Сұлушаш өнерлі қызымыз

Құрметті аналар, мектебіміздің ұстаздары мен қыздары! 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілейміз.

Бүгін қыздарымыздың өнері мен білімін танытатын «Ақ ару» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз. Бүгінгі додада өнер мен білім сынға түседі, ал әділ бағасын ұстаздарымыз бермек.

Әділқазылар алқасы

Бүгінгі сайысымызды әділдікпен бағалап, әр қатысушының еңбегіне лайықты баға береді.

  • Ұстаздар қауымы

(Әділқазылар құрамын таныстыру бөлімі)

Қатысушыларды таныстыру

Қыздарымызды ортаға шақырып, таныстыру сәтін бастайық. Аққу құстай қанат қағып самғаған, адал жолдан таймаған, адамдықты жаны сүйген аруларымыздың әрқайсысы — мектеп мақтанышы.

Гүлжан

Аққу құстай қанат қағып самғаған, адал жолмен арам іске бармаған. Адамдықты жаны сүйген қашаннан — Гүлжан да қатарынан қалмаған.

Нұрсәуле

Атыңнан айналайын, Нұрсәуле деген! Ісіңе әрдайым жақсы баға береміз. Болашақта жеңіс туын тігерсің — бұл мектептің саған деген үміті зор.

Гүлдана

Білімді, оқу озаты. Талай қиын істі құрықтаған. Алда талай асу бар — болашақта үміт отын жағады.

Сұлушаш

9-сынып оқушысы. Өрнектеп тоқыма тоқиды, ән айтады, би де билейді — өнерлі қызымыз.

Ақ арулар танысуға да келіп жетті: бойындағы бар дарынды паш етуге, қорықпастан сахнаға көтеріліп, әдеппен, ізетпен өздерін таныстыруға әзір.

(Қатысушылардың өзін таныстыру кезеңі)

Бағдарлама

I кезең — «Бәйге» (мақал-мәтелді жалғастыру)

1-ару

  1. Ананың көңілі балада, ... Баланың көңілі далада.
  2. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да, ... қарызыңнан құтыла алмайсың.

2-ару

  1. Ана сүтін ақтамағанды, ... ешкім мақтамайды.
  2. Атасыз үй батасыз, ... Анасыз үй панасыз.

3-ару

  1. Ананың құны — ... Ананың сүті.
  2. Анасын сүйгеннің ... баласын сүй.

4-ару

  1. Ата-ананың қадірін ... балалы болғанда білерсің.
  2. Ағайын алтау, ... ана біреу.

II кезең — «Ою-өрнек» және ісмерлік

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, қыздарымыз ою-өрнек өнерінен де кем емес.

III кезең — Салт-дәстүр сұрақтары

«Жаңарған сана мұны ұмыта ма? Ата салты — бабаның аманаты» дегендей, қыздарымыз салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап береді.

6-сынып

  1. Күйші ана кім? (Дина Нұрпейісова)
  2. Халқымыздың батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк)
  3. «Сұлу» сөзінің синонимі? (Ару)

7-сынып

  1. Әйелдің күші аз, несі көп? (Айласы)
  2. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын салт жырлары: (Тойбастар, Жар-жар, Беташар, Сыңсу)
  3. Әйел махаббат құдайының құрметіне қай планета аталған? (Венера)

8-сынып

  1. Әйелдің көркі неде? (Ақылда)
  2. Адамға не қымбат? (Бала)
  3. Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей? (Шолпы)

9-сынып

  1. Әйелдердің мойынға тағатын, қымбат заттармен әшекейленген бұйымы? (Алқа)
  2. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Әйгерімнің шын есімі? (Шүкімән)
  3. Наурыз көже қанша тағамнан дайындалады? (7)

IV кезең — Үй тапсырмасы

  • Мерекелік бүктеме жасау
  • Мерекелік тағам дайындау

V кезең — Дәстүрлі өнер: жүн иіру

«Шешеге қарап, қыз өсер» демекші, қазақ қыздары ежелден-ақ өнерлі болған. Жүннен түрлі бұйым тоқып, тіршіліктің көркін келтірген. Ендеше, қыздарымыз көнеден келе жатқан дәстүріміздің бірі — жүн иіру өнерін көрсетсін.

VI кезең — Көркемөнер

Көркемөнер — жас бөбек, сүйкімді болар бақпаса. Тортасын алған бал қаймақ, бойына сылау жақпаса. Үлпілдеген қызыл шоқ, басына үкі тақпаса.

(Қатысушылардың өнер көрсетуі)

Қорытынды және марапаттау

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетіп келеді. Сіздер аруларымыздың өнерлі, білімді екенін тағы бір мәрте байқадыңыздар. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Әділқазылар пікірі

  • І. Шайхиева С. — 9-сынып оқушысы, «Мектеп аруы — 2007»
  • ІІ. Асанова Г. — 8-сынып оқушысы
  • ІІІ. Уйбышева Н. — 7-сынып оқушысы