Пернетақта

Пернетақта

Пернетақта — дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге қызмет етеді. Монитор мен пернетақтаның бірлесіп жұмыс істеуі қолданушы интерфейсі деп аталады. Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.

Пернетақтаның құрылымы

Стандартты пернетақта жүзден аса пернеден тұрады. Пернелер бірнеше функционалдық топқа бөлінеді.

Алфавиттік-цифрлық пернелер

Символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған негізгі пернелер тобы.

Функционалдық пернелер (F1–F12)

Пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне. Әр перне белгілі бір функционалдық әрекетті орындайды.

Қызметтік пернелер

Алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасады және басқару әрекеттерін орындауға көмектеседі.