Ұстаз болмағанда дəрігерде

Құрмет қайдан басталады?

Біз кейде ауырып, дер кезінде айықпасақ, дәрігерді кінәлаймыз. Ал ол жазып берген дәріні «қымбат» немесе «көмектеспейді» деп қабылдамай қоямыз. Соңында ауру асқынғанда да сол дәрігерді қаралап, «ештеңе білмейді» деген ойға тез барамыз.

Дәл сол сияқты, баламыз сабақтан төмен баға алса, мәселенің себебін түсінуге тырыспай, бірден мұғалімді кінәлауға бейім боламыз. Бала сабақты меңгере алмай тұрса да, ұстазды «білімсіз», «ештеңе білмейтін» адам етіп көрсетуге асығамыз.

Бұл әдет нені жоғалтады?

Осындай әлсіз тұсымыз мамандық иелеріне деген құрмет пен сыйластықты әлсіретеді. Ал шын мәнінде, дәрігер мен ұстаз — өмірдегі ең қажет мамандықтардың екеуі.

Неге кінә іздей береміз?

Ендеше неге біз олардан үнемі кінәрат іздейміз? Ұстаз болмаса, дәрігер де, шахтер де, батыр да, адвокат та — қысқасы, сан түрлі мамандық иелері де қалыптаспас еді. Өйткені әр маманның түп-тамырында білім жатыр, ал білімнің бастауында — ұстаз.

Дәрігер болмаса, ауыр дерттерден халқымыз сауықпас еді. Ал осы екі мамандықсыз — білімсіз әрі денсаулықсыз — қай күйде болар едік? Бәлкім, бір жерде үнсіз, әлсіз хәлде жатар ма едік…

Ой түйін

  • Ем нәтиже беруі үшін дәрігер кеңесін орындау — ортақ жауапкершілік.
  • Баға — үкім емес; ол баланың қай тұста қиналып тұрғанын көрсететін белгі.
  • Құрмет пен сенім жоғалса, қоғам әлсірейді; ал қолдау болса, маман да, бала да, науқас та өседі.