Тәрбие сағат тақырыбы
Тәрбие сағат тақырыбы
«Ұстаздың ұлы келбеті»
Жүргізуші мұғалім
Мұханбетжанова А.Ж.
Көрнекіліктер
Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері, тақырыпқа сай түрлі көрнекі материалдар.
Тәрбие сағат мақсаты
Ұстаздың адам өміріндегі орны айрықша екенін ұғындыру; оқушылардың бойына ұстазды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін дамыту әрі дарыту.
Кіріспе сөз
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Ұстаздар мерекесі қарсаңында өтетін «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Оқушылардың тақпақтары
1-оқушы
Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен, Сен ұялдың кір болса менің жейдем. Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп, Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең.
2-оқушы
Алғаш рет оятқансың санамды, Алғаш рет ұстатқансың қаламды. Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін, Түсіндірген жақсы менен жаманды.
3-оқушы
Ұстаз бізді білім беріп өсірген, Қатемізді әрқашанда кешірген. Өмір жолы — қиын жол деп әрдайым, Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
4-оқушы
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың. Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Қазақтың тұңғыш ұстазы туралы
Мұғалім: Балалар, қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме? Әрине, Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин — қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы. Ол қазақ жазба әдебиетінің негізін салуға, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуге зор үлес қосты. Балаларға ана тілін таза үйретіп, халықтың бай тілін меңгерту арқылы оларды өнер-білімге жетеледі.
Ол туған халқын оқу-білімге шақырып, қараңғылықта қалған еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Жас ұрпақ тәрбиесінде жаңа ғылымның іргетасын қалап, түрлі кедергілер мен қарсылықтарға қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.
Жалғасы: тақпақтар
5-оқушы
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан, Сізге ұқсап қудық біз де сан арман. Сіздей адам дүниеде көп болсын, Балалардың бақыты үшін жаралған.
6-оқушы
Ең аяулы есім ғой — «Ұстаз» деген, Бар тіршілік бақытты ұстазбенен. Ұстазды жеткізгенше мұратына, Білім іздеп лапылдап жаңа берем.
7-оқушы
Ұстаздың оттай ыстық алақаны, Болған соң ойлайтыны — бала қамы. Баладан ұстазыма мың сан алғыс, Өйткені ол — ұстазымның ақ арманы.
8-оқушы
Нұрын төккен көк аспан күмбезінен, Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне. Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем, Бар байлығын әлемнің — бір өзіңе.
Ұстаным
Біз ата-анамызды қалай қадірлеп, құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу — парызымыз.
Ән
«Білімнің бұлағы»
Нақыл сөздер
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.»
«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.»
«Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.»
«Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға.»
«Қайратсыз ашу — тұл, Тұрлаусыз ғашық — тұл, Шәкіртсіз ғалым — тұл.»
«Ұстаздық ету — өзінің уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.»
«Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.»
«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы — мұғалім.»
«Мұғалім — оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.»
Қорытынды
Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады. Сондықтан дарынды ойшылдар да, арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып, қадірлейді.
Ендеше, ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген ой түйіп, бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмамдаймыз.