Суретке сүйеніп әңгімеле

NIS

ЖОБА

Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Дүниетану, 3-сынып • Астана, 2018

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақ жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жету барысына қатысты сындарлы кері байланыс беруге арналған үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыныстық сипатқа ие: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге болады.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Кімдерге арналған

Негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Дереккөздер

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.

Қолдану шарттары

Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1-тоқсан

  • Бөлім: Тірі табиғат
  • Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

2-тоқсан

  • Бөлім: Уақыт
  • Бөлім: Сәулет өнері

3-тоқсан

  • Бөлім: Өнер
  • Бөлім: Атақты тұлғалар

4-тоқсан

  • Бөлім: Су – тіршілік көзі
  • Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер

1-тоқсан: «Тірі табиғат» бөлімі бойынша тапсырмалар

Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы

Оқу мақсаты: 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Климат және ауа райы ұғымдарын ажыратады.
  • Сипаттамасы бойынша климаттық белдеулерді анықтайды.

1-тапсырма

Берілген ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендір.

Анықтама
Белгілі бір жердегі жыл сайын жүйелі түрде қайталанатын ауа райының негізгі көрсеткіштері.

Ұғым: Климат

Анықтама
Белгілі бір уақыттағы белгілі бір аймақ атмосферасының жай-күйі.

Ұғым: Ауа райы

Дескриптор

  • Климат ұғымын анықтайды.
  • Ауа райы ұғымын анықтайды.

2-тапсырма

Климаттық белдеулерді сипаттамаларымен сәйкестендір.

Сипаттамалар

  • Ауа температурасы жыл бойы біркелкі, жыл мезгілдері ауыспайды. Мәңгі жасыл ормандар көп.
  • Жазда ауа температурасы жоғары, қыста төмен болады. Ауасы өте құрғақ.
  • Жылдың төрт мезгілі анық байқалады. Табиғат жағдайлары маусымға қарай өзгереді.
  • Солтүстік және оңтүстік белдеуден тұрады. Күн сәулесі аз түсетіндіктен үнемі мұз құрсап жатады.

Белдеулер

  • Полярлық белдеу
  • Қоңыржай белдеу
  • Тропиктік белдеу
  • Экваторлық белдеу

Дескриптор

Білім алушы сипаттамасы бойынша климаттық белдеулерді анықтайды.

Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

Оқу мақсаты: 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын талдау (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи жағдайларды анықтайды.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Адамдардың қоныстануына қолайлы жерлерді белгіле. Неліктен олай деп ойлайсың? Түсіндір. Адамдардың қоныстануына әсер ететін табиғи жағдайларды ата.

Дескриптор

  • Қоныстануға қолайлы жерлерді анықтайды.
  • Таңдалған жерлердің қолайлы тұстарын сипаттайды.
  • Қоныстануға әсер ететін табиғи жағдайларды атайды.

Бөлімше: 2.2 Климат және ауа райы

Оқу мақсаты: 3.2.2.2 Ауа райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийі

  • Қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрастырады.

Тапсырма

Қатты дауыл болатыны туралы ақпарат алғаннан кейін не істеу керек? Суретке сүйеніп, қатты дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы дауыл кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерін құрастырады.

Бөлімше: 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері

Оқу мақсаты: 3.2.3.2 Геологиялық және табиғи-климаттық апаттар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Табиғи апаттар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрастырады.

Тапсырма

Суретке мұқият қара. Табиғи апаттардың атауларын жаз. __________________ __________________ __________________ __________________

Табиғи апат болған жағдайда өзіңді қалай ұстау керек? Жұпта талқыла. Суретте бейнеленген табиғи апаттардың біріне қатысты ереже құрастыр.

Дескриптор

  • Табиғи апаттардың атауларын жазады.
  • Табиғи апат кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесін құрастырады.

Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

Оқу мақсаты: 3.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтайды.

Тапсырма

Суреттерге сүйеніп, табиғи ортада кездесетін қауіп-қатерлер туралы әңгімеле. Табиғи ортада тағы қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін? Сызбаға жаз.

Дескриптор

  • Сурет бойынша табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді сипаттайды.
  • Табиғи ортада кездесуі мүмкін қауіп-қатерлерді атайды.

Бөлімше: 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік

Оқу мақсаты: 3.1.4.4 Табиғи ортадағы өзінің қауіпсіздігін жоспарлау

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Табиғат аясындағы қауіптің алдын алу туралы жоспар құрады.

Тапсырма

Табиғат аясында балалар қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек? Сурет бойынша әңгімеле. Сыныптастарыңмен бірге орманға саяхатқа баруға жиналдың делік. Сол жерде қауіп-қатерге ұрынбас үшін қалай дайындалар едің?

