Үмітті үзбегейсің ұғып терең, Қалады сен жоқ жерде суып денем

АҚ АРМАНЫМ

Сырларым саған деген көгімде ойнап,
Барады жүрегімді сезім бойлап.
Қос ғашык қол ұстасып бара жатса
Сонда мен сағынамын өзіңді ойлап,
Ақ арманым.

Қиналам жауап іздеп сұрақтарға.
Біздерден бақыт бағы жырақтар ма?
Мен ғана серігің боп қалайыншы
Сен меннен өзге ешкімге сыр ақтарма,
Ақ арманым.

Қимайды біздер барған көл сені де,
Бағынып бұл өмірдің өлшеміне.
Өзге ешкім керек емес, сеннен басқа
Айналдың жүрегімнің бөлшегіне,
Ақ арманым.

Үмітті үзбегейсің ұғып терең,
Қалады сен жоқ жерде суып денем.
Менімен мәңгі бірге болам десең
Сен үшін жүрегімді жұлып берем,
Ақ арманым.



Ұқсас жұмыстар

Ақындардың қолданысындағы фразеологиялық тіркестер ерекшелігі
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым-қатынастың ерекшелігі
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері
Имандылық мәселесінің философиялық аспектілері туралы
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы ұлттық болмыс көрінісі
Қыз бала психологиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Алтай осы жерден басталады
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Этноцентризм және әйелдер
Біз бүгін қай жерде тұрмыз
Биоценоз туралы түсінік
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы
Ілияс Есенберлин