Соңғы қоңырау мерекесі
№23 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Мектепішілік іс-шара: «Соңғы қоңырау» мерекесі (1–4 сыныптар)
Жауапты мұғалімдер: Әбдыханова Ш.С., Сүйеукенова Ш.Ш.
Мұғалімнің құттықтауы
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс және жаңа белестерге бастайтын еңбек кезеңі күтіп тұр.
Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен және «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз!
Ақыл — білім жастарда, сөз береміз жастарға!
Салтанатты бөлім
Жүргізушілер: Нұрай, Нұрсұлтан
Жүргізуші Нұрайдың сөзі
Құрметті ата-аналар, келген қонақтар! Мектептен басталады білім-бұлақ. Бүгінгі салтанатты мерекені бастаймыз, жариялаймыз.
Құрметті бастауыш мектеп түлектері, өздеріңізге арналған «Соңғы қоңырау» мерекесін ашық деп жариялаймыз!
Жүргізуші Нұрсұлтанның сөзі
Биылғы бастауыш мектеп түлектері — 4 «А» және 4 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілерін ортаға шақырамыз.
Рәсім:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелінеді. Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Қоңырау үні — ерекше сәт
Қымбатты бастауыш мектеп түлектері, бастауыш мектепте өткізген төрт жылда қоңырау үнін қаншама рет естідіңдер. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда естіген қоңырау есіңде ме?
Бүгінгі қоңырау үні мүлде ерекше: ол — бастауыш мектеппен қоштасудың, балалық шақтың келесі белесіне қадам басудың белгісі.
Маңызды дерек
Биыл бастауыш мектебімізді 44 түлек тәмамдап отыр.
Құттықтау сөздер мен марапаттау
Мектеп әкімшілігінің құттықтауы
Түлектерге ақ тілек жолдайтын мектеп директоры — Сатаева Айгүл Уәсілқызы.
Өмір деген үлкен жолда ақ жол тілеп, бақ тілеп, балаға берген біліміңіз бен мейіріміңіз — өшпейтін із.
Марапаттау
Мектеп бұйрығымен таныстырып, оқу озаттарын марапаттау үшін оқу ісі жөніндегі орынбасары Идрисов Ахат Несіпханұлына сөз беріледі.
- Оқу озаттарын марапаттау
- Сынып және мектеп өміріне белсене қатысқан оқушыларды марапаттау
- Ата-аналарды марапаттау
Музыкалық сәлем
Оқу озаттарына арналған музыкалық сәлем: 3 «А» сынып оқушысы Тұрсынтаева Айым «Жаса, Қазақстаным!» әнін орындайды.
Сынып жетекшілеріне сөз
Көңілдері қобалжып, қимастық күй кешіп тұрған 4 «А», 4 «Ә» сынып жетекшілері Құралай Жәнібекқызы және Сания Салесханқызына сөз беріледі.
Тағы бір ән
Ниязбекова Балауса (4 «Ә» сынып) — «Мектебім» әні.
Түлектердің сөзі және білім кілтін табыстау
4 «А» және 4 «Ә» сынып оқушылары
Білімнің мына өмірде жеңгені көп,
Білім қалар халқымның сенгені көп.
Сондықтан да білім кілтін
Ақ ниетпен сендерге тапсырамыз.
(Білім кілті МАД сыныбына табысталады.)
Болашақ бірінші сынып оқушыларының тілегі
Жас бүлдіршіндердің өлеңі
1-бала
Жүрем бе ойнап мен текке,
Барамын биыл мектепке.
Қолға қалам аламын,
Суретті де саламын.
2-бала
Дәптерімді таза қып,
Жазуды да жазамын.
Кітапты да оқимын,
Көңілге ой тоқимын.
3-бала
Әнді де айтамын,
Спортқа да барамын.
Білім алып жан-жақты,
Жігіт болам жан-жақты.
4-бала
Тәрбиелі тәлім алып,
Қуантамын бәріңді.
Білім нәрін тоқыған —
Менің атым оқушы!
Ата-аналар атынан тілек
Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын.
Ата-аналар атынан тілек сөз Анар Қалкешқызына беріледі.
Музыкалық сәлем
Бірінші сыныпқа баратын оқушыларға арналған би: «Жаңа заман».
Би нөмірлері және қорытынды
Вальс
Өнерпаздар ортамызда әлі бар: бишілердің билеп берер сәні бар. Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық — вальс биін билеп берер ұл-қыздар бар!
3 «Ә» сынып атынан бастауыш мектеп түлектеріне арналған вальс биі.
Ең әсерлі сәт
Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауына құлақ салайық. Қоңырау соғылады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Құрметті оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары да жарқын жаз қарсы алады. Енді түлектерді құрметпен шығарып салайық.
Үлкен өмірге аттанған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!
Сонымен, «Соңғы қоңырау» мерекесін жабық деп жариялаймын.