Білім алушы
Құрметті мұғалім!
Бұл қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік көмек құралы ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Нені ұсынады?
- Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар.
- Қалыптастырушы бағалауды өткізуге арналған үлгі құрылым.
- Сабақты жоспарлауға және ұқсас тапсырмалар құрастыруға тірек.
Қалай қолдануға болады?
Жинақ ұсыныстық сипатта берілген. Білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады.
Қосымша ресурстар
Нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар, форум талқылаулары және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Кімдерге арналған?
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан
- 1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
- 2-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындары
2-тоқсан
- 3-бөлім: Акробатика негізіндегі гимнастика
- 4-бөлім: Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары
3-тоқсан
- 5-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
- 6-бөлім: Қозғалыс және спорт ойындары
4-тоқсан
- 7-бөлім: Акробатика негізіндегі гимнастика
- 8-бөлім: Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары
1-тоқсан: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
1-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығуларды орындау кезінде тиісінше жауап беріп, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керектігін түсінеді және көрсетеді.
Бағалау критерийі
- Денсаулықты нығайту және шынықтыру үшін жаттығулар орындайды.
- Жаттығу барысында кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды.
Тапсырма
Суретте бейнеленген дене жаттығуларын орында. Орындау барысында кездесетін қиындықтар мен тәуекелдерді анықта.
Дескриптор
- Жаттығуларды ретімен және белсенді орындайды.
- Орындау барысында қиындықтарды анықтайды.
- Жаттығулардағы тәуекелдерді атайды.
- Құралдарды орынды пайдаланады.
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.1.1 Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпалын көрсете біледі және түсінеді.
Бағалау критерийі
- Ойындар арқылы қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындайды.
- Қимыл-қозғалыстың сауықтыру пайдасын сипаттайды.
Тапсырма
«Үшіншісі артық» ойынын ойна. Ойын ережесін сақта және денсаулыққа пайдалы әрекеттерді қолдан. Ойынның денсаулықты нығайтуға тигізетін пайдасы туралы әңгімеле.
Ойын шарты
Команда ойыншылары алаң ішінде жұппен орналасады. Жетекші және ойыншылардың бірі сызықтан тыс тұрады. Жетекші қашушыны ұстауға ұмтылады, ал қашушы жұптардың бірінің алдына тұра алады. Сол кезде жұптың соңғы ойыншысы «үшінші артық» болып, жетекшіден қашады. Егер жетекші бос ойыншыны ұстап алса, олар рөлдерімен ауысады.
Дескриптор
- Ойынға белсенді қатысады.
- Ойындағы сауықтыру қозғалыстарының пайдасын анықтайды.
- Ойын барысында денсаулыққа пайдалы әрекеттерді қолданады.
Тақырып
Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.2.1 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіреді.
Бағалау критерийі
- Денені ширату және қыздыру әрекеттерінің кешенін орындайды.
- Демді ретке келтіру мен босаңсудың денсаулыққа пайдасын сипаттайды.
Тапсырма
Әртүрлі қарқында жүгіру арқылы денені қыздыру және демді ретке келтіру жаттығулары топтамасын орында. Олардың денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы айт. Сабақ соңында ағзаны қалпына келтіруге арналған жаттығуларды жаса.
Ұсынылатын элементтер
Дескриптор
- Денені қыздыру және ширату жаттығулары топтамасын орындайды.
- Жаттығулар кешенінің денсаулыққа пайдасын түсіндіреді.
- Босаңсу және демді ретке келтіру жаттығуларын көрсетеді.
Тақырып
Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.3.1 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді.
Бағалау критерийі
- Физикалық өзгерістерді анықтап, бірқатар стратегияны қолданып көрсетеді.
Тапсырма
Топтық іс-әрекеттерді орында. Стратегияларды дұрыс қолдан.
Ойын шарты
Бірінші қатысушы допты алып жүгіріп, шеңберге қалдырады. Қайта келіп, тағы бір допты алып, оны да шеңбердің қасына қалдырады. Командасына оралған соң, келесі ойыншы осы доптарды бір-бірден алып келеді. Ойын осылай жалғасады.
Дескриптор
- Физикалық өзгерістерді анықтайды.
- Жүгіру және тоқтау дағдыларын орындауда стратегияларды пайдаланады.
- Әрекеттерді қателіксіз орындауға ұмтылады және көрсетеді.
Тақырып
Лақтыру, секіру және жүгіру түрлері
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.1.2.1 Дене дамуына арналған түрлі жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.
Бағалау критерийі
- Денеге әсер ететін қарапайым жаттығуларды орындайды.
Тапсырма
- Тапсырманы жеке және жұппен орында. Сызық бойында тұрып (бормен сызылған сызық немесе керілген жіп), 30 секунд бойы сызыққа тимей секір. Жеке және жұппен орындалатын секіру жаттығуларының айырмашылығын анықта.
