Жақсы бала еңбекшіл
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пәні
- Өзін-өзі тану
- Сыныбы
- 4-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Еңбекқорлық пен еріншектік
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабақ
- Негізгі құндылық
- Еңбек
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсінігін кеңейту; еңбекқор және еріншек мінез-құлықтың айырмашылығын ұғындыру.
Дамытушылық
Еңбекке қызығушылығын арттыру, ой қорыту мен пікір айту дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке және бір-біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы: «аралдар» бойынша саяхат
Оқушылар екі топқа бөлініп, екі «кемемен» Еңбексүйгіштер еліне сапар шегеді. Әр кезең — өз алдына бір арал, әр аралда тапсырма мен ой бөлісу бар.
-
I
«Көңілді шаттық шеңбері»
Жылы атмосфера қалыптастыру, ән арқылы ынтымақтастықты күшейту.
-
II
«Ой-жүйрік»
Сұрақтар арқылы еңбек туралы түсінікті тереңдету.
-
III
«Кел, балалар, оқылық!»
В. А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіштік пен еріншектік» ертегісін оқу және талдау.
-
IV
«Кел, досым, би биле»
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту, еңбек тақырыбын өлеңмен бекіту.
-
V
«Бабалар сөзі — даналық көзі»
Абайдың нақыл сөзін табу және мағынасын ашу.
-
VI
«Шығармашылығыңды шыңда»
«Еңбек пен бақыт — егіз» тақырыбын талқылау және өлеңдермен жұмыс.
-
VIII
«Біліп ал!»
Еңбектің адамға берер қуанышы мен мәні туралы қорытынды ой.
-
IX
«Қалам ұстап, ой қозғайық»
Жазба жұмысы: мінездерді ажырату және мақал-мәтелдер жазу.
-
X
«Ертегілер әлемінде»
Сурет салу, мазмұндау, әңгімелеу арқылы түсінуді тереңдету.
-
XI
«Жүректен шыққан жылы сөз»
Шеңберде тұрып бір-біріне жылы тілек айту.
Сабақтың барысы
Тренинг: «Кемені сапарға дайындайық»
Әр оқушы кемедегі өз орнына отырады. Әр бұйрықтан кейін «Иә!» деп жауап беріп, қимылды қайталайды.
- 1.Саяхатқа дайындалыңдар. (Иә!)
- 2.Байланысты тексер (контакт). (Қолды созу)
- 3.Педальді тексер. (Аяқты тарсылдату)
- 4.Локаторды тексер. (Құлақты уқалау)
- 5.Желкенді тексер. (Екі қолды көтеру)
- 6.Дүрбіні тексер. (Көзді уқалау)
- 7.Экипаж мүшелерін тексер. (Бір-бірін құшақтау)
- 8.1-ден 5-ке дейін санағанда «у-у-у» деңдер; 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер.
I арал: «Көңілді шаттық шеңбері»
Сөзі мен әні: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым-ай.
II арал: «Ой-жүйрік»
- Еңбектену адамға не үшін қажет?
- Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
- Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба? Неліктен?
III арал: «Кел, балалар, оқылық!»
В. А. Сухомлинскийдің «Еңбексүйгіштік пен еріншектік» ертегісі оқылады.
Талқылау сұрақтары
- Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтыңдар.
- «Нағыз адамның өткен жолдары өшпейді» деген ойды қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар.
IV арал: «Кел, досым, би биле»
Сергіту сәті өлең мен қимыл арқылы орындалады:
Қырға шықсаң өрлеп (қолдарын кезек-кезек жоғары көтереді)
Мұның аты — еңбек. (екі қолын жаяды)
Кесте тіксең зерлеп (ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты — еңбек. (екі қолын жаяды)
Сабағыңа жөндеп (көршісіне қарап, қолын жаяды)
Әзірленсең — еңбек. (екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (екі қолын жаяды)
V арал: «Бабалар сөзі — даналық көзі»
Шатасқан әріптерден Абайдың нақыл сөзін табу тапсырмасы беріледі.
Жұмбақ жол
Лмнжеңбектісқұнқуанышлмрнужалқаулықпраустынайырылмастақолкеазаптир ҚКИТАБАЙДТМ
Жауап
Еңбек — қуаныш, ал жалқаулық — айырылмас азап.
Абай
VI арал: «Шығармашылығыңды шыңда»
«Еңбек пен бақыт — егіз» тақырыбы көзқарас – себеп – мысал – қорытынды әдісімен талқыланады.
Топтық жұмыс
- I топ: М. Әлімбаев — «Ұмытшақ па, әлде еріншек пе?»
- II топ: М. Әлімбаев — «Менің оған нем кетті»
VIII арал: «Біліп ал!»
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа бөленіп, ішкі шаттық пен сенімді сезінеді.
IX арал: «Қалам ұстап, ой қозғайық»
I топ
Еріншек пен еңбекқорға тән мінездерді бөліп жазу.
II топ
Еңбекке байланысты мақал-мәтелдер жазу.
X арал: «Ертегілер әлемінде»
I топ
«Балтаның сабы» ертегісі бойынша сурет салып, ертегіні әңгімелейді.
II топ
«Алтын балта» ертегісі бойынша сурет салып, ертегінің мазмұнын баяндайды.
XI арал: «Жүректен шыққан жылы сөз»
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді. Бұл кезең сабақтың адамгершілік мәнін бекітіп, сыныптағы татулықты күшейтеді.