Жақсылықтың мейірі

Сіз деген – әдеп, біз деген – көмек

Бұл сабақтың өзегі — балалардың сыйластық, қамқорлық, бірлік құндылықтары туралы түсінігін кеңейту. Әдепті қарым-қатынас адамның өміріндегі мәнін ұғындырып, бірлесіп еңбек етуге қызығушылықты арттыру және өзара көмекке тәрбиелеу көзделеді.

Мақсат

Балалардың сыйластық пен қамқорлық туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттер

  • Өзара сыйластықтың адам өміріндегі орнын түсіндіру.
  • Бірлесіп еңбек етуге қызығушылықты арттыру.
  • Өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • Оқулық, дәптер
  • Түрлі түсті қағаздан қиып жасалған үй макеті

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын хормен қайталайды.

Әдеп (Б. Үсенбаев)

Сыйластықты іздеген,

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі –

Үлкендерге «Сіз» деген...

Әңгімелесу

  • 1 Өзара сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?
  • 2 Қандай жағдайда және кімдерге көмек көрсетесіңдер?

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға Е. Өтетілеуовтің «Бірлік» әңгімесі оқылады. Мазмұны түсіндіріліп, талқылауға арналған сұрақтар қойылады.

1) Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

2) Жалғыз істеген жұмыспен көп болып жасаған істің айырмашылығы қандай?

3) Достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімде болдыңдар?

Сахналау

Балалар А. Естеновтің «Бес нәрсеге асық бол!» өлеңін сахналық көрініс ретінде ұсынады.

Қатысушылар

  • Мұғалім
  • Қанағат
  • Рақым
  • Терең ой
  • Талап
  • Еңбек

Жағдаяттарды талдау

Сабақта түйген ойды бекіту үшін өмірлік жағдаяттар ұсынылып, әрқайсысы бірге талданады.

Жағдаят 1

Ұланға ата-анасы жұмысқа кетерде: «Біз келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр да, су әкел», — деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң, достары Айдын мен Дидар келіп, оны футбол ойнауға шақырды. Ұлан ата-анасының тапсырмасын орындау керек пе, әлде достарының көңілінен шығу керек пе — білмей қалды.

Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Жағдаят 2

Жаңыл інісі Ернармен аулада ойнап жүр еді. Сол кезде көрші үйдің Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатты. Ернар: «Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші», — деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, оған бір нәрсені түсіндіре бастады.

Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?

Жағдаят 3

Бүгін — сенбілік. Кеше мұғалім әр оқушыға мектепке сыпыртқы мен шелек әкелуді тапсырған. Мектеп алдында жиналыс өтіп, әр сыныпқа жұмыс бөлінді. 3-сынып оқушыларына мектеп ауласын сыпыру және гүлдерге су құю тапсырылды. Сенбілікке сыныптың барлық оқушысы жиналды: ұлдар аула сыпырды, қыздар гүл суарды. Сынып жетекшісі балаларға сүйсіне қарап тұрды. Балалар жұмысты ұйымшылдықпен, тез әрі ұқыпты аяқтады.

Бұл сыныпты қандай сынып деп айтар едіңдер?

Дәйексөз

Көп жүрген жер — көңілді,

Көп еңбегі — өнімді.

Ойын- жаттығу

Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.

1. Көпшіліктен береке кетпес, Берекеден мереке кетпес.

2. Бірлік бар жерде, тірлік бар.

3. Татулық — табылмас бақыт.

4. Игілік басы — ынтымақ.

5. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

Жаңа ақпарат

Адамдар арасындағы ізгілік пен сыйластыққа құрылған қарым-қатынастан әдептілік туады. Әдепті адам — биязы, сыпайы, инабатты, ізетті әрі тәртіпті болады.

Дәптермен жұмыс

Тапсырма

Өлеңді оқыңдар. Өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар.

«Сіз, біз» деген жылы сөз (Ө. Тұрманжанов)

Сіз, біз деген жылы сөз —

Баршаға керек жақсылық!

Жылытады жүректі,

Қызғанбай бөліп алыңыз!

Жақсылық билеп жанды тез,

Сіз, біз деген жылы сөз —

Оятады игі тілекті,

Жақсылықтың мейірі.

Біреуге біреу жақсылық,

Бір-біріне болып көз,

Тілесе әркез жаны ашып,

Кең болсын адам пейілі!

Осы бір шырын — тәттілік,

Тұрмай ма жанға жарасып?!

Қорытындылау

Әрбір адам «Сіз» бен «біз» деген ізетті сөздерді ұмытпай, оны күнделікті өмірде қолданса, адамдар арасында жарасым мен сыйластық нығаяды. Сонда қоғамда тыныштық орнап, бейбіт әрі бақытты өмірге қадам басамыз.

Жүректен – жүрекке

Балалар достық шеңберін құрып, А. Естеновтің «Әдеп» өлеңін оқиды.

Әдеп (А. Естенов)

Әдеп, ізет, иба да —

Шарайнасы жаныңның.

Әдептіні сыйла да,

Тәңіріңдей табынғын.

Әдеп — алтын сабырың,

Жетелейтін мұратқа.

Әдеп — талап, жалының,

Ақ желкенін құлатпа.