- Қарғымақпен еркін секіру жаттығуларын көрсет.
Дескриптор
- Түрлі секіру әдістерін орындайды.
- Жеке және жұппен орындалатын секіру жаттығуларының айырмашылығын анықтайды.
- Секіру дағдыларының үйлесімді орындалуын көрсетеді.
Тақырып
Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.1.1.1 Негізгі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыс машықтарын біледі, түсінеді және жетілдіруді жалғастырады.
Бағалау критерийі
- Жаттығуларға негізделген қарапайым қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындайды.
Тапсырма
Командаға бөлініп, жарыс түрінде келесі дағдыларды орында: қарғымақпен секіру, гимнастикалық орындықтан секіру, допты қабырғаға лақтырып қағып алу.
Дескриптор
- Секіру жаттығуларының түрлі дағдыларын қолданады.
- Секірулерді үйлесімді орындайды.
- Допты лақтыру дағдыларын тиімді пайдаланады.
- Допты лақтыру және қағып алу әрекеттерін үйлесімді көрсетеді.
Тақырып
Эстафета элементтері бар жеңіл атлетика
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алуға болатынын қарастырады және түсіндіреді.
Бағалау критерийі
- Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысу мүмкіндіктерін анықтайды.
Тапсырма
«Өткел» ойынын ойна. Кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөлісу мүмкіндігін сипатта.
Ойын шарты
Сынып екі командаға бөлінеді. Сөре сызығынан 15–20 метр қашықтықта гимнастикалық шеңбер қойылады. Белгі бойынша қатысушылар қол ұстасып шеңберге дейін жүгіреді. Біреуі шеңберде қалады, екіншісі тағы бір қатысушыны алып келеді. Барлығы шеңберге жиналғаннан кейін, сол әдіспен жұптасып кері қайтады.
Дескриптор
- Кеңістікте тепе-теңдікті сақтап жүгіреді.
- Жеке және жұппен қарапайым тасымалдау тәсілдерін қолданады.
- Кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөлісу мүмкіндігін сипаттайды.
2-бөлім. Қозғалыс және спорт ойындары
Тақырып
Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.8.1 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде басқалардың рөлін түсінеді және көрсетеді, айырмашылықтарын ұғынады.
Бағалау критерийі
- Қарапайым қозғалыс әрекеттерін орындауда рөлдердің маңызын анықтайды.
Тапсырма
«Барлығы бір себетте» ойынын ойна. Жеңіске жету үшін қатысушылардың рөлі қандай ықпал ететінін түсіндір.
Ойын шарты
Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Әр ойыншының қолында доп болады. Белгі бойынша әрқайсысы өз нысанасына қарай допты алып жүреді. Нысанаға тигізгенше допты 3 рет лақтырады. Тигізген немесе барлық әрекетті орындаған соң, допты алып жүріп өз орнына қайта оралады. Мәреге бірінші жеткен команда жеңеді.
Түрлі бастапқы қалыптан бастауға болады: отырып, тізерлеп, арқасымен жатып және т.б. Лақтыруды тоқтағаннан кейін де, қозғалыс кезінде де орындауға болады.
Дескриптор
- Ойында әділ бәсекелестік пен келісімді әрекеттерді ұстанады.
- Қозғалыс қызметінде қатысушылар рөлінің маңызын сипаттайды.
Тақырып
Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.1.2.1 Дене дамуына арналған түрлі жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.
Бағалау критерийі
- Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығулардағы қозғалыстарды орындайды.
Тапсырма
Ойыншылар шеңберде тұрып, допты түсіріп алмай көршісіне жылдам беруге тырысады. Ойынды допты барынша жылдам лақтыру арқылы, шеңберде арқамен тұрып және қолды артқа ұстап беру арқылы күрделендіруге болады. Қалауыңша көзді жұмып ойнауға немесе бір мезетте бірнеше доп қолдануға болады.
Дескриптор
- Іс-әрекеттердегі қозғалыс қарқынын көрсетеді.
- Бірқалыпты қозғалыстың маңызын түсіндіреді.
Тақырып
Қозғалыс координациясына бағытталған қозғалмалы ойындар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.2.1 Мақсатқа жетуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып жұмыс істей бастайды.
Бағалау критерийі
- Мақсатқа жету үшін жеке және командалық әрекеттерді ұтымды қолданады.
- Тапсырма барысында рөлдерді анықтап, көшбасшылық дағдыларын қолданады.
Тапсырма
Суретке мұқият қара. «Қазан» ойынының шартты ережесін анықта. Ойындағы рөлдерді бөліп, көшбасшылық дағдыларды қолдан.
Дескриптор
- Ойынның шартты маңызын анықтайды.
