Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, асты қайғы - қасіретке толы қаралы сөз

Соғыс жайлы ой

Соғыс — атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл қасірет — Ұлы Отан соғысы еді.

Неміс фашистерінің отарлап, билік құруды көздеген жоспарына халқымыздың батыр ұл-қыздары төрт жыл бойы қажымас ерлігімен тосқауыл болды. Одақ құру арқылы Германия мен Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болғанымен, бейбіт өмір сүріп жатқан халықтың берекесін алған бұл зұлымдық ақыры іске аспай, соғыстың зардабын өздері де тартты.

Негізгі деректер

  • Бұл соғысқа әлемнің әр түкпірінен 61 мемлекет қатысты.
  • Төрт жылға созылған ауыр кезеңде халық төзім мен бірліктің үлгісін көрсетті.

Ерлік есімдері — ел жадында

Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі тарихта өшпес із қалдырды. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин секілді батырларымыздың жанқиярлық еңбегі мен қайсарлығының арқасында бүгінгі тату тірлігімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге жеттік.

Құрметтің көрінісі

Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне арналған түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Олардың есімдері көшелерге беріліп, кітап-жинақтар жарық көруде, елді мекендер мен ауыл атаулары да батырлар есімімен аталып жүр.

Ұрпаққа аманат

Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті. Жеңіс үшін олар аянбай күресті, бар күш-жігерін сарп етті. Сондықтан батыр ата-әжелеріміздің ерлігін ұмытпай, жадымызда мәңгі сақтайық.

Ерлік — өткеннің естелігі ғана емес, бүгінгі бейбіт өмірдің бағасын ұқтыратын ұлы сабақ.