Бақытты бол жан әке
Сценарийдің мақсаты
Бұл кештің басты мақсаты — оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру: үлкенді сыйлау, ата-баба аманатына адал болу, салт-дәстүрден нәр алып өсу, инабаттылыққа тәрбиелену, жақсы мен жаманды ажырата білу, аталы сөзден ғибрат алу.
Негізгі құндылықтар
- Үлкенді құрметтеу, сөзін тыңдау
- Әдеп, инабат, кішіпейілділік
- Отбасылық жауапкершілік, перзенттік парыз
- Дәстүр сабақтастығы: ата, әже, әке, ана өнегесі
Құрмет пен қошемет: кештің ашылуы
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, ақыл кенін арқалаған аталар! Алдарыңызда жауқазындай құлпырған біз — алаңсыз балғын шақтың балалары.
Армысыз, ауылымның асылдары! Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би; сіздер үшін мерекелік шашулар.
Қымбатты айбынды аталар, ақ жаулықты аналар, қадірлі ұстаздар қауымы! Баршаңызды қазан айының алғашқы мерекелері — Қарттар күні мен Ұстаздар күні тоғысқан шуақты күнмен құттықтаймыз.
Ардагерге арналған арнау
Аппақ шашың күн сайын ағара түскен,
Зейнет емес, бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар — өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, кейінгіге ізет пен өнегені аямайтын ауыл қарттарының орны ерекше. Әр халықты өзгеден даралайтын қасиет болады, ал қазақтың бір асыл ерекшелігі — үлкенді сыйлау, сөзіне құлақ асу.
Қазақ қарты — аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей-теңіз. Осы теңеуге лайық қарияларымызды 1 қазан — Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел — ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер дейміз.
Салтанатты сәт
Кешті бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Жұмбақ
Дүниеге келер бір рет,
Құрыштан құйған құдірет.
Балалар, ол кім?
Әрине, қарттарымыз.
Кештің ашылу әні
Бүгінгі кешімізді «Туған жер» әнімен ашамыз.
Орындайтындар: Қаракөз және Теңел.
Ардагер ұстазға сөз
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Мақсат ағайға сөз береміз.
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат,
Ешкімге жасамайтын қиянат.
Жайлап қана ақылменен түзейсің,
Ұғына алмай қалған жанға шырақ қып бір сағат.
Ән шашуы
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр»
Орындайтын: Бақнұр
Жадыраймын, жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
«Мен атам мен әжемнің жалғасымын»: ұрпақ үні
Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әженің өнегесімен, атаның ақылымен дариды. Осы сабақтастық бала бойына ұлттық болмысты қалыптастырады.
Тақпақтар
Жансая
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала-шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары.
Қайта-қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай.
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап,
Ниеті ақ, көңілі кең даладай.
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
Айбек
Атам менің әманда
«Әдепті жан бол» деген.
Атам сөзі санамда:
«Жасы үлкенге жол бер» деген.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Бекнұр
Атам менің әманда
«Кішіпейіл бол» деген.
Ата сөзі санамда —
Мақтанбауды жөн көрем.
Ұлтқа қадір қалдырар,
Жалған сөзге төзбеймін.
Мұратқа да жеткізер —
Тек шындықты көздеймін.
Расул
Атам менің әманда
«Әділетті бол» деген.
Ата сөзі санамда —
Жүрмін тура жолменен.
Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені?
Мен қазақтың баласы!
Фариза
Құттықтаймыз мейрамыңмен, аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің-жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Ана мейір — күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз, аталар мен аналар!
Жадыра
Ата күні — әже күні, әлем күні,
Әлемде тербетілер ақыл үні.
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
Ата-әже, мерекелеріңіз құтты болсын,
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын.
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл қонсын.
Ата өнегесі — ұрпаққа аманат
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама, аспанымдай мәңгі жаса, құлама. Ер жетсем де еркелігім қалмайды — көз алдымда сен тұрғанда, ұлы ана!