- Жеке және командалық рөлдерді анықтайды.
- Ойында көшбасшылық дағдыларды қолданады.
Тақырып
Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.1.1 Қозғалыс идеялары, стратегиялар және жоспарлар бойынша баламаларды талдау үшін проблемаларды шешу әдістерін қолданады.
Бағалау критерийі
- Ойын барысында қозғалыс идеяларын, стратегияларын және баламалы нұсқаларды ұсынады.
- Қиындықтарды жеңілдету үшін шешім қабылдайды.
Тапсырма
Командалық «қуаласпақ» ойынын ойна. Қиындықтарын анықта. Балама нұсқасын, сондай-ақ өз идеяң мен стратегияңды ұсын.
Дескриптор
- Жеке және топтық стратегияларды қолданады.
- Ойында кездесетін қиындықтарды жою тәсілдерін анықтайды.
- Ойынның баламалы нұсқасының шарттарын ұсынады.
Тақырып
Шапшаңдыққа бағытталған қозғалмалы ойындар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.3.1 Түрлі жаттығуларды орындауда қолайлы оқыту ортасын құрудың маңызын мойындап, идеяларды, ресурстарды, кеңістікті және білімді қолданады.
Бағалау критерийі
- Ресурстар мен кеңістікті орынды пайдаланып, өз идеясын іске асырады.
Тапсырма
«Доп жоғарыға!» ойынында ресурстар мен кеңістікті тиімді пайдалану жолдарын анықта. Ойын ережесін сақтап ойна.
Дескриптор
- Кеңістікті жеке және топпен тиімді пайдаланады.
- Жеңіске жету үшін өз идеясын ұсынады.
- Ойында үйлесімді қозғалыстар орындайды.
Тақырып
Ұжымда жұмыс істеу
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алуға болатынын қарастырады және түсіндіреді.
Бағалау критерийі
- Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысу мүмкіндіктерін анықтайды.
Тапсырма
Ойынның шартын анықта. «Пионербол» ойынын жеңілдетілген ережемен ойна.
Дескриптор
- Ойын ережесі мен шарттарын сақтайды.
- Ойында түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстарды орындайды.
- Қозғалыстардың үйлесімділігін сақтайды.
2-тоқсан: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
3-бөлім. Акробатика негізіндегі гимнастика
Тақырып
Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығуларды орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керектігін түсінеді және көрсетеді.
Бағалау критерийі
- Денсаулықты нығайту үшін жаттығулар орындайды.
- Жаттығудағы қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды.
Тапсырма
Жаттығу барысында денеге түсетін қиындық пен тәуекелді, сондай-ақ жүктемені анықта және көрсет. Төмендегі акробатикалық элементтер кешенін орында: «Қарлығаш» (кез келген аяқта), алға домалау, арқаға жату қалпынан көпір, арқамен жату, тұру және т.б.
Дескриптор
- Жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды анықтайды.
- Гимнастикалық жаттығуларды орындау кезінде тәуекелдерді анықтайды.
- Денеге түсетін жүктемені анықтап, көрсетеді.
Тақырып
Аэробика элементтері бар гимнастика
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.2.1 Дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсыту маңызын түсіндіреді.
Бағалау критерийі
- Қозғалмалы ойындарда денені ширату және қыздыру жаттығуларын орындайды.
- Демді ретке келтіру мен босаңсудың денсаулыққа маңызын анықтайды.
Тапсырма
Денені қыздыру және босаңсытуға арналған жаттығулар кешенін орында. Олардың маңызын анықта.
Дескриптор
- Денені қыздыру жаттығуларын орындайды.
- Денені босаңсыту жаттығуларын ретімен орындайды.
- Жаттығулардың пайдасы мен маңызын анықтайды.
Тақырып
Аэробика элементтері бар гимнастика
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.1.2.1 Дене дамуына арналған түрлі жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керектігін біледі және түсінеді.
Бағалау критерийі
- Денеге ықпал ететін қарапайым жаттығуларды орындайды.
Тапсырма
Аэробика элементтері бар гимнастикалық жаттығуларды орында. Жаттығудың денсаулыққа қажеттілігі мен маңызын сыныптастарыңмен талқыла.
Дескриптор
- Аэробика жаттығуларының топтамасын орындайды.
- Жаттығуларда құралдарды тиімді пайдаланады.
- Жаттығулардың қажеттілігі мен маңызын талқылайды.
- Реттілігін, орындалу ерекшеліктерін және пайдасын көрсетеді.
Тақырып
Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.1.5.1 Орындау және бағалау кезінде іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсетеді және анықтайды.
Бағалау критерийі
- Жаттығуларды орындауда іс-қимыл, кеңістік және динамиканы байланыстырып көрсетеді.
