Бұйымды дайындау

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақтың ұсыныстық сипаты білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша ресурстар

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ кімдерге арналған?

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Дереккөздер және пайдалану шарттары

  • Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.
  • Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1-тоқсан

Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

2-тоқсан

Бөлім: Дизайн және технология

3-тоқсан

Бөлім: Дизайн және технология

4-тоқсан

Бөлім: Үй мәдениеті

1-тоқсан: Сәндік-қолданбалы өнер

Тақырып: Мозаика өнері. Түрлері мен техникалары

Оқу мақсаттары

  • 8.3.2.1 Пәндік терминологияны қолданып, идеялар мен тақырыптарды талдау және бағалау критерийлерін қолдану.
  • 8.3.3.1 Жасалған өнімнің сапасын және қолданылған әдіс-тәсілдерді талдау мен бағалау критерийлерін қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Терминологияны қолдана отырып, суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер жұмыстарындағы идеялар мен тақырыптарды талдайды.
  • Шығармашылық жұмыстың сапасын және әдіс-тәсілін талдап, бағалайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну; қолдану.

Тапсырма

Мозаика өнерінің шығу тарихын, түрлерін, анықтамасын және орындау техникасын топта талдаңыз. Нәтижесін постер түрінде таныстырыңыз.

Дескрипторлар

  • Мозаика өнерінің шығу тарихын анықтайды.
  • Мозаиканың түрлерін атайды.
  • Мозаиканың анықтамасын тұжырымдайды.
  • Орындау техникаларын сипаттайды.
  • Постер дайындайды.

Тақырып: Мозаикалық панноға негіз дайындау. Нобай және материал таңдау

Оқу мақсаты

8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып (АКТ-ны қоса), бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтап, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.

Бағалау критерийлері

  • АКТ қолданып, бұйым дайындау реттілігі мен тиімді тәсілін анықтайды.
  • Графикалық және технологиялық құжаттар дайындайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

АКТ көмегімен мозаикалық панноның нобайын жасаңыз. Жұмысқа қажетті материалдарды таңдап, орындау реттілігін анықтаңыз.

Дескрипторлар

  • АКТ қолданып, графикалық тәсілде нобай орындайды.
  • Жұмыстың орындалу реттілігін анықтайды.
  • Қажетті материалдарды дайындайды.

Тақырып: Мозаика панносын орындау

Оқу мақсаты

8.2.1.1 Күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді білдіру үшін көркем құралдарды өз бетінше анықтау, таңдау және қолдану.

Бағалау критерийі

Шығармашылық идеясы мен сезімін көрсету үшін көркем құралдарды таңдайды, анықтайды және қолданады.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Мозаикалық панноны жасау үшін материалдарды таңдап, жұмыс реттілігін белгілеңіз. Нобайға сүйене отырып, шығармашылық идеяны іске асыру барысында түстер үйлесімін анықтап, көркем құралдарды қолданыңыз.

Дескрипторлар

  • Панно жасаудың реттілігін анықтайды.
  • Түстер үйлесімділігін анықтайды.
  • Қажетті материалдарды тиімді қолданады.
  • Идеяны жүзеге асыруда көркем құралдарды қолданады.

Тақырып: Көркемдеп безендіру және жұмысты таныстыру

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Онлайн платформаларда ауқымды аудитория алдында дайын жұмысты қорғау және ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілер).

Бағалау критерийі

Дайын шығармашылық жұмысын таныстырады және ұсынады.

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Өткен сабақта орындаған мозаикалық панноңызды таныстырыңыз.

Дескриптор

Аудитория алдында өз жұмысын қорғайды.

2-тоқсан: Дизайн және технология

Тақырып: Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу

Оқу мақсаты

8.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер және дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету.

Бағалау критерийі

Өнер, қолөнер және дизайн туындыларының ерекшеліктерімен танысады.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну.

Тапсырма

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының бір түрін атаңыз. Оның шығу тарихын және орындалу ерекшеліктерін постер немесе таныстырылым арқылы көрсетіңіз.

Дескрипторлар

  • Тұрмыстық заттың бір түрін атайды.
  • Шығу тарихын анықтайды.
  • Орындалу ерекшеліктерін сипаттайды.

Тақырып: Тұрмыстық заттардың техникасы мен материалдарын зерделеу (торсық, дөңгелек үстел)

Оқу мақсаты

8.1.6.1 Жобалау объектісінің қолданылу мақсаты мен ерекшелігін ескере отырып, конструкциялық, табиғи және жасанды материалдар мен өңдеу әдістерін негіздеп таңдау.

