Химиялық элемент

Мазмұны

1-тоқсан

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

2-тоқсан

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

3-тоқсан

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

4-тоқсан

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

1-тоқсан тапсырмалары

Төменде 1-тоқсан бойынша бөлімдер мен оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалар үлгілері берілген. Әр тапсырмада бағалау критерийі және дескриптор көрсетілген.

8.1А Бөлімі: Атомдағы электрондардың қозғалысы

Оқу мақсаты: 8.1.3.1 — атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну.

Ойлау дағдылары: Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы атомдағы электрондардың таралуына қарап химиялық элементтерді анықтайды.

Тапсырма

Сызбада X және Y элементтерінің атом құрылысы берілген. Қандай элементтердің энергетикалық деңгейлер бойынша электрондарының таралуы көрсетілген?

X элементі

Y элементі

Дескриптор

Білім алушы энергетикалық деңгейлердегі электрондардың таралуына сүйеніп элементті анықтайды.

8.1А Бөлімі: Электрондық конфигурация

Оқу мақсаты: 8.1.3.4 — алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды-графикалық формулаларын жаза білу.

Ойлау дағдылары: Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясын және электронды-графикалық формуласын жазады.

Тапсырма

Кестедегі бос орындарды толықтырыңыз.

Химиялық элемент Электрондық формуласы Электронды-графикалық формуласы
P 1s² 2s² 2p⁶ 3s² 3p²
Ca 1s² 2s² 2p⁶

Дескриптор

  • Элемент таңбасы бойынша электрондық формуланы жазады.
  • Элемент таңбасы бойынша электронды-графикалық формуланы жазады.
  • Электрондық формула бойынша элементті анықтайды.
  • Электронды-графикалық формула негізінде элементті анықтап, электрондық формуласын жазады.

8.1А Бөлімі: Иондардың түзілуі

Оқу мақсаты: 8.1.3.5 — атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және соның нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну.

Ойлау дағдылары: Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы электрон құрылысы көрсетілген диаграмма негізінде атомдар мен иондарды анықтайды.

Тапсырма 1

Суретте Cl, Na, Ca, F, O, Mg атомдары және олардан түзілетін иондардың сызбалары берілген. Әр сызбаның қай атомға немесе ионға сәйкес келетінін анықтап, астына жазыңыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Дескриптор

  • Элементке сәйкес атом құрылысы сызбаларын анықтайды.
  • Атомнан түзілетін ион сызбаларын анықтайды.

Тапсырма 2

X элементінің атомында 16 нейтрон және 15 протон бар. X элементі қандай теріс ион түзе алады? Сол ионда неше электрон болады?

Түзілетін теріс ион

Электрон саны

Дескриптор

  • Протон және нейтрон саны бойынша белгісіз элементті анықтайды.
  • Атомнан түзілетін ионды анықтайды.
  • Иондағы электрон санын анықтайды.

8.1В Бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакциялар

Оқу мақсаты: 8.2.3.1 — зат құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу және массалық үлес бойынша заттың формуласын анықтау.

Ойлау дағдылары: Қолдану

Бағалау критерийі

  • Күрделі заттардағы элементтердің массалық үлесін есептейді.
  • Массалық үлес бойынша заттың формуласын анықтайды.

Тапсырма 1

Азот — тіршілік үшін маңызды элемент. Азот жетіспесе, өсімдік жапырағы бозғылт жасылданып, өсуі баяулайды, жапырағы жұқарып, шырыны азаяды, гүлдері ұсақ болады. Азот тапшылығын жою үшін карбамид CO(NH₂)₂, чили селитрасы NaNO₃ сияқты тыңайтқыштар қолданылады. Қай тыңайтқышта қоректік зат — азоттың массалық үлесі көбірек? Есептеп, жауабыңызды көрсетіңіз.

(a) CO(NH₂)₂

(b) NaNO₃

Тапсырма 2

Азот оксидінің үлгісін талдау нәтижесінде: азоттың үлесі — 47%, оттектің үлесі — 53%. Осы оксидтің эмпирикалық формуласын есептеңіз.

Дескриптор

  • Карбамидтегі азоттың массалық үлесін есептейді.
  • Натрий селитрасындағы азоттың массалық үлесін есептейді.
  • Нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасайды.
  • Элементтердің пайыздық құрамы бойынша эмпирикалық формуланы анықтайды.

8.1В Бөлімі: Реакция теңдеулерін құру

Оқу мақсаты: 8.2.3.3 — реагенттер мен өнімдердің формуласын жаза отырып, химиялық реакция теңдеулерін құру.

