Ата салтым - асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын

Ата салтым – асыл мұрам

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым, бабалардың жалғастырар арманы. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім — өткенімді бүгінменен жалғадым.

Дәстүр — елдің тірегі

Дәстүрсіз халық жоқ. Барлық елдер сияқты қазақтың да өз дәстүрі, ата-бабалар салған сары жолы, бұлжымас қағидасы бар. Қазақ дәстүрі бай, ал халық оны қатаң сақтайды.

Туған халқының мінез-құлқын, наным-сенімін терең зерделеген ғұлама Ахмет атамыз: «Құдайдан кейін қорқатыным — қазақ дәстүрінің бұзылуы» — деп айтқан.

Өз дәстүрін білмегенді, сыйламағанды «надан, тәрбиесіз, көргенсіз» дейді. Бұл — ауыр сөз, бірақ орынды баға. Ұлттық салт-сана, дәстүр, әдет және әдеп — аттап өтуге болмайтын қастерлі құндылықтар. Оны берік ұстанып, жас ұрпаққа үйрету — әркімнің міндеті. Ата жолына кім болса да бас июге тиіс: бұл — ел-жұртыңды сыйлағаның.

Жеті ата — жады мен жауапкершілік

Бабамыз: «Жеті атасын білмеген — жетесіз» — деп, әр адамға өз тегін, жеті атасын білу мен үйретуді парыз санаған. Бұрын жеті атаны білу — заң болған.

Жеті атаға: бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата жатады. Мен де өз жеті атамды білемін:

  • Дархан
  • Ардақ
  • Ғабдолла
  • Ғабдош
  • Нұрмағамбет
  • Есенгұл
  • Қалиақпар

Халқымыздың әдет-ғұрпы мен дәстүрін, тарихын танып-білу, оны қастерлеу және бүгініміз бен келешегіміздің берік негізіне айналдыру — әр азаматтың парызы.