Бағалау критерийі

Материалдар мен әдістерді негіздеп таңдап, таңдаған объект бойынша жоба жасайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Таңдаған материалды қолданып, берілген бұйымдардың біреуін (торсық, дөңгелек үстел, сандық және т.б.) жасап көріңіз. Бұйымның ерекшелігін анықтап, шешіміңізді негіздеңіз.

Дескрипторлар

  • Қолданатын материалын анықтайды.
  • Бұйымның ерекшелігін сипаттайды.
  • Бұйымды жасап шығарады.

Тақырып: Идеяларды талдау, нобай орындау және жұмысты жоспарлау

Оқу мақсаты

8.1.4.1 Алған білімдері мен тәжірибесін пайдалана отырып, болашақ іс-әрекеттерін анықтау және шығармашылық әрекеттерін жоспарлау.

Бағалау критерийлері

  • Іс-әрекеттерін анықтайды.
  • Білімдері мен тәжірибесін қолданып, шығармашылық жұмыстың жоспарын құрастырады.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Алдыңғы білімдеріңізге сүйене отырып, жұмысыңыздың орындалу кезеңдерін жоспарлаңыз. Бұйымның нобайын сызыңыз.

Дескрипторлар

  • Жұмыс жоспарын құрастырады.
  • Бұйым нобайын сызады.

Тақырып: Материалдарды өңдеу және бұйымды дайындау

Оқу мақсаты

8.2.3.1 Қол және механикалық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, функционалдық және эстетикалық сапаны арттыру үшін материалдарды өңдеу және безендіру әдістерін анықтау және пайдалану.

Бағалау критерийі

Бұйымның функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін өңдеу мен безендіру әдістерін қолданады.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Қол немесе механикалық құрылғыларды пайдаланып, бұйымды дайындаңыз және безендіру жұмыстарын орындаңыз.

Дескрипторлар

  • Қажетті материалдарды өз бетінше дайындайды.
  • Қажетті қол немесе механикалық құралдарды қолданады.
  • Безендіру жұмыстарын орындайды.

Тақырып: Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Онлайн платформаларда ауқымды аудитория алдында дайын жұмысты қорғау және ұсыну.

Бағалау критерийі

Дайын шығармашылық жұмысын таныстырады және ұсынады.

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Дайын болған шығармашылық жұмысыңызды көрмеге дайындап, аудитория алдында қорғаңыз.

Дескрипторлар

  • Көрме ұйымдастырып, жоба жұмысын көрсетеді.
  • Бұйымын аудитория алдында қорғайды.

3-тоқсан: Дизайн және технология

Тақырып: Үстел ойыны. Шығу тарихы

Оқу мақсаты

8.1.2.1 Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер және дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету.

Бағалау критерийі

Өнер, қолөнер және дизайн туындыларының ерекшеліктерімен танысады.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну.

Тапсырма

Үстел үсті ойындарының шығу тарихын, түрлерін және ерекшеліктерін сипаттаңыз (постер немесе презентация).

Дескрипторлар

  • Үстел үсті ойындарының шығу тарихын сипаттайды.
  • Ойын түрлерін ажыратады.
  • Ойындардың ерекшеліктерін атайды.

Тақырып: Үстел ойынының тұжырымдамасы

Оқу мақсаты

8.1.4.2 Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнім түрлеріне деген қажеттілігін анықтау.

Бағалау критерийі

Өнім түрлеріне сай тұтынушылардың қажеттілігін анықтайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну.

Тапсырма

Өнім түрлерін ескере отырып, тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтаңыз.

Дескриптор

Тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өнімді анықтайды.

Тақырып: Үстел ойынын дайындау. Графикалық құжаттама

Оқу мақсаты

8.1.5.2 Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып (АКТ-ны қоса), бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтап, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.

Бағалау критерийлері

  • Графика тәсілдерін қолданады.
  • АКТ арқылы реттілік пен тиімді тәсілді анықтайды.
  • Технологиялық құжаттар дайындайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

АКТ қолданып, үстел үсті ойынының нобайын жасаңыз. Материалдарды таңдап, орындау реттілігін анықтаңыз.

Дескрипторлар

  • АКТ қолданып, графикалық тәсілде нобай орындайды.
  • Орындалу реттілігін анықтайды.
  • Қажетті материалдарды таңдайды.

Тақырып: Үстел ойынының бөлшектерін дайындау және көркемдеп безендіру

Оқу мақсаты

8.2.3.1 Қол және механикалық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, функционалдық және эстетикалық сапаны арттыру үшін материалдарды өңдеу және безендіру әдістерін анықтау және пайдалану.

Бағалау критерийі

Өңдеу және безендіру әдістерін қолданады.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Қажетті әрі тиімді материалдарды пайдаланып, үстел үсті ойынының жеке бөлшектерін дайындап, безендіріңіз.