Халқымыз «Әкеден ұл туса, ата жолын қуса» деп, ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата — ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, қамқорлық жасап, өнеге көрсетіп, өсиет айтады.
Көркем сөз
М. Мақатаев, «Әкеге арнау» — орындайтын: Қожахмет Малика
Анаға құрмет: алғыс пен ән
Қадірлі қонаққа сөз
Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналардың бірі, қарт ұстазымыз, зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға алғысымызды білдіре отырып, сөз кезегін берейік.
Тұра тұршы, есейгенде ұл-қызың,
Жүре тұршы, жалғанғанда үзігің.
Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығың.
Анаға арналған ән
10-сынып оқушысы Нағыметова Қаракөз орындауында «Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Үлкенге құрмет — ұрпақтың айнасы
Адамгершіліктің өлшемі
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің кең жайылып, терең тамырлануы ең алдымен отбасынан басталады. Бала ата-анасын жан жүрегімен, саналы түрде ардақтап, үлкендерге деген сый-құрметті күнделікті өмірде мінсіз көрсеткенде ғана тәрбие тұғыры бекиді.
Қарттарды құрметтемей, олардың алдындағы перзенттік парызын ықыласпен орындамай, әдептілік, кішіпейілділік, сезімталдық көрсетпеген ұрпақтан не опа, не қайыр? Өмірдің мәні мен сұлулығы — ата-ананы ардақ тұтып, перзенттік қарызды бір сәтке де естен шығармауда.
Ойлантатын шындық
Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйінде өмір сүріп жатыр. Қарттар үйі — жасы ұлғайған, қараусыз қалған қарттарға қамқорлық көрсететін әлеуметтік қорғау нысандарының бірі, мемлекеттік мекеме.
Қартаю — биологиялық процесс: белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организм мүмкіндіктерінің біртіндеп төмендеуі. Бірақ қай жерде де ата-анаға қызмет ету парыз екенін ұмытуға болмайды.
Қарттың ақылы — үйдің құты
Қарт адамның үйретуге де, ақыл айтуға да моральдық құқы бар — оны құрметтеу керек. Үйінде әке-шешесі, атасы мен әжесі отырған жан, сол шаңыраққа ең құрметті қонақ келгенін түсінсін: егер үй иесі оларды қадірлеп, қамқорлық жасаса, қарт ата-ана — отбасының құты.
Қарт кісіні құт-береке деп тану — ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрдайым бақытты.
Көрініс
«Тоқта, балам — атаң келер артыңда»
Көркем сөз
М. Мақатаев, «Реніш» — орындайтын: 10-сынып оқушысы Сүйеуова Жібек
Өнер шашуы: би мен ән керуені
Мерекелік бағдар
Той деп бүгін халқымыз шашу шашады, той деп бүгін әлем сырын ашады. Қарттар күні мейрамына арналған өнер — жүректен шыққан құрмет.
Би
Қазақ биі — бір топ бишілер
Ән
«Әкелер» — орындайтын: Ғарифулла
Нағыз әке — ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңізге арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән
«Ауылым сенің іргелі» — орындайтын: Аида
Ән
«Әке туралы жыр» — орындайтын: Дархан
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе.
Ән
«Неге сені сүйдім-ай» — орындайтын: Дәуірхан
Арманым едің аңсаған,
Әке, сен бақыт — мен саған.
Ұрпағым болып жалғадым,
Қуаныш, әке, сен маған.
Ән
«Ақерке-Жайық» — орындайтын: Нұртуған
Тілек
Абырой амандығыңыз арта берсін,
Бақ-дәулет қызығымен қатар келсін.
Ұрпағыңыз сағынышпен жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңызды тата берсін.
Тыныштық елімізге орнай берсін,
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел-жұртымыз аман болып,
Бейбіт күннің қызығын көре берсін.
Қарттарым, сіздерге Алла саулық берсін,
Денсаулық, ауызбірлік мола берсін.
Тап-таза, абыройлы болғандарыңызды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін.
Қорытынды
Осындай игі тілекпен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Бата
Енді қадірлі қарттарымыздан осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.