Қайдан келдің, бауырсақ
Орал қаласы, №19 ЖББОМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Мырзажанова Айдана Биманбетовна
Тәрбие сағатының тақырыбы
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
Мақсаты
- Еңбек — адамгершілік құндылығы екені туралы түсінікті кеңейту.
- Еңбектің адам өміріндегі мәнін ұғындыру.
- Еңбекке қызығушылықты дамыту.
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Слайдтар.
Негізгі ой
Еңбек — табысқа жетелейтін күш, ал жалқаулық — адамды кері тартады.
Тәрбие сағатының құрылымы
- Психологиялық дайындық
- Шаттық шеңбері (ән)
- Мақал және әңгімелесу
- Мәтінмен жұмыс
- Дәйексөз
- Сахналау
- Жүректен жүрекке
- Үй тапсырмасы
Өту барысы
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері
Ән: «Болайықшы осындай» (сөзі мен әні — А. Меңжанованыкі)
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Мақал
«Еңбек — бәрін жеңбек»
Әңгімелесу
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
- Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең қажет үш нәрсе:
Ауа мен су — табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде ең алдымен ойға келетіні — нан. Нан еңбекпен келеді. Сол сияқты киім, білім, үй, тұрмыстық заттар, денсаулықты сақтау — бәрі де еңбектің нәтижесі.
Мәтінмен жұмыс
Б. Әділов — «Еңбексіз өмір — сүреңсіз» (мысал әңгіме)
Талқылау сұрағы 1
Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Талқылау сұрағы 2
Сары пышақтың қай ісі сендерге ұнады?
Талқылау сұрағы 3
«Еңбексіз өмір — сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дәйексөз
«Еңбек — қуаныш, жалқаулық — айырылмас азап.»
Сахналау
Ө. Тұрманжанов — «Қайдан келдің, бауырсақ?»
Автор
Дастарқанда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап.
Қуыршақ
— Қайдан келдің, бауырсақ?
Бауырсақ
— Дүкеннен келдім, нан сатқан.
Қуыршақ
— Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ
— Наубайдан келдім, нан жапқан.
Қуыршақ
— Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ
— Диірменнен келдім, ұн тартқан.
Қуыршақ
— Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ
— Даладан келдім, жан-жақтан.
Бауырсақ (жалғасы)
Жер-Анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.
Жүректен жүрекке
Оқушылар бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады: сыйластық, мейірім, еңбексүйгіштік және өзара қолдау туралы жылы сөздермен бөліседі.
Үй тапсырмасы
«Еңбек — бақыт бастауы» тақырыбында шағын әңгіме жазу.