1989 жылы
Өмірбаяны: негізгі кезеңдер
Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы — қазақстандық эстрада әншісі. Төменде оның шығармашылық жолындағы маңызды даталар мен оқиғалар хронология түрінде берілген.
1989
25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келді.
1996
Алматы қаласындағы М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында білім алып, алғаш рет өнерге қадам басты.
1997
8 жасында «Махаббат мұңы» әнімен алғаш рет экранға шықты.
2005
Эстрада-цирк колледжінің студенті атанды.
2006
«Шаншар» әзіл-ысқақ театрында «Әке» әнін орындады. Сол жылы «Арман» әні жазылды.
2007
Тыңдарманға кеңінен танылған әндерін ұсынды: «Тәтті сезім», «Еркетай қарындасым», «Жаралдың кім үшін», «Аллаға шүкір», «Көз жасың көмектеспейді» және басқа да туындылар.
2008
25 ақпанда Алматы қаласындағы Республика сарайында «Тәтті сезім» атты алғашқы шығармашылық ән кешін өткізді.
2009–2010
Бірқатар хит әндер мен бейнебаяндар жарық көрді. Осы кезеңде ол тек Қазақстанда ғана емес, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге елдерде де танылып, бірнеше шығармашылық кеш өткізді.
2010
«Ауырмайды жүрек» әні жазылды.
2011
Қазақстан ұлттық арнасы ұйымдастырған «Екі жұлдыз» байқауына қатысты.
2012
25 ақпанда «KN» журналының тұсауы кесілді.
2013
Баян Есентаева продюсерлік еткен «Саз әлемі» байқауына «Ауырмайды жүрек» және «Мейлі» әндерімен қатысып, «Жыл әншісі» және «Жыл әні» атақтарын жеңіп алды. 9 сәуірде «Өкініш» фильмінің премьерасы өтті.
2014
MuzZone EMA-2014 премиясында «Жылдың үздік әншісі» атанды. Алматы және Астана қалаларында Қазақстанда бұрын-соңды болмаған 3D шоу-концерт ұсынды. Сондай-ақ «Қайрат Нұртас» тігін цехы жұмысын бастады.
2015
Ұлттық аспаптар оркестрімен жанды дауыста «Қызыл гүлім-ай» кешіне қатысты. Астана қаласында тұңғыш рет өткен Муз-ТВ арнасының арнайы «Гравитация» премиясында халықтық дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстанның үздік әншісі атанды.