Ойлау дағдылары: Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы реагенттер мен өнімдердің формуласын жаза отырып, реакция теңдеуін құрастырады.

Тапсырма

Берілген сипаттамалар бойынша химиялық реакция теңдеулерін құрастырыңыз және теңестіріңіз:

  • (a) темір + оттек → темір(III) оксиді
  • (b) мыс + оттек → мыс(II) оксиді
  • (c) магний + оттек → магний оксиді

Дескриптор

  • Реагенттер мен өнімдердің формуласын жазады.
  • Валенттілікке сәйкес индекстерді дұрыс қояды.
  • Атом саны сақталуына сүйеніп теңестіреді.

8.1В Бөлімі: Реакцияларды жіктеу

Оқу мақсаты: 8.2.2.1 — бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу.

Ойлау дағдылары: Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді.

Тапсырма 1

Суретке қарап реакция типтерін анықтаңыз: A), B), C), D).

A

B

C

D

Тапсырма 2

Төмендегі реакциялардың әрқайсысының қасына оның типін жазыңыз.

  1. натрий гидроксиді + фосфор қышқылы → натрий фосфаты + су
  2. кальций + тұз қышқылы → кальций хлориді + сутек
  3. мырыш нитраты → мырыш оксиді + азот(IV) оксиді + оттек
  4. аммиак → азот + сутек
  5. магний + темір(II) сульфаты → темір + магний сульфаты
  6. мыс(II) оксиді + күкірт қышқылы → мыс сульфаты + су
  7. натрий гидроксиді + көмірқышқыл газы → натрий карбонаты + су
  8. темір + оттек + су → темір гидроксиді
  9. алюминий гидроксиді → алюминий оксиді + су
  10. алюминий + күкірт → алюминий сульфиді

Дескриптор

  • Реакция типтерін ажыратады.
  • Заттардың саны мен құрамы бойынша реакцияларды дұрыс жіктейді.

8.1С Бөлімі: Металдардың белсенділігін салыстыру (коррозия)

Оқу мақсаты: 8.2.4.3 — металдар коррозиясына әсер ететін жағдайларды зерттеу.

Ойлау дағдылары: Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы металдар коррозиясының туындауына әсер ететін жағдайларды дәлелдейді.

Тапсырма

Тәжірибе жүргізілді: төрт пробиркаға темір шеге салынды.

  • 1-пробирка: құбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды.
  • 2-пробирка: іші құрғақ, ауа бар; аузы тығынмен жабылды.
  • 3-пробирка: қайнатылған суға толтырылып, аузы тығынмен жабылды.
  • 4-пробирка: тұзды су құйылып, аузы ашық қалдырылды.
  1. Сурет негізінде коррозияға әсер ететін жағдайларды анықтаңыз.
  2. Коррозияға әсер ететін факторлар туралы қорытынды жасаңыз.
  3. Коррозияның қандай зияны бар екенін жазыңыз.
  4. Коррозияның алдын алудың кемінде екі әдісін ұсыныңыз.

Дескриптор

  • Коррозияға әсер ететін факторларды ажыратады.
  • Жағдайларды салыстырып, дәлелді қорытынды жасайды.
  • Коррозияның зиянды әсерлерін атайды.
  • Алдын алу әдістеріне мысал келтіреді.

8.1С Бөлімі: Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі

Оқу мақсаты: 8.2.4.5 — металдардың қышқылдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастыру.

Ойлау дағдылары: Қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы металдардың қышқылдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін құрастырады.

Тапсырма

Төменде берілген сөздерден металл мен қышқылды таңдап, мүмкін болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңыз (қажет болса теңестіріңіз).

Теңдеу 1

Теңдеу 2

Сөздер банкі

натрий магний темір мыс сынап тұз қышқылы күкірт қышқылы фосфор қышқылы сутек натрий хлориді темір хлориді мыс хлориді алюминий сульфаты натрий сульфиті натрий фосфаты магний карбонаты натрий гидроксиді

Ескерту: тізімде артық сөздер болуы мүмкін; барлығын қолдану міндетті емес.

Дескриптор

  • Әрекеттесетін металл мен қышқылды дұрыс таңдайды.
  • Өнімдерді дұрыс анықтайды.
  • Валенттіліктерді ескеріп тұз формулаларын құрастырады.
  • Реакция теңдеуін коэффициенттер арқылы теңестіреді.

2-тоқсан тапсырмалары (үзінді)

Бұл бөлімде 2-тоқсанға арналған тапсырмалардан бірнеше үлгі берілді: зат мөлшері, стехиометриялық есептеулер және энергия өзгерістері.

8.2А Бөлімі: Зат мөлшері

Оқу мақсаты: 8.1.1.2 — қосылыстың молярлық массасын есептей алу.

Ойлау дағдылары: Қолдану

Тапсырма

Берілген қосылыстардың молярлық массасын есептеңіз (есептелу жолын және өлшем бірлігін көрсетіңіз).

Қосылыс Молярлық массаның есептелу жолы Өлшем бірлігі
H₂O (су)
H₂SO₄ (күкірт қышқылы)
KMnO₄ (калий перманганаты)
Al₂(SO₄)₃ (алюминий сульфаты)
NH₄NO₃ (аммоний нитраты)
Ca(OH)₂ (кальций гидроксиді)
CH₄ (метан)

8.2В Бөлімі: Стехиометриялық есептеулер

Оқу мақсаты: 8.2.3.5 — химиялық реакция теңдеуі бойынша заттың массасын және зат мөлшерін есептеу.

Ойлау дағдылары: Қолдану

Натрий — күмістей ақшыл түсті, жұмсақ сілтілік металл. Табиғатта бос күйінде кездеспейді. Ауада оңай тотығатындықтан, оны керосин астында сақтайды. Сумен өте белсенді әрекеттеседі.

  1. Натрийдің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз және теңестіріңіз.
  2. Массасы 34 г натрий сумен әрекеттескенде түзілетін сутектің массасын есептеңіз.
  3. (2) тапсырмадағы түзілген өнімдердің зат мөлшерін есептеңіз.

8.2С Бөлімі: Парниктік эффект

Оқу мақсаты: 8.3.1.2 — парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну.

Ойлау дағдылары: Жоғары деңгей дағдылары
  1. Сурет негізінде парниктік эффекттің пайда болуына кемінде 3 себеп жазыңыз.
  2. Атмосфераның қалыпты күйі мен қатты ластанған күйінде Жерден жылу сәулесінің шағылуындағы айырмашылықты түсіндіріңіз; салдарын болжап жазыңыз.
  3. Парниктік эффектті азайтудың 3 жолын ұсыныңыз.

3-тоқсан тапсырмалары (үзінді)

3-тоқсанда химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша тапсырмалар ұсынылады: топ, период, электрондық деңгей және сыртқы қабат электрондарына байланысты қорытынды жасау.

8.3А Бөлімі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Оқу мақсаты: 8.2.1.2 — бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейіндегі электрондар саны бірдей болатынын түсіну.

Ойлау дағдылары: Білу және түсіну / Қолдану

Тапсырма

Халықаралық периодтық кестенің сұлбасында кейбір элементтердің электрондарының энергетикалық деңгейлер бойынша орналасуы берілген. Осы элементтерді сыртқы қабаттағы электрондар санына қарай кестенің қай тобына жататынын анықтап, A, B, C торкөздеріне жазыңыз.

A

B

C

Қорытынды

A, B, C торкөздеріндегі элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны туралы қорытынды жасаңыз.

Дескриптор

  • VIIA топшасына жататын элементтерді анықтайды.
  • IA топшасындағы элементтерді анықтайды.
  • IIA топшасындағы элементтерді анықтайды.

8.3А Бөлімі: Элементті периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттау

Оқу мақсаты: 8.2.1.4 — периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау.

Ойлау дағдылары: Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Суретте X, W, Y, Z, V әріптерімен белгіленген бес элемент берілген (әріптер — химиялық таңба емес). Әр тармақ бойынша қажетті элементті анықтаңыз (әр элемент бір рет, бірнеше рет қолданылуы мүмкін немесе қолданылмауы да мүмкін).

  1. Электрондық деңгей саны 2-ге тең элемент(тер)ді анықтаңыз.
  2. Сыртқы энергетикалық деңгейінде 7 электроны бар элементті жазыңыз.
  3. d-элементті анықтаңыз.
  4. Сыртқы энергетикалық деңгейі толық аяқталған элементті анықтаңыз.
  5. Ядросында 20 нейтроны бар элементті анықтаңыз.
  6. Бөлме температурасында сумен белсенді әрекеттесетін жұмсақ металды анықтаңыз.
  7. Электрондық конфигурациясы 1s² 2s² болатын элементті анықтаңыз.