Қазақстан дейтін менің бар елім
Ақтөбе облысы • Шалқар қаласы
№6 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Нұрмашева Салтанат
Тәрбие сағатының тақырыбы
Менің тұңғыш Президентім
1 желтоқсан • Президент күніне арналған
Мақсаты
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен ортасы, білім алған және еңбек еткен орындары туралы мағлұмат беру.
- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанды, халықты сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
- Оқушы жүрегінде Елбасына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекіліктер
Слайдтар, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер.
Кіріспе ой
Біздің Президентіміз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі — машақатты әрі мәртебелі міндет. Басшысы мығым елдің ырысы мол, халқының еңсесі биік болады.
Тәуелсіздік алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, Н.Ә. Назарбаев тұңғыш Елбасы ретінде ел тізгінін ұстады. Елбасының бастамаларымен Қазақстан әлемге танылып, мемлекет ретінде өз болмысын айқындады.
Егемендікке қол жеткізген тұста «өз алдымызға ел бола аламыз ба?» деп күмәнданғандар да болған. Алайда ар-намысты ту еткен Елбасы мен ел үшін еңбек еткен азаматтардың табандылығы бүгінгі нұрлы күндерге жеткізді.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп, уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанған.
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Өмір жолы: қысқаша деректер
Балалық шағы және білім алуы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Балалық шағы таршылық кезеңмен тұспа-тұс келіп, үлкендерге қолғабыс етуге ерте араласты: мал бағуға көмектесті, бау-бақша жұмысына қатысты, шөпшек теріп, отын жарды.
Өз естеліктерінде айтылғандай, азын-аулақ өнімді сатып, үйге қажет заттар алу үшін есек жеккен арбамен теміржол стансасына бару — балалық шақтағы үлкен қуаныштың бірі еді. Мектепте жақсы оқып, білімге ұмтылды, ата-анасын ерекше құрметтеді.
Еңбек жолының бастауы
Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы ірі өндіріс ошақтарының бірі — Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Құрылыста еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді.
Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі болып жұмыс істеді, кейін инженер деңгейіне көтерілді.
Басшылық қызметтер
Бұл жылдары оның ұйымдастырушылық және басшылық қабілеті айқын көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі жауапты қызметтерді атқарды. Металлургия комбинатында партком хатшысы болды, сондай-ақ Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономика саласына жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
Саяси жолдың басталуы
Қазақстан Үкіметін басқарған кезде ол 44 жаста еді. Осы кезеңнен бастап оның саяси өмірбаяны жаңа арнаға түсті.
Тәуелсіз Қазақстан: негізгі белестер
1991 • 1 желтоқсан
Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.
1991 • 16 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Қазақстанды тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
1992 • 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер
Жаңа мемлекеттік рәміздер — Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
Елтаңба мәні
- Шаңырақ — Отан, бірлік, ортақ үйдің тұтастығы.
- Уықтар — ынтымақ пен береке, елдің қуаты мен тірегі.
- Қос пырақ — ерлік, қырағылық, күш-қайрат пен шапшаңдықтың нышаны.
- Бес бұрышты жұлдыз — «жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арман.
Мемлекеттік Ту
Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып, 6 маусымда күшіне енді. Ортасында шұғылалы күн, астында қалықтаған қыран бейнеленген, сол жақ жиегінде ұлттық өрнек орналасқан.
Ұзындығы
2 м
Ені
1 м
Жобасын жасаған: Шәкен Ниязбеков.
1993 • 15 қараша — Теңге
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге айналымға енді.
1995 • 28 қаңтар — Ата Заң
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Сонымен қатар 30 тамыз — Ата Заң күні ретінде аталып өтеді (Ермек Өтетілеуұлы).
1997–1998 • Астана
1997 жылы Елбасының жарлығымен Республика басшылығы бұрынғы астана Алматыдан жаңа астанаға көшірілді. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті.
2006 • 7 қаңтар — Әнұран
Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды — «Менің Қазақстаным».
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар —
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Патриоттық үн және қорытынды ой
Елбасына ауыр күнді артымызға тастауы —
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген —
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар — бәріміз.
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Президентім, Елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Төле бидің нақылы
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, атадан қалған сара жолым бар.
Бәріміздің ортақ түйініміз
Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді терең сезінеміз.
Дереккөз ретінде көрсетілген сілтеме: http:wwwtarbie323-prezident.html