Көктем мезгі керемет

Көктемнің келуі

Көктем келді. Күн жылына бастады. Бүкіл табиғат оянып, тіршілік қайта жанданды. Қар еріп, жылғалармен су сылдырап ақты.

Табиғаттың жаңаруы

Жер бетіне көк шығып, айнала жайқала бастады. Төлдер асыр салып ойнап, ауылдың берекесі арта түсті.

Белгі

Қардың еруі мен су жүруі табиғаттың толық оянғанын білдіреді.

Көрініс

Жасыл өскін, шуақты күн, құлпыра түскен дала — көктемнің айқын нышаны.

Адамдардың көктемгі тірлігі

Адамдар қалың киімдерін шешіп, жеңіл киімге ауысты. Көктемгі қарбалас та басталды: жер жыртылып, егін егіле бастады.

Балалар ата-аналарына көмектесіп, ағаштың түбін әктеп, жерді қопсытып, еңбекке араласты.

Береке мен көңіл күй

Мал төлдеп, ақ молайды. Әр үйде тіршілік қызу жүріп, көңілге жылылық ұялайды.

Көктем мезгілі — ерекше көркем әрі қуанышты шақ.