Кіндігін тауып Ұлы Даланың, Алдымнан шықты күліп арманым
Ешен Сәнаруа, 9-сынып оқушысы, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп
Жетекшісі: Тлеболдинова Н.Ы.
Арман мен мақтаныш
«Кіндігін тауып Ұлы Даланың,
Алдымнан шықты күліп арманым.
Нұрсұлтан салған нұрлы қаланың,
Көшесіндегі гүлі боламын», — деп ақын ағаларымыз жырлағандай.
Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен мақтанамын. Атамды шын жүректен Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!
«Жыл адамы» және мойындалған еңбек
«Жыл адамы» атағы 1993 жылдан бері беріліп келеді. Бұл атақ жеке тұлғаларға ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнес, қайырымдылық және ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін табысталады.
2011 жылы Қазақстан ғалымдары Н.Ә. Назарбаевты «Ғасыр ғұламасы» атағымен марапаттады. Мен бұл марапаттардың барлығы Тұңғыш Президентіміздің ел үшін атқарған орасан зор еңбегінің нәтижесі деп білемін.
Тәуелсіздік, білім және болашақ
Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанды әлемдегі барлық ел таниды, біледі. Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың білім алуына және дамуына ерекше көңіл бөлініп, жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Оқушылар үшін көптеген мүмкіндіктер жасалуда.
Мен өзімді осы үлкен істің бір тамшысындай бөлшегі ретінде сезінемін. Алдымда тұрған асқақ арманымды орындау үшін бар күш-жігерімді және алған білімімді жұмсаймын. Өйткені көз алдымда Нұр атаның жарқын бейнесі тұр, ал жүрегімде — елімнің ертеңі.
Үндеу
Елдің бірлігі мен болашағы үшін барлық оқушыны сабақтарын «4» пен «5»-ке оқуға шақырамын.