Арманымның бейнесі атты жыр жинағының авторы

Өмірбаяны

Сарин Қалқаман Айымғазыұлы 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген.

Білімі

1994

Орта мектепті аяқтады

1998

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тарих факультетін тәмамдады

2001–2003

Аспирантураны аяқтады

Қызмет жолы

  • Еңбек жолын ұстаздықтан бастады.

  • 1998–2008 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарды.

  • Қазіргі уақытта Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етеді.

Шығармашылығы және марапаттары

Жетістіктер

  • Бірнеше халықаралық және республикалық жыр-мүшәйралардың жүлдегері.
  • Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
  • «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы.

Еңбектері

«Арманымның бейнесі»

Жыр жинағының авторы.

«Жібек сезім – жүрек сөзім»

Өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнтаспасын шығарған.

Танымал ән мәтіндері

Қызыма Күзгі бақ Жібек сезім т.б.