Тәуелсіздік - Бақ туын
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Мақсаты
Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
Кіріспе сөз
Тәрбиеші: Құрметті «Құлыншақ» балабақшасының ұжымы, ата-аналар және бүлдіршіндер! Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігіне, Желтоқсан оқиғасымен келген және тарихымызда алтын әріптермен жазылатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Сахналық көрініс
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап, музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Өлең жолдары
Ақбота
Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Алмат
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында,
Бостандықтың желі еседі.
Досат
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік — ұлы күнді.
Манұр
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Диана
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Рахима
Бостандығым тұңғыш рет,
Ақ қанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақыт күн.
Сақи
Тәуелсіздік — ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Ақтан
Тәуелсіздік — бақ туын,
Қолға ұстаған сәт бүгін.
Болсын дәйім шат күнім.
Еркетай
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік — ынтымақ,
Тәуелсіздік — еркіндік.
Жансая
Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр.
Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.
Жұлдызай
Тәуелсіздік — ел болу,
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Тұмар
Өз меншігің — тау, дала,
Көкке өрле, самға да!
Сеніммен кел, тәубаға!
Саян
Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздар-ай.
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.
Кеңшілік
Мереке бүгін — ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азат елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Әндер мен билер
Ән
- «Анашым» (орындайды: Жұлдызай)
- «Біз өмірдің гүліміз» (орындайды: Ақбота)
- «Қошақаным» (орындайды: Алмат)
- Хор: «Менің Қазақстаным»
Би
- «Хатуба» (орындайды: Диана)
- «Шығыс биі» (орындайды: Ақбота)
Құттықтау
Нұртілек:
Егеменді ел бақыты — ертеңгі.
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
Қорытынды сөз
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын мен байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсу — бәріміздің міндетіміз. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды.
Біз — сол батырлар армандаған ұрпақпыз. Сондықтан білімді, дені сау, Отанын сүйетін еліміздің лайықты ұл-қыздары болып өсуіміз қажет.
Апа-ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен, құрметті қонақтар, естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіміз аяқталды.