Ана тілім



Қазақ тілім

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың - 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар тілім деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Туған тілім - ана тілім

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Ана тілім

Ана тілім, 
Жүрегісің анамның. 
Жүрек-ана, 
Мен өзіңнен жаралдым. 
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, 
Сенсіз мынау керегі не ғаламның! 
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Ел бетіне қалай түзу қараймын, 
Ана тілім, 
Егер сені білмесем. 
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, 
Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. 
Туған анамды ұмытқаным емес пе, 
Туған тілім, 
Егер сені ұмытсам. 
Сенің арқаң өзімді өзім түсінсем, 
Ақыл-ойым, айбатым-сен, күшім-сен! 
Қойсын маған күннің нұры түспей-ақ, 
Ана тілім, 
Арыңа дақ түсірсем. 
Ағытатын тасқын ойдың тиегін, 
Өзің ғана сыйынатын киелім! 
Ризамын отқа жанып сен үшін, 
Күлге айналып кетсін мейлі сүйегім. 
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, 
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 
Сенсің менің қуанышым, шаттығым, 
Сенсің менің тазалығым, пәктігім. 
Ана тілім, 
Алтын ұям, құндағым, 
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 
Сенің жырың, сенің әнің айтарым, 
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!

Қуатым – ана тілім
Қазағым, қайда жүрсең біл тіліңді,
Айтады ана тілсіз кім түбіңді?
Қайсыбір қандастарым шүлдірлесе,
Жүрегім біз сұққандай мың тілінді.
Қуатым – ана тілім ақ сүт берген,
Жан емен, сен бар кезде қаңсып көрген.
Өлеңде топқа түссем, өзіңсің ғой,
Әперген маған орын ашып төрден.
Қалса егер, жалғыз сәтке қалғып тілім,
Дей бергін ауа жетпей, қарлықты үнім.
Сен барда терезем тең, еңсем биік,
Қасында тұрсам-дағы қай мықтының!
Ардағым, ана тілім - жан мерейім,
(Жүзіңнен әрқашан да таң көрейін).
Сен болсаң, көш бастаушым келешекке,
Соңыңнан көзім жазбай, мәңгі ерейін.
Төбемде тұса сенің жанып нұрың,
Демеймін сөз сөйлеуден жалықты ұлың!
Түсінгін ардақ тұтқан ана тілім,
Екенін жан сырымның анық мұның!

Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.



Ұқсас жұмыстар

Қазақ тілім, өркенде!
Қазақ тілі - бай тіл
Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық құндылық бағдарын қалыптастыру моделі
Ана тілің - анаң
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Әңгіме - ойынның негізінде ұстаз балалармен қатынасуы жатады, балалардың ұстазбен және балалардың дос доспен қатынасуы
Бастауыш сынып оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету
Қазақ тілі – менің тілім
Тіл-менің тірегім
Тіл жайлы дана,түйінді сөздер жиынтығы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
БАЙСЕЙІТОВ Қанабек
ЕРЖАНОВ Манарбек