімізді таныттық.

Немересі

Ата, егемендік деген не?

Атасы

Егемендік — «ие өзім» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көгенкөз.

Егемендік — ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.
Егеменді деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Міне, егемендік деген осы. Енді көк байрағымыз желбіреп, айбынды Әнұранымыз асқақтап, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде тұр. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым!

Оқушы ойтолғауы: эсселер

Оқушылар «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында эссе жазып, тәуелсіз елдің 15 жыл ішіндегі жаңалықтары мен табыстары туралы өз ойларын ортаға салады.

Мұғалімнің пікірі

Балалардың ойлары мазмұнды әрі көңілге қонымды. Жетістіктерді нақты атап, тәуелсіздіктің мәнін түсінуге талпыныс жасағандары қуантады.

«Тәуелсіз Қазақстан» әдеби-музыкалық концерт

  • 1 Ән: «Елім менің» — Әліби
  • 2 Би: Қазақ биі — Бағнұр
  • 3 Ән: «Қазағым — елім» — Гүлжан
  • 4 Би: «Қамажай» — топ қыздар (Арайлым, Гүлжамал)
  • 5 Ән: «Туған елім» — Бақытжамал, Нұрсұлтан

4) Қорытынды бөлім

Бүгінгі білім — ертеңгі байлығымыз!

Сұрақ

Біз бүгін тәрбие сағатында не туралы білдік?

Жауап

Тәуелсіз еліміздің 15 жыл ішіндегі табыстары туралы және тәуелсіздіктің мәні туралы білдік.

Сұрақ

Біз гүлденген Қазақстанға қандай үлес қосуымыз керек?

Жауап

Жақсы оқу, үлгілі тәртіп сақтау, үлкенді сыйлау, талмай іздену және алға ұмтылу.

Ой түйін

Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан». Ендеше, еліміздің өркендеуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық.

XXI ғасыр — білім ғасыры. Мұғалімнің мақсаты — білімді, сауатты, еңбекқор балаларды тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдыландыру және болашақ көшбасшыларды қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы жылдан-жылға өсіп-өркендеп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Ендеше, Қазыбек би бабамыздың ақ батасын тыңдайық.

Қаз дауысты Қазыбек бидің ақ батасы

Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы да сұлу болсын,
Ұлдарымыз намысты болсын!
Қалада болсын, мейлі қырда болсын,
Келген-кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын,
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
Халқымыз ғасыр табалдырығын
Қазақша сөйлеп аттайтын болсын!
Әумин!

Қорытынды

Соңында қонақтарға сөз беріледі. Сабақ аяқталады. Хош сау болыңыздар!

Дереккөз

Источник: http:wwwtarbie240-t16.html