Шығарма үзіндісі

Әдістемелік ұсыныстар туралы

Бұл әдістемелік ұсыныстар 8-сынып оқушыларына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге мұғалімге көмекші құрал ретінде құрастырылды. Материал 8-сыныптың (қазақ тіліндегі) оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде дайындалған.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген қалыптастырушы бағалау тапсырмалары білім алушылардың тоқсан ішінде жоспарланған оқу мақсаттарына және ойлау дағдыларының деңгейлеріне жетуіне мүмкіндік береді. Ұсыныстарда бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қамтылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

Мұғалімдерге Мектеп әкімшілігіне Мүдделі тұлғаларға

Мазмұны

1-тоқсан
Бөлім: «Дананың сөзі – ақылдың көзі»
2-тоқсан
Бөлім: «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»
3-тоқсан
Бөлім: «Махаббат және абырой»
4-тоқсан
Бөлім: «Қиял мен шындық»

1-тоқсан: «Дананың сөзі – ақылдың көзі»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Қорқыт. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр»

Оқу мақсаты
8.1.1.1 — Жанрға байланысты сюжеттік желілерді, пролог пен эпилогті анықтау
Бағалау критерийі
Сюжеттік желілерді, пролог пен эпилогті анықтайды
Ойлау дағдысы
Қолдану
Тапсырмалар
  1. Жырдың композициялық құрылымын жазыңыз:
    Оқиғаның басталуы: ____________________
    Оқиғаның дамуы: ____________________
    Оқиғаның байланысуы: ____________________
    Оқиғаның шиеленісуі: ____________________
    Шарықтау шегі: ____________________
    Шешімі: ____________________
  2. Үзінді шығарманың қай бөлігінде кездеседі? Онда қандай салт-дәстүр туралы айтылады?
    Үзінді

    Қорқыт: «Мен сенің аспанмен таласқан қара тауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан мөлдір суыңнан өтсем деп келдім, мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, тәңірдің жолы деп, мен сенің айдан ақ, күннен сұлу қарындасың Бану Шешекті Бәмсі Байраққа алып кетсем деп келдім».

    Сюжет бөлігі: ____________________
    Салт-дәстүр түсіндірмесі: ____________________
Дескриптор
  • Жырдың композициялық құрылымын анықтайды.
  • Сюжеттік үзіндідегі салт-дәстүрді сипаттайды.

Қорқыттың нақыл сөздері

Оқу мақсаты
8.1.2.1 — Шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Бағалау критерийі
Идея мен пафосты ұлттық мүдде тұрғысынан ашады
Ойлау дағдысы
Қолдану
Тапсырма

Қорқыттың нақыл сөздеріне мағыналас қазіргі мақал-мәтелдерді жазыңыз. Нақыл сөздердің мағынасын, идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып көрсетіңіз (екі жақты күнделік).

Қорқыттың нақыл сөздері Қазіргі мақал-мәтелдер Мағынасы, идеясы мен пафосы
«Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес.» «Ана көрген — тон пішер, ата көрген — оқ жонар.» ________________________________________
«Мінген атың қиналмайынша, аты шықпас.» ________________________________________ ________________________________________
«Самай шашы ағарған баба көрікті.» ________________________________________ ________________________________________
Дескриптор
  • Мағыналас мақал-мәтелді табады.
  • Мағынасын ашады.
  • Идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіреді.

Қорқыт. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» (кейіпкерлер)

Оқу мақсаты
8.1.3.1 — Кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Бағалау критерийі
Тура және жанама мінездеулерге жіктейді
Ойлау дағдысы
Қолдану
Тапсырмалар
  1. Шығармадан тура және жанама мінездеуге мысалдар келтіріңіз: ____________________
  2. «Төрт сөйлем тәсілі» бойынша жаныңызға жақын кейіпкер туралы жазыңыз:
    1) Пікір: ____________________
    2) Дәлел: ____________________
    3) Мысал: ____________________
    4) Қорытынды: ____________________
Дескриптор
  • Тура және жанама мінездеуді ажыратады.
  • Өз ойын дәлелдейді.
  • Өмірмен байланыстырады.
  • Қорытынды ой айтады.

Ахмет Йассауи. «Даналық кітабы»

Оқу мақсаты
8.2.1.1 — Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
Бағалау критерийі
Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды
Ойлау дағдысы
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма

Ахмет Йассауидің «Үлкен-кіші адамнан ибалық әдет кетті, қыз-бозбала жастардан әдеп кетті» деген сөзін талдаңыз. Осы талдау арқылы ақынның өмірлік мақсат-мұратын айқындаңыз.

Дескриптор
  • Үзіндідегі ойды талдайды.
  • Ақынның өмірлік мақсат-мұратын таниды.

Ақтамберді Сарыұлы. «Балаларыма өсиет»

Оқу мақсаты
8.2.2.1 — Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Бағалау критерийі
Тілдік ерекшелікті талдайды
Ойлау дағдысы
Жоғары деңгей дағдылары
Үзінді

Балаларыма өсиет: Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет. Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке. Араз болсаң алты ауыз, Еліңе кірген әреке.

Тапсырмалар
  1. Үзінді бойынша автор бейнесін талдаңыз.
  2. «Кепиет» сөзінің тілдік ерекшелігін анықтаңыз.
  3. Насихатты негізге ала отырып, ой картасын жасаңыз.
Дескриптор
  • Автор бейнесін талдайды.
  • Тілдік қолданысты талдайды.
  • Өлең мазмұны бойынша ой картасын жасайды.

