Қызыл телпек

Тақырыбы

Ертегілер әлеміне саяхат

Мақсаты

  • Балаларға шын көңілден шаттық сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
  • Мереке атауларымен таныстыру.
  • Балаларды қорғау күні қалай аталып өтетінін балалардың өз көздерімен көрсету.
  • Мерекені көтеріңкі көңіл күймен қарсы алудың маңызын ұғындыру.

Іс-шара форматы

Балабақша тәрбиеленушілері қатысатын мерекелік концерттік бағдарлама: жүргізушілердің құттықтауы, ертегі кейіпкерлерінің сахналық көріністері, ән, би, ойындар және көрерменмен интерактив.

Негізгі желі: Қызыл телпектің ертегілер әлемі арқылы әжесіне жету сапары.

Кіріспе бөлім

1-жүргізуші

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар, сүйкімді балақайлар! 1 маусым — Балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз.

«Аружан» балабақшасының өнерлі ұжымы мен талантты балаларының мерекеге орай дайындаған «Ертегілер еліне саяхат» атты концерттік бағдарламасына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Сарысай ауылында дүбірлі той — Балаларды қорғау күні, біліп қой! Алақай-ау, алақай! Той тойлайық, балақай! Қызарғанша алақан, қол соғайық, балақай!

Мерекені бастамас бұрын «Аружан» балабақшасының меңгерушісі Бірмағанбетова Гүлім Есенғұлқызына сөз кезегін берейік.

1-жүргізуші: Ендеше әдептен аспайық, әдепсіз болмайық — ертегілер әлеміне саяхатқа аттанайық! Балалардың сүйікті ертегілерінің бірі — «Қызыл телпек» ертегісін тамашалаңыздар!

Сахналық көрініс: «Қызыл телпек»

Басталуы

Автор: Ерте, ерте, ертеде орман патшалығында Қызыл телпек өмір сүріпті. Ол анасымен бірге тұрыпты. Бір күні анасы қызына:

Анасы: Қызым, мен әжеңе арнап тоқаш пісірдім. Соны апарып бер. Жолда жүргенде сақ бол.

Қызыл телпек тоқашты алып, әжесіне асыға жолға шығады. Алдынан екі бағыт кездеседі: бірі — ну орманға қарай, екіншісі — ұзақтау, бірақ қауіпсіздеу жол.

Сиқырлы көмек

Алтын балық: Көмектесіңдер, көмектесіңдер!

Қызыл телпек алтын балықты құтқарады.

Алтын балық: Рахмет! Егер қиын жағдайға тап болсаң, мына сиқырлы сөздерді айт — мен көмекке келемін: «Абрака-дабрака».

Осылайша Қызыл телпек сиқырлы таяқшаны алып, сапарын жалғастырады.

Қарақшылармен кездесу

Қарақшылар: Қызыл телпек, қайда бара жатырсың? Біз сені жібермейміз!

Қызыл телпек сиқырлы сөздерді айтып, қарақшылардан құтылады.

Көркем нөмір

Қызыл телпектің көңілін көтеру үшін бүлдіршіндер би билейді.

Би: «Қарақшылар»

Бауырсақпен жолыққан сәт

Қызыл телпек пен Бауырсақ байқаусызда жол үстінде түйісіп қалады.

Қызыл телпек: Бауырсақ, қайдан келесің?

Бауырсақ: Атам мен әжемнен қашып келемін. Саған өлең айтып берейін бе?

Ән: (Бауырсақ орындайды)

Ұзақ жолдан кейін Қызыл телпек адасып қалады. Не істерін білмей жылап жібереді. Сол сәтте алыстан әуен естіледі.

Бремен музыканттары және ойын-бөлім

Бремен музыканттары (ит, есек, әтеш, мысық және бала) сахнаға шығып, Қызыл телпекті Тасбұлақ сайына жеткізіп салады.

Әуенді сайыс

Балалармен бірге жеңіл жаттығу жасау, ырғаққа ілесу, көңіл көтеру.

Көркем нөмірлер

  • Әншілердің орындауы
  • Клоундардың өнер көрсетуі

Клоундармен интерактив

  • Шармен бірге балаларды сахнаға шығарып, билету
  • Секіртпемен секіру
  • Ойын: «Қане, билейік!»

Би: «Қуыршақтар»

Ормандағы қауіпті сәт

Қызыл телпек клоундардың өнеріне тәнті болып, қайта жолға шығады. Сол кезде қасынан қоян зу етіп өте шығады. Артынша қасқыр кездеседі.

Қасқыр: Қызыл телпек, сен қайда асығып бара жатырсың?

Қызыл телпек: Мен әжеме тоқаш апара жатырмын.

Қасқыр: Әжең қай жақта тұрады?

Қызыл телпек: Орманның арғы жағында тұрады.

Қасқыр айласын асырып, әженің үйіне алдымен жетуге бел буады.

Әженің үйіндегі оқиға

Әже: Кім бұл?

Қасқыр: Мен ғой, әже, Қызыл телпек немерең. Сізге тоқаш алып келдім.

Әже: Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады.

Автор: Қасқыр есікті ашып, әжені жұтып қояды да, оның орнына жатып алады. Сөйтіп Қызыл телпекті күтеді.

Шиеленіс және құтқарылу

Қызыл телпек есікті қағады: «Әже, мен ғой — Қызыл телпек немерең. Сізге тоқаш әкелдім.»

Қасқыр дауыстап: «Есіктегі жіпті өзіңе қарай тартсаң, есік ашылады» дейді.

Қызыл телпек үйге кіріп, «әжесінің» қасына келеді:

Қызыл телпек: Әже, көзіңіз неге үлкен?

Қасқыр: Сені жақсылап көру үшін.

Қызыл телпек: Құлағыңыз неге үлкен?

Қасқыр: Сенің сөздеріңді есту үшін.

Қызыл телпек: Тістеріңіз неге үлкен?

Қасқыр: Сені жеу үшін!

Қасқыр Қызыл телпекті жұтып қояды.

Орман ішінен шыққан қатты дыбысты естіген аңшы әженің үйіне келеді. Қасқырды көріп, атып салады.

Қасқырдың іші жарылып, ішінен Әже мен Қызыл телпек аман-есен шығады.

Қызыл телпек тоқашты әжесіне береді. Әжесі қатты қуанып, немересін құшақтайды.

Финал

Барлық кейіпкерлер ортаға шығады.