Жиырма жылдық кездесу

Қожабақы мектебінің вальсі әнінен

Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді —
Мектептің мақтанышы – түлектерін.

Жиырма жылға жалғасқан сағыныш

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің кездесуін ұйымдастыру ниетімен, алдын ала өзара дастарқан басында ақылдасу жүріп жатты. Бұлар — 1963 жылы туған, 1980 жылы мектеп бітірген 31-түлектер.

Бастаманы көтерген сөз

Дастарқан басында отырған, бүгін есейіп, еңсесі тіктелген кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөз сөйледі:

«Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырмыз. Осыған бір өлең арналса», — деді.

Рүстембек Құлжановтың сыныптастары шынында да 20 жылдық кездесудің бастамашылары еді. Содан бері мұндай басқосу дәстүрге айналып, жалғасын тауып келеді.

Рас, 20 жылдық кездесу өткізу кеңес дәуірінде де болған: сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырғаны белгілі. Дегенмен дәл осындай кездесулердің тәуелсіздіктен кейін тұрақты үрдіске айналғаны — ақиқат.

«Қыр басына шыққан түлек» деген кім?

Осы отырыста Рүстембек Құлжанов ағамыздың аузынан шыққан «қыр басына шығу», «қыр басына шыққан түлек» деген тіркестердің астарында терең мән бар.

Мектептің ең әуелі аталатын адамдары

Республикада қанша мектеп болса да — қалалық болсын, ауылдық болсын — әрқайсысының өз «қыр басына шыққан» түлектері болады. «Кімің бар?» дегенде, ең алдымен солардың есімі ауызға ілігеді.

Қоғамға көрік, кейінгілерге бағдар

Олар мектептің әлеуетін айқындайтын, оның жылдар бойғы еңбегін айшықтайтын тұлғалар. Сонымен қатар ата-ана мен ұстаз бала жүрегіне үлгі етіп ұсынатын бейне — көбіне солар.

Түлектердің жарқын бейнелері

  • Медалистер, «Алтын белгі» иегерлері
  • Ғалымдар, профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттары
  • Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері
  • Ғылымда жазылған еңбектердің авторлары
  • Бизнес, саясат, басшылық қызметте жоғары нәтижеге жеткен азаматтар
  • Өнер мен спортта дараланған, елге танылған тұлғалар

Абай сөзімен үндесу

Бұл ой Абайдың өнегелі өлең жолдарымен де үйлесіп тұрғандай:

Жамандық көрсең нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз. Жақсылық көрсең ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз. Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз. Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз. «Ондай болмақ қайда?» деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз.

Дегенмен Рүстембек Құлжанов сынды азаматтардың 20 жылдық кездесуге бастамашы болып, оны ұйымшылдықпен өткізуінің өзі — бір жағынан «қыр басына шығудың» айғағы. Бұл — әке, ана атанған сананың есейіп, байыпқа келуі, жауапкершіліктің биігіне көтерілуі.

Соңғы қоңыраудағы бір сәт

Мамырдың 25-і күні 20 жылдық кездесу өткізетін түлектер ауылдық мәдениет үйіне соғып, салтанатты соңғы қоңырау кешінің қонағы болды. Сахнада — жас түлектер. Ал 20 жыл бұрын дәл осы сахнада олар да осылай тұрған еді.

Сол кезеңдегі талай соңғы қоңырау талай ақ фартук киген қыздардың жүрегін толқытып, көзге жас үйірген сәттерді еске түсіретін.

Көрші ауылдың ұстазы оқыған арнау

Сөз 20 жылдық кездесу өткізуші түлектердің арасынан көрші ауылда ұстаздық қызмет атқаратын Табиғат Жиенәлиеваға берілді. Ол жас түлектерді құттықтап, 31-түлектердің құрметіне арналған өлеңін оқыды.

Жиырма жылдық кездесу

Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өттім. Жиырма жыл — жатыр сонда бар тағдырым, Қас қағым болғандай-ақ зырлап өткен. Күн келді түлек әні шырқалатын, Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын. Келді олар артта қалған балалықтың Ән қылып көтерсем деп шырқап атын. Тағдырын тура жазып өткеніне, Келгендей бала кездің көктеміне. Оралды олар, міне, ұстазына, Оралды олар, міне, мектебіне. Сағым жыл жанға алаулы жағар отты, Олар да күні кеше бала бопты. Бүгінде жігіттері әке атанып, Қыздары сәбилерге ана бопты. Емес пе еді кеше оларды бала көрер, Өзгертіп уақыт та сала берер. Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға Әлі сол түлек болып қала берер. Осы ғой өмірдің де нандырмағы, Жұлдызын жарқыратып жандырғаны. Жиырма жыл — жиырма көктем, жиырма жазда Сан түрлі болды олардың тағдырлары. Сан түрлі өтті олар өткелдерден, Ызғарлы, өтті-дағы көктем күннен. Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен Бас қосты сыр айтуға өткен күннен. Тергендей бала шақтан дала гүлін, Олардың ұқшы сырын дара бүгін. Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде Іздеп тұр олар қазір балалығын...

Қыр басына шыққан түлек Түлек кездесуі Жиырма жылдық кездесу Мектеп Facebook