Ақтамберді Сарыұлы. «Күлдір-күлдір кісінетіп»

Оқу мақсаты
8.2.3.1 — Көркемдегіш құралдарды талдап, автор стилін анықтау
Бағалау критерийі
Көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды және автор стилін анықтайды
Ойлау дағдысы
Қолдану
Тапсырма үзіндісі

Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?! * * * Ел жазылып жайлауда, Жақсылар кеңес құрғанда, Мұртымыз өрге шаншылып, Бұрын да сөйлер ме екеміз?! * * * Жарлауға біткен жапырақ — Жамылсақ, тоңар ма екеміз?! Жазыққа біткен бүлдірген — Сұғынсақ, тояр ма екеміз!

Берілген жолдардағы психологиялық параллелизм, перифраз және риторикалық сұрақтардың қолданысын талдап, автор стилін анықтаңыз.

Жауап

________________________________________

________________________________________

Дескриптор
  • Көркемдегіш құралдарды ажыратады.
  • Қолданысын талдайды.
  • Автор стилін анықтайды.

2-тоқсан: «Көркем әдебиет және эпикалық сарын»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Мұрат Мөңкеұлы. «Үш қиян»

Оқу мақсаты
8.1.4.1 — Үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Ойлау дағдысы
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма

«Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдырын Мұрат Мөңкеұлы тебірене жырлайды» деген ойды өрбітіп жазыңыз. Көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді қажетінше қолданыңыз.

Үзінді 1

«Мал менен басты есептеп, Баланың санын алғаны — ... Замананы тағы да бір қырсықтың шалғаны!»

Үзінді 2

«Еділді тартып алғаны — етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны — жағаға қолды салғаны.»

Үзінді 3

«... Дәулеті қалың біткен жер.»

Үзінді 4

«Байдан кетіп сақауат, пақырдан кетіп қанағат... Діні басқа біреулер ел биледі аралап.»

Дескриптор
  • Өз көзқарасын білдіреді.
  • Дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады.

Мұрат Мөңкеұлы. «Сарыарқа»

Оқу мақсаты
8.2.2.1 — Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Ойлау дағдысы
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырмалар
  1. Риторикалық сұрау мен қайталаудың тілдік ерекшелігін талдаңыз. Төмендегі жолдардағы автор ойын анықтаңыз:

    Еділді алса — елді алар, Енді алмаған нең қалар? Жайықты алса — жанды алар, Жанды алмаған не қалар? Ойылды алса — ойды алар, Ойлашы сонда не қалар?

  2. Осы жолдардан ақынның қандай көзқарасын тануға болады?

    Дұшпан — тазы, біз — түлкі, Қашсақ, ерікке қоймайды, Інге кірсек, суырып, Бір пәлеге жолықтық Құлғанадай қадалған... Бұл не деген ғаламат, Қазынасы кең Құдайым, Сақтағайсың саламат!

Дескриптор
  • Автордың тілдік қолданысын талдайды.
  • Автордың ойын анықтайды.
  • Ақын бейнесіне талдау жасайды.

3-тоқсан: «Махаббат және абырой»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

М. Дулатов. «Бақытсыз Жамал» романы

Оқу мақсаты
8.1.3.1 — Тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Ойлау дағдысы
Қолдану
Тапсырма

Шығармадан тура және жанама мінездеуге мысалдар келтіріңіз.

Тура мінездеу

________________________________________

Жанама мінездеу

________________________________________

Дескриптор
  • Тура мінездеуге мысал келтіреді.
  • Жанама мінездеуге мысал келтіреді.
  • Кейіпкер мінездеулерін жіктейді.

Б. Момышұлы. «Ұшқан ұя»

Оқу мақсаты
8.2.1.1 — Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау
Ойлау дағдысы
Қолдану
Үзінді

«Менің күшігім саған қарап шәуілдесе керек, Қабылбек! Айыбын көтергелі келдім алдыңа. Кешіремісің, сірә!» ... «Ат-шапан айып сенен емес, менен, ақсақал!» — деп үстіндегі зерлі шапанын шешіп, Текебайдың иығына жауыпты.

Тапсырма

Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді? Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз.

________________________________________

________________________________________

Дескриптор
  • Үзіндідегі қасиеттерді анықтайды.
  • Автор позициясын талдайды.

4-тоқсан: «Қиял мен шындық»

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Т. Ахтанов. «Күй аңызы» әңгімесі

Оқу мақсаты
8.1.2.1 — Идея мен пафосты ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Бағалау критерийі
Идея мен пафостың ұлттық ерекшелігін көрсетеді
Ойлау дағдысы
Қолдану
Тапсырмалар
  1. Ойыңызды жеткізіңіз: «...Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе!» деген Естеміс сөзінен нені аңғаруға болады?
  2. Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашып көріңіз: «Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман келіп, безек қағып, күй аз бұлқынып, жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді...» Жазушы күй мен күйші туралы неге осыншама тебірене жазады?
Дескриптор
  • Шығарма идеясын анықтайды.
  • Ұлттық мүдде тұрғысынан пайымдайды.
  • Ойын дәлелді түрде жеткізеді.