Мен үйдің үлкенімін

Отбасым туралы

Мен үйдің үлкенімін. Менің туған інім және сүйкімді қарындасым бар. Оларды өте қатты жақсы көремін.

Қарындасым Жанель

Қарындасымның аты — Жанель. Ол өте тәтті әрі сүйкімді. Әлі кішкентай болса да, үйімізге ерекше жылулық сыйлайды.

Мен үйден сабаққа немесе домбыра үйірмесіне кетсем, оны қатты сағынамын.

Жанельдің қылықтары жиі есіме түседі, сол сәтте үйге тезірек қайтқым келіп, асыға жөнелемін.