Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық
Отан — жүрекке жақын ұғым
Әрбір жанға өз отбасы, туған-туысы мен жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына дәл солай ыстық. «Отан» дегенде жүрек елжіреп, жанға жылу құйылады. Кез келген ұлт өкілінің өз Отаны бар екені — айқын ақиқат.
«Отан үшін отқа түс — күймейсің» — деген мақал бар. Расында да, егер Отан үшін жан қисаң, бұл — үлкен абырой. Отан үшін қаза тапқан адамның өзі өмірден өтсе де, есімі тарихта мәңгі сақталады.
Отан деген не?
Отан — сенің туып-өскен, кіндік қаның тамған жерің; ата-анаң, досың, балалық шағың, қуанышың мен үмітің. Отанға деген махаббат пен сыйластық адамның рухани деңгейінің биіктігін танытады. Бұл сүйіспеншілік анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным — Қазақстан
Менің Отаным — Қазақстан. Мен Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қай елде, қай мемлекетте жүрсем де Қазақстандай елім бар екенін мақтанышпен айта аламын.
Жер көлемі
Дүниежүзінде 9-орын
Кең байтақ жеріміз — біз үшін зор мақтаныш.
Халық
Шамамен 16 млн-ға жуық
Бұл көрсеткіш өзге мемлекеттермен салыстырғанда орташа деңгейде.
Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл дерек Қазақстан халқының кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екенін айғақтайды.
Тәуелсіздік белгілері
Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Сондықтан оның өз әнұраны, президенті және мемлекеттік рәміздері бар. Тәуелсіз ел болғандықтан ұлттық валютасы да қалыптасты.
Ұлттық валюта
Теңге 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ретінде қабылданды.
Даму, экономика және табиғи байлық
Қазақстан — дамушы әрі әлеуеті жоғары мемлекет. Соңғы жылдары ел көркейіп, экономикасын нығайтып, ішкі және сыртқы саясатын жүйелеу бағытында алға ілгеріледі. Мұны көптеген шетел азаматтары да мойындайды.
Энергетика ресурстары
- Мұнай мен газ
- Көмір өндірісі
Өнеркәсіп және қазба байлық
- Химиялық өнеркәсіп
- Алтын, күміс, темір, мыс
- Қорғасын, мырыш және басқа да металдар
Сирек элементтер
- Ванадий
- Скандий
- Теллур
Қазақстан өзге елдермен сауда байланысын дамытып, экономикасын нығайтуға күш салып келеді. Еліміз күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай мемлекетпен мақтануға толық негіз бар.
Отан туралы жүректен шыққан жыр
Қазақстан — ұлы Отаным, Қазақстан — менің елім, аңсағаным.
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным — Қазақстан, туған елім,
Ойнап-күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер, өркендей бер, елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
Колутон орта мектебі, 9 «А» сынып оқушысы — Өмірбек Ақмарал.
Дереккөз: http://www.shygarma3267-altyn-besik.html