Өз табиғи ортадағы қауіпсіздік жоспарыңды құрастыр. Сұрақтарға жауап бер: 1) Адам қауіптің алдын алуды не үшін жоспарлайды?
2) Табиғат аясындағы қауіптің алдын алудың маңызы қандай?

Дескриптор

  • Сурет бойынша қауіпсіздік ережелерін құрастырады.
  • Табиғи ортадағы өз қауіпсіздігін жоспарлайды.
  • Қауіптің алдын алудың маңызын түсіндіреді.

1-тоқсан: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бөлімі бойынша тапсырмалар

Бөлімше: 1.1 Менің отбасым

Оқу мақсаты: 3.1.1.3 Өз отбасының құндылықтарын анықтау

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Өз отбасындағы құндылықтарды сипаттайды.

Тапсырма

Жұпта талқылай отырып, сұрақтарға жауап бер:

  • Отбасы деген не?
  • Отбасын не біріктіреді?
  • Отбасылық құндылық дегенді қалай түсінесің?
  • Сенің отбасың қандай құндылықтарымен қымбат?

«Құндылықтар картасын» толтыр. Жұбыңа өз отбасыңның құндылықтары туралы әңгімеле.

Дескриптор

  • Сұрақтар негізінде ойын айтады.
  • Отбасылық құндылықтарды атайды.
  • Өз отбасындағы құндылықтар туралы әңгімелейді.

Бөлімше: 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және патриотизм

Оқу мақсаты: 3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Жеке тұлғаның дамуындағы еңбектің рөлі туралы әңгімелейді.

Тапсырма

Суреттің мазмұнына сәйкес келетін мақалды белгіле.

Оқу – білім азығы, жалқауға күнде той.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Білім – ырыс қазығы.

Топтық жұмыс

  • Адамдар не үшін еңбектенеді?
  • Еңбек қандай жетістіктерге жеткізеді?
  • Еңбектің кімге қандай пайдасы бар?
  • Еңбекте табысты болу үшін қандай қасиеттер қажет?
  • Сенің отбасыңда еңбек қандай рөл атқарады?
  • Отбасыңның қай мүшесі қандай еңбекпен айналысады?
  • Сен қандай еңбекпен айналысасың?

Дескриптор

  • Суретке сәйкес мақалды анықтайды.
  • Адам өміріндегі еңбектің рөлін сипаттайды.

Бөлімше: 1.1 Менің отбасым

Оқу мақсаты: 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және негіздеу

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийі

  • Өз қаражатын жұмсауды жоспарлайды және негіздейді.

Тапсырма

Әр адамның кірісі мен шығыны болады. Сен де ақшаңды қайдан аласың және оны қайда жұмсайсың? Жаз.

Сенің жинаған _______ теңгең бар делік. Оны қайда жұмсағың келеді? Жоспар құрастыр және себебін түсіндір.

Дескриптор

  • Өзінің кірістері мен шығындарын көрсетеді.
  • Шығындарын жоспарлайды және түсіндіреді.

Бөлімше: 1.1 Менің отбасым

Оқу мақсаты: 3.1.1.5 Өз шығындарын оңтайландыру жолдарын ұсыну

Ойлау дағдылары

Қолдану • Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

  • Өз қаражатын үнемдеу жолдарын сипаттайды.

Тапсырма (жағдаят)

Жағдаятты түсініп оқы. Аслан қалада оқиды. Ол студент. Жақсы оқығаны үшін шәкіртақы алады. Сонымен қатар ата-анасы да жиі ақша салып тұрады. Бірақ Аслан бұл қаражатты барлық қажеттілігіне жеткізе алмайды. Бірде әкесі оған қолдағы бар қаражатты үнемдеп жұмсау керектігін ескертті.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Үнемдеу дегенді қалай түсінесің?
  • Қалаған заттың бәрін сатып ала беруге бола ма? Неліктен?
  • Өз қаражатыңды қалай үнемдейсің? Мысал келтір.

Дескриптор

  • Үнемдеуге қатысты ойын айтады.
  • Шығындарды оңтайландыру жолдарын ұсынады.

Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Оқу мақсаты: 3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды.

Топтық жұмыс

Қоғамдық орындардың бірін таңдап, онда сақталуы тиіс тәртіп ережелерін құрастырыңдар. Ережелерді жазу үшін шартты белгілер ойлап табыңдар, белгі қасына ережені жазыңдар және сыныптастарыңа мағынасын түсіндіріңдер.

Қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуы маңызды ма? Ойыңды дәлелде.

Дескриптор

  • Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін құрастырады.
  • Ережелерге арналған шартты белгілер жасайды.
  • Әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.

Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Оқу мақсаты: 3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңызын дәлелдеу

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийі

  • Адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын түсіндіреді.

Тапсырма

Мағынасы суретке сәйкес келетін сөзді анықтап, сәйкестендір: қамқорлық, достық, кикілжің.

Жұптық талқылау сұрақтары

  • «Дос», «достық» сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?
  • Адамдар неге достасады?
  • Нағыз дос қандай болады?
  • Қиын сәтте досың көмектескен (немесе сен көмектескен) жағдай болды ма? Мысал келтір.
  • Егер досың болмаса не болады?
  • Достарыңның болуы не үшін маңызды?

Дескриптор

  • Суретке сәйкес сөзді анықтайды.
  • Достықтың мағынасын сипаттайды.
  • Достықтың маңызын түсіндіреді.

Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Оқу мақсаты: 3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Сыныптағы өзін-өзі басқару ережелерін сипаттайды.
  • Сынып ережесін құрастырады.

Тапсырма

Сыныптағы өзін-өзі басқару ережелерін сипаттайтын сөздерді белгіле. Сенің сыныбыңда қандай ережелер бар? Қай ережелерді өзгерткің немесе толықтырғың келеді?

Жұбыңмен талқылай отырып, сынып ережесінің өз нұсқаңды құрастыр.

Дескриптор

  • Өзін-өзі басқару ережелерін сипаттайтын сөздерді анықтайды.
  • Сыныптағы өзін-өзі басқару ережелерін атайды.
  • Сынып ережесінің өзіндік нұсқасын ұсынады.

Бөлімше: 1.2 Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Оқу мақсаты: 3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешім қабылдау жолдарын түсіндіру

Ойлау дағдылары

Қолдану • Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

  • Мәселеге қатысты шешім қабылдау жолдарын ұсынады.

Тапсырма (жағдаят)

Жағдаятты оқы. Жұбыңмен мәселені шешу жолдарын талқыла.

Сен Гауһармен бір партада отырасың. Ол үнемі көңілсіз жүреді, ешкіммен сөйлеспейді. Сыныпта достары жоқ. Сабағы да күн сайын нашарлап барады. Гауһарға қалай көмектесуге болады? Мәселені шешудің қандай жолдарын ұсынар едің?

Дескриптор

Білім алушы жағдаятты шешу жолдарын ұсынады.

Бөлімше: 1.5 Құқық және міндет

Оқу мақсаты: 3.1.5.1 Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну • Қолдану

Бағалау критерийі

  • ҚР Конституциясының маңыздылығын сипаттайды.

Тапсырма

Қазақстан азаматтарының қандай құқықтары бар? Оларға қандай міндеттер жүктелген? Кестеге жаз.

ҚР азаматтарының құқықтары

  1. _______________________
  2. _______________________
  3. _______________________

ҚР азаматтарының міндеттері

  1. _______________________
  2. _______________________
  3. _______________________

Жұптық талқылау

  • Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері жазылған құжат қалай аталады?
  • Конституция адамдардың өміріне қалай әсер етеді?
  • Конституция болмаса не болар еді?

Дескриптор

  • ҚР азаматтарының құқықтарын анықтайды.
  • ҚР азаматтарының міндеттерін анықтайды.
  • Конституцияның маңызы туралы қорытынды жасайды.

2-тоқсан: «Уақыт» бөлімі (үзінді)

Бөлімше: 1.1 Менің отбасым

Оқу мақсаты: 3.1.1.1 Отбасы мүшелері арасындағы туыстық қатынастарды түсіндіру

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

  • Отбасы мүшелері арасындағы туыстық атауларды сипаттайды.

Тапсырма

Сызба арқылы отбасы мүшелері арасындағы туыстық атауларды жаз. Отбасылық суретті пайдаланып, өз отбасыңның мүшелерін таныстыр.

Дескриптор

  • Туыстық қатынастарды анықтайды.
  • Өз отбасы мүшелері арасындағы туыстық қатынасты түсіндіреді.

Ескерту

Берілген мәтін үзінді күйінде ұсынылғандықтан, 2-тоқсанның әрі қарайғы бөлімдері (спорт түрлері, мерекелер, жел/дауыл қауіпсіздігі, көшпелі және отырықшы өмір салты, тарихи ескерткіштерді сақтау, түркілердің өмір салты, т.б.) осы құрылым бойынша жалғастырылады.

Бұл бет оқу-әдістемелік мәтінді блог форматында ұсыну үшін редакциялық өңдеуден өткізілді: орфография мен тыныс белгілері түзетілді, сөйлем құрылысы ықшамдалды, мазмұндық қайталаулар реттелді.