Төреқұлов атама арнау
Мектептегі ерекше күн
Мен, Әбдәшім Гүлсая, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Асықата кентінде орналасқан Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі КММ-нің 6 «А» сыныбында оқимын.
Биылғы оқу жылының 10 қыркүйегінде мектебімізге Нәзір Төреқұлов атамыздың есімі беріліп, мектеп ауласында орнатылған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты ерекше аталып өтті.
125 жылдыққа арналған тағылымды шаралар
Нәзір Төреқұлов атамыздың 125 жылдығына орай ұстаздарымыз оқушылармен бірге ашық сабақтар өткізіп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Сол шараларда біз Нәзір атамыздың өмірі мен еңбегі туралы көптеген тың мәліметтермен таныстық.
Сонымен қатар, мектеп ішінде ашылған Нәзір атамызға арналған музейді аралап, тарихи деректерді көзбен көріп, әсерімізді тереңдеттік.
Нәзір Төреқұлов туралы қысқаша мәлімет
Өмір жолы
Нәзір Төреқұлов 1892 жылы қазан айында Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келген. 1937 жылдың 3 қарашасында «халық жауы» деген жалған айып тағылып, ату жазасына кесіліп, құрбан болды.
Тұлғалық биігі
Ол — Алаштың ардақты қайраткері, жазушы, профессор, ғалым және қазақтан шыққан тұңғыш дипломаттардың бірі. Құранды жатқа білгені айтылады.
Білімі мен тіл меңгеруі
Нәзір атамыз жеті тілді меңгерген, сөз саптауы мінсіз болған деседі. Әкесі қазақ, анасы тәжік ұлтынан шыққан деген дерек бар.
Бәйтерекке теңеген ой
Нәзір атамыз — қазақ даласына танылған алып бәйтерек іспетті. Ал біз секілді саналы балалар — сол бәйтеректің жапырақтарымыз. Қандай суық жел соқса да, қандай жаңбыр жауса да, өз тамырымыздан ажырамай, білім алып, елге қызмет етуді армандаймыз. Бәйтерегіміздің де жапырақтарын әрдайым демеп, мәңгі жайқала беруін тілейміз.
Арнау өлең
Төреқұлов атама арнау
Төреқұлов атама арнадым мен, Шетінен жеті тілді терең білген. Сталин де көре алмады атамызды, «Халық жауы» есімімен өлтірткен. Нәзір ата, жолыңызды жалғастырам, Мен осы уәдемде тұра алам. Берді біздің мектепке атыңызды, Бейнеңізді жасады шебер қолдан. Бүгін қайта дүниеге келгендейсіз, Елші ата, маған қарап күлгендейсіз. Бейнеңіз қайта-қайта елестейді, Мәңгі өшпейді тарихта есіміңіз.