Тапсырма
Акробатикалық жаттығуларды орындауда іс-қимылды, кеңістікті және динамиканы байланыстырып көрсет: алға домалау, артқа домалау, жауырынға тұру. Жаттығудың балама нұсқасын сыныптасыңмен бірге құрастырып, көрсет.
Дескриптор
- Іс-қимыл, кеңістік және динамиканы өзара байланыстырып көрсетеді.
- Жаттығудың балама нұсқасын ұсынады.
Тақырып
Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.1.4.1 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуды орындау сапасын талқылайды.
Бағалау критерийі
- Өзінің орындау деңгейін анықтап, салыстырады.
- Өзгелердің қозғалыс дағдыларының үйлесімділігіне және сапасына мән береді.
Тапсырма
Кіші ағаш аттан қолды тіреп секіру жаттығуларын орында.
Дескриптор
- Секіру жаттығуын орындайды.
- Секіру түрлерінің әдістерін қолданады.
- Секіру қозғалыстарындағы үйлесімділікті көрсетеді.
Тақырып
Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.2.1 Мақсатқа жетуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсінеді. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып жұмыс істей бастайды.
Бағалау критерийі
- Мақсатқа жету үшін жеке және командалық әрекеттерді ұтымды қолданады.
- Рөлдерді анықтап, көшбасшылық дағдыларды қолданады.
Тапсырма
«Бөренедегі жарыс» ойынында рөлдерді анықтап, көшбасшылық дағдыны көрсет. Ойын барысында тепе-теңдікті дамытуға назар аудар.
Дескриптор
- Ойын ішіндегі рөлдерді анықтайды.
- Көшбасшылық дағдыны көрсетеді.
- Тепе-теңдік жаттығуларын орындайды.
- Тиісті тактикаларды қолданады.
Тақырып
Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.5.1 Өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы білімін қолданады.
Бағалау критерийі
- Тапсырманы орындау және талдау барысында ұтымды ұсыныс береді.
Тапсырма
Тепе-теңдікті дамытуға арналған әртүрлі қозғалмалы ойындарға қатыс. Жеке дағдыларыңды дамытып, ұтымды ұсыныс бер.
Дескриптор
- Тепе-теңдікті сақтап, кеңістікте қарқынды әрі мәнерлі қозғалады.
- Жеке және жұппен әрекетте тактиканы қолданады.
- Өзінің және өзгенің қажеттілігіне қарай ұтымды ұсыныстар жасайды.
4-бөлім. Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары
Тақырып
Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.2.7.1 Патриотизмнің мағынасын түсіндіреді, топтық және дербес қимылдарда өзара іс-қимыл мен адал ойынды көрсетеді.
Бағалау критерийі
- Ұлттық ойындардағы әрекеттер арқылы патриотизмнің мағынасын анықтап, пікір білдіреді.
- Бәсекелестікте адал ойын қағидаларын ұстанады.
Тапсырма
Сыныптастарыңмен патриотизмнің мағынасын талқыла. Ұлттық ойынды ойна: «Оқтау тарту», «Арқан тарту».
Дескриптор
- Ұлттық ойындардағы патриоттық мағынаны талқылайды.
- Ойындардың маңызы мен айырмашылығын анықтайды.
- Ережені сақтап, әділ бәсекелестікпен ойнайды.
Тақырып
Қазақтың ұлттық ойындарына баулу
Ойлау дағдылары
Қолдану
Оқу мақсаты
3.3.5.1 Түрлі дене қызметтеріне қатысу мүмкіндігін қалай алуға болатынын қарастырады және түсіндіреді.
Бағалау критерийі
- Түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатысу мүмкіндіктерін анықтайды.
Тапсырма
«Жапалақтар мен қарлығаштар» ойынын ойна.
Ойын шарты
Балалар екі топқа бөлінеді: бір топ — қарлығаштар, екінші топ — жапалақтар. Бір ойыншы жүргізуші болады. Екі топ бір-біріне арқасын беріп, екі қатарға тізіледі. Жүргізуші саптың ортасымен жүріп келе жатып «Қар…» немесе «Жап…» деп дауыстайды. Топтың атауы толық айтылмайынша орнынан қозғалуға болмайды. Атауы аталған топ қарсы топты қуады, ал екінші топ белгіленген аумақтан асып кету үшін қашады. Қолға түскен ойыншылар қуған топтың мүшесіне айналады.
Дескриптор
- Ойын ережесін сақтайды.
- Қозғалыстың маңызын анықтайды.
- Әртүрлі әрекеттерді қолданып, ойынды жүргізеді.
Ескерту
Берілген мәтін үзіндісі «Көмбе алу» ойынының сипаттамасында үзіліп қалған. Егер толық мәтінді жіберсеңіз, осы бөлімді де бірізді форматта толық өңдеп, безендіріп беремін.