Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие

Шымыр батыр (Шымыр ата)

Шымыр батыр, Шымыр ата (т.-ө. ж. б.) — Ұлы жүздің Дулат тайпасынан шыққан батыр әрі әулие. Шежіре деректері бойынша ол Дулаттың кенже ұлы болған және шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезеңінде өмір сүрген.

Билігі мен қызмет еткен өңірлері

Шымыр батыр Талас пен Шу өзендері өңірлерінде, сондай-ақ Ташкент пен Сайрамда билік жүргізген.

Ол ұлұғ-бек (ұлы бек) атағына ие болғаны туралы деректер бар.

Ру тармақтары және тарихи мұра

Шымырдан Шынқожа, Бекболат, Темірболат рулары тарайды. Осы әулет-рулардың арасынан ел мақтанышына айналған шешендер, билер, батырлар, датқалар және қоғам қайраткерлері шыққан.

Танымал тұлғалар

  • Қойгелді батыр
  • Байзақ датқа
  • Тұрар Рысқұлов
  • Бауыржан Момышұлы
  • Шерхан Мұртаза
  • және тағы басқа тұлғалар

Қорымы және ескерткіш

Шымыр батыр Ташкент қаласының маңында жерленген. Қабірінің басына 2000 жылы кесене тұрғызылған.