Дескрипторлар

  • Материалдардың тиімді тұстарын анықтайды.
  • Бұйымды дайындайды.
  • Жеке бөлшектерін дайындап, безендіреді.

Тақырып: Ойынды тестілеу. Сауалнама және ақпарат жинау

Оқу мақсаты

8.3.4.1 Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және бейімдеу үшін қолданылған идеяларды талдап, бағалап, негізделген сыни ұсыныстар жасау.

Бағалау критерийі

Идеяны талдап, сыни тұрғыдан ұсыныс жасайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Үстел үсті ойынының идеясын жетілдіру мақсатында сыни ұсыныстар беріңіз.

Дескриптор

Идеяны жетілдіруге ұсыныс жасайды.

Тақырып: Жұмысты қорғау

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Онлайн платформаларда ауқымды аудитория алдында дайын жұмысты қорғау және ұсыну.

Бағалау критерийі

Дайын шығармашылық жұмысын таныстырады және ұсынады.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Құрастырған үстел үсті ойыны бойынша көрме ұйымдастырып, жұмысыңызды қорғаңыз.

Дескрипторлар

  • Көрмеге арналған материалдарды дайындайды.
  • Дайын жұмысын сынып алдында қорғайды.

4-тоқсан: Үй мәдениеті

Тақырып: Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі (өздігінен ізденіс-зерттеу)

Оқу мақсаттары

  • 8.2.5.1 Ауылшаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-тәсілдерді талқылау және бағалау.
  • 8.1.3.1 Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда ақпарат көздерін өз бетінше таңдап қолдану (АКТ-ны қоса).

Бағалау критерийлері

  • Ауылшаруашылық өндірісінің дамуын талқылап, бағалайды.
  • Ақпарат көздерін пайдаланып, идеяны зерттеп, жинақтап, таныстырады.

Ойлау дағдылары

Қолдану; жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Ауылшаруашылық өндірісінің дамуына әсер ететін факторларды анықтаңыз. Жинақтаған ақпарат көздеріне сүйене отырып, қолданылатын әдіс-тәсілдерді талқылап, бағалаңыз.

Дескрипторлар

  • Ауылшаруашылығының даму факторларын анықтайды.
  • Ақпарат көздеріндегі әдіс-тәсілдерді талқылайды.
  • Дамуға қатысты бағалау береді.

Тақырып: Электр құрылғылары мен тұрмыстық техниканы таңдау және бағалау

Оқу мақсаты

8.2.5.2 Тұрмыстық техника мен электр жабдықтарының эстетикалық, эргономикалық және эксплуатациялық сапаларын салыстыру және бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Тұрмыстық техника мен электр жабдықтарының түрлерімен танысады.
  • Сапаларын салыстырады және бағалайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Тұрмыстық техника мен электр жабдықтарының түрлері мен ерекшеліктерін анықтап, олардың сапаларын жан-жақты салыстырыңыз және әр топқа жіктеңіз.

Дескрипторлар

  • Түрлері мен ерекшеліктерін ажыратады.
  • Сапаларын жан-жақты салыстырады.
  • Қорытынды баға береді.

Тақырып: Бөлмені жөндеуге арналған заманауи материалдар мен құрал-жабдықтар (тәжірибелік жұмыс)

Оқу мақсаттары

  • 8.2.5.3 Жөндеу барысында ақауларды жоюдың тиімді тәсілдерін табу.
  • 8.2.5.4 Заманауи материалдар мен құрал-саймандарды (қол және электрлік) қолдану.
  • 8.2.6.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Ақауларды жоюдың тиімді тәсілдерін анықтайды.
  • Жөндеуге қажетті заманауи материалдар мен құралдарды қолданады.
  • Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану.

Тапсырма

Бөлмені жөндеуге арналған заманауи материалдар (тұсқағаз, левкас, сұйық тұсқағаз, эмульсия, «Леонардо», «Венецианка», кафель, сәндік тас және т.б.) мен құрал-саймандарды (әртүрлі пішіндегі шпательдер, электрлі дрель және т.б.) пайдалану туралы ақпаратты қарастырыңыз. Жинақталған деректерді ескере отырып, берілген материалдар мен құралдарды қолданып практикалық жұмыс орындаңыз.

Қауіпсіздік

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасымен мұқият танысып, талаптарды қатаң сақтаңыз.

Дескрипторлар

  • Ақпарат көздерінен материалдар мен құралдарды қолдану жолдарын жинақтайды.
  • Заманауи материалдар мен құрал-саймандарды өз бетінше қолданады.
  • Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтайды.