Сүтқоректілер отрядтары

Сабақтың тақырыбы

Көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.

Сабақтың мақсаты

Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы, сондай-ақ сүтқоректілер отрядтарының ерекшеліктері туралы жүйелі мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері

  1. Сүтқоректілер туралы білімдерін толықтыру.
  2. Ойлау, салыстыру және логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту.
  3. Сүтқоректілердің отрядтарын сипаттай білуге тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі
Жаңа сабақ
Көрнекіліктер
Презентация («Сүтқоректілердің көптүрлілігі»), Венн диаграммасы, кестелер, сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
  • Психологиялық ахуал: оқушылар орындарынан тұрып, қасында отырған сыныптасының қолынан ұстап, бүгінгі сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады.

II. Үй жұмысын тексеру

1

«Сиқырлы сандық» тапсырмасы

Әр оқушы сандықтан сұрақ алып, жауап береді.

  1. Класс не себепті сүтқоректілер деп аталады?
  2. Сүтқоректілер мен құстардың терісінде қандай ерекшеліктер бар?
  3. Сүтқоректілердің негізгі ерекшеліктерін атаңдар.
  4. Сүтқоректілердің қаңқасын сипаттаңдар.
  5. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі қандай?
  6. Сүтқоректілердің тіршілік орталарын сипаттаңдар.
  7. Кеуде қуысын құрайтын сүйектерді атаңдар.
  8. Сүтқоректілердің мойны неше омыртқадан тұрады?
  9. Омыртқалы жануарлар неше класқа бөлінеді?
  10. Асқорыту жүйесін сипаттаңдар.
  11. Сүтқоректілердің қанайналым жүйесін сипаттаңдар.
  12. Зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі қандай?
2

«Кім артық?» ойыны

Әр қатардан артық жануарды анықтаңдар және себебін түсіндіріңдер.

Орман жануарлары

Құлан, аю, бұғы, тиін

Ашық шөл далада мекендейтін жануарлар

Ақбөкен, қосаяқ, доңыз, саршұнақ

Жерастында мекендейтін сүтқоректілер

Көртышқан, жертесер, құлан, соқыртышқан

Су жануарлары

Түлен, морж, дельфин, кит, қосаяқ

3

«Қай пікір дұрыс?»

Төмендегі тұжырымдарды дұрыс/бұрыс деп белгілеңдер.

  • Сүтқоректілер баласын сүтпен қоректендіреді. Дұрыс
  • Сүтқоректілердің миы құстардың миы сияқты. Бұрыс
  • Сүтқоректілердің алдыңғы және артқы аяқтары тұлғаның астында орналасқан. Дұрыс
  • Сүтқоректілердің тісі күрек тіс, иттіс, азу тіс болып жіктеледі. Дұрыс
  • Иттің омыртқа жотасының бел бөлімі бес омыртқадан тұрады. Бұрыс
  • Тыныс алу қозғалыстарын қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет қамтамасыз етеді. Дұрыс
  • Сүтқоректілерде бір қанайналым шеңбері бар. Бұрыс
  • Сезім мұртшалары — иіс сезу мүшесі. Бұрыс
  • Иттің дене температурасы 37–38°C. Дұрыс
  • Сүтқоректілердің жүрегі төрт камералы. Дұрыс

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі сабақта сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы, олардың шығу тегі, сондай-ақ отрядтарының көптүрлілігі қарастырылады.

1-тақырып

Сүтқоректілердің көбеюі

  • Көбеюге аналық және аталық ағзалар қатысады.
  • Ұрықтану іштей жүреді.
  • Ұрық жатырда дамиды.
  • Ұрық ана ағзасымен кіндік арқылы байланысады.
  • Туғаннан кейін ұрпағын сүтпен қоректендіреді.
  • Аналығы ұрпағына қамқорлық жасайды.

2-тақырып

Сүтқоректілердің шығу тегі

Зерттеулер сүтқоректілердің, құстар сияқты, жорғалаушылардан шыққанын көрсетеді. Сүтқоректілерге тән негізгі белгілердің қатарына тірі туу және ұрпағын сүтпен қоректендіру жатады.

3-тақырып

Сүтқоректілердің отрядтары

Оқушылар отрядтарды сипаттау арқылы талдау жасайды.

  • Алғашқы аңдар
  • Қалталылар
  • Бунақденеқоректілер
  • Қолқанаттылар
  • Кемірушілер
  • Қоянтәрізділер

Топтық жұмыс

1-жұп: Кесте толтыру

Бағандар: Отряд атауыТүрлеріЕрекшелік белгілері

Нысан: Алғашқы аңдар

2-жұп: Венн диаграммасы

Қолқанаттылар мен құстардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру.

3-жұп: Кесте толтыру

Бағандар: ОтрядТүрлеріЕрекшелігіҚорегіСаны

Нысан: Кемірушілер

4-жұп: Кластер құру

Берілген тақырып бойынша негізгі ұғымдарды байланыстырып, кластер жасаңыздар.

5-жұп: Эссе

Тақырып: «Қалталы сүтқоректілердің ерекшеліктері»

6-жұп: Кластер құру

Тақырып: Бунақденеқоректілер

Сабақты пысықтау (сұрақтар)

  1. Сүтқоректілердің отрядтарын атаңдар.
  2. Қалталы жануарларға қандай жануарлар жатады?
  3. Кемірушілердің негізгі ерекшеліктері қандай?
  4. Алғашқы аңдарды сипаттаңдар.
  5. Бунақденеқоректілердің өкілдерін атаңдар.
  6. Қоянтәрізділердің дене құрылысының ерекшелігін сипаттаңдар.

Үй тапсырмасы

§30. «Өз біліміңді тексер» тапсырмаларын орындау.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша қорытынды бағалау жүргізіледі.