Тәрбие сағаттың тақырыбы
Тәрбие сағаттың тақырыбы
Ынтымағы жарасқан, туған өлкем — Қазақстан
Мақсаты
Құрмет, сүйіспеншілік, достық және ынтымақ құндылықтарының маңызын түсіндіру.
Міндеттері
- Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
- Өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.
- Өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Рәміздер мен бейнелер
- Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің суреттері
- Глобус (Жер шары)
- Жүрекше, бейбітшілік құсы, күн
- Әртүрлі гүлдердің суреттері
Ұлттар достығы
Елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдегі суреттері.
Әдіс-тәсілдері
Сабақ барысы
I. Шаттық шеңбері
Өлең жолдары
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жадырайды жанымыз.
Ұйымдастыру
— Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Бүгінгі іс-әрекетіміз көңіл күйімізге байланысты. Ендеше бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге және ата-аналарымызға жылы лебізімізді арнайық.
— Тілектерің қандай тамаша! Рақмет сендерге.
— Енді жүрегімізден шыққан тілегіміз жазылған жүрекшелерді ата-аналарымызға сыйлайық.
II. «Бақыт» ұғымын түсіндіру
— Балалар, жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда «бақыт» деген сөзді айттық.
— Шынымен, бақыт деген не? Сендер қалай түсінесіңдер?
— Дұрыс: Отан, ана, туған жер және тағы басқа.
— «Бақыт» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін Қайыргелді мен әкесіне сөз берейік.
Көрініс
Қайыргелді әкесімен бірге «бақыт» ұғымын түсіндіріп, мысал келтіреді.
— Өте тамаша! Міне, балалар, ата-аналарыңның бақыты — сендер. Сондықтан ата-анаңның тілін алып, оларға қолқанат болу — сендердің міндеттерің.
III. Көпұлтты Қазақстан және достық
— Балалар, біз қандай елде тұрамыз?
— Елімізде қандай ұлттар тұрады?
— Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?
Негізгі ой
Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Біз өзге ұлт өкілдерімен әрқашан достық қарым-қатынаста өмір сүреміз. Елімізде әр ұлт өз тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге Қазақстанда туып-өскен әр азамат «Менің елім — Қазақстан» деп мақтанышпен айта алады. Жер бетіндегі барлық халық достықта, ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.
IV. Әңгімелеу: «Қасиетті шар» (Ә. Табылдиев)
Тәрбиеші Ә. Табылдиевтің «Қасиетті шар» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Сұрақтар
- Шарды неліктен құрмет тұтты?
- Жер шарын, Жер-ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер?
Жер шары — біздің мекеніміз: тұратын жеріміз, суымыз, көліміз, орманымыз, тауымыз. Әркім өз Отанын құрметтеп, қадірлеуі тиіс.
V. Сергіту сәті
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Шаңырақ болып киіліп,
Достық үйін құрайық.
VI. Дәйек сөз
Мақал
«Ынтымақ бар жерде — бақыт бар.»
Ынтымақ — татулық, достық, бірлік. Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос, туыс, бауыр болуы керек.
Біздің елімізде 1 мамыр — ынтымақ, достық және бірлік мерекесі болып тойланады.
VII. Шығармашылық жұмыс: «Туған еліме тілегім»
Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді. Балаларға гүл, күн және көгершін суреттері үлестіріледі.
Әр бала өзіне ұнаған суретті Қазақстан картасына жапсырып, не себепті сол суретті таңдағанын өз тілегі арқылы түсіндіреді.
Гүл
Көркейген ел, береке, мейірім.
Күн
Жылу, үміт, жарқын болашақ.
Көгершін
Бейбітшілік, келісім, тыныш өмір.
VIII. Рефлексия: тыныштық сәті
— Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
— Ауаны терең жұтып, терең тыныс алыңдар. Тыныс алуларыңды бақылаңдар: бақыт пен махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезініңдер.
— Енді көздеріңді ашсаңдар болады.
IX. Жүректен жүрекке
Ұран сөз
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын.»
Тәрбиешімен бірге оқушылар қолдарын жүрек тұсына қойып, «Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін бірнеше рет қайталайды.
Санат
Қазақша тәрбие сағаттар жинағы
Дереккөз: http:756-m.html