Ылғалды оттегі беру
Спазмофилия туралы
Спазмофилия — гипокальциемиялық синдром. Бұл жағдай баланың организмінде кальций мен фосфордың төмендеуіне байланысты пайда болып, құрысу-тырысуға бейімділікпен сипатталады.
Көбіне 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Әсіресе көктем мезгілінде және бала рахитке байланысты D дәруменін қабылдап жүрген кезеңде жиірек байқалады.
Клиникалық көріністері
Спазмофилияның клиникалық айқындалуының екі негізгі формасы бар:
1) Ларингоспазм
Дауыс желбезектерінің тырысуына байланысты дыбыс саңлауы тарылып, бала қиналып, шумен дем алады. Реңінде қорқыныш байқалады, тершеңдік пайда болады, кейде есінен танып қалады. Бірнеше секундтан соң тынысы қайтадан шумен қалпына келуі мүмкін.
2) Эклампсия
Баланың барлық бұлшықеттері құрысып-тырысады, ауызынан көбік шығуы мүмкін, бала есінен айырылады.
Емі
I. Ларингоспазм кезінде
- Таза ауа жеткізу.
- Салқын су шашу, құйрығынан ұру.
- Ылғалды оттегі беру.
- Жағдайы жақсарғаннан кейін кальций препаратын беру.
II. Эклампсия кезінде
- Сабырлы жағдай жасау.
- Баланы жұмсақ жерге жатқызып, басы мен қол-аяғын жарақаттанудан сақтау, басын бір жаққа бұру.
- Ылғалды оттегі беру.
- Құрысу-тырысуға қарсы дәрілерді егу: реланиум, валиум, седуксен, ГОМК, дроперидол.
Алдын алу
Спазмофилияның алдын алуы рахиттың алдын алумен қатар жүргізіледі.