Жалғамалы тіл
Жоспар
I.Кіріспе бөлім:
1. Тұтас буынның төлбасы -Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен
шығармашылығы.
а) Жастық шақ , алғашқы қадам.
II. Негізгі бөлім:
2. Ахмет Байтұрсыновтың педогогикалық көз қарасы мен үлесі.
а) Қаламгердің көсемсөзі
б) Оқу құрал еңбегінің тілдік және
педогогикалық қырлары.
III. Қорытынды бөлім:
а) Ұрпақпенен жалғасып
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық зорлыққа шыдамай,1885 жылы 12-қазанда ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге он бес жылға жер аударылумен тынады.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үиінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891
Торғай қаласындағы екі класты орысша қазақша училищеде,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.1895 жылдың 1- маусымынан бастап мұғалім болады.
Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы, атырабында бала оқытады, өмір, тіршіліг күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.
Ауылдық, болыстық, кейін екі класты мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең - жыр шығарады, ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқаларын жинайды.Оқыған, еркін мінезділігімен, батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1- і күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақары күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21- ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезендер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында (қазақ) газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтеред, елді прогреске, өнер білімге үндейді .
Ұлы ғұламаның ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған.Қазақ ортасы түркі әлемі ғана емес орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік қоғамдық істерін бағалап, өз кезінде дұрыс көрсеткен адамдардың бірі Сәкен Сейфуллин. Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды деген мақала жазған.
Алаш қозғалысы түсында ( 1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов та жаңа өткел, соңы өріс іздейді. Азапты толғаныс, өзгеру эволюциясынан өтіп барып,1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт ителлигенциясының көптеген өкілдерін өзіне ілестіріп, Кеңес өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Респблика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Ортлық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады.
Әділет нормалары бұзылып, сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалады да, лагерьде ұзақ азап көріп, одан1936 жылы қайтып келгенмен,1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылады.
Қаламгердің көсемсөзі.
Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады.Олардың заңдылықтарын анықтайды.
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.
Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.
Ахметтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білмнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін фонетика, қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі педогогикаға қосқан үлесі екенін көруімізге болады.
Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол ... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам - Ахмет. Ахметтің бұл тарихы еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды,- деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілеріде қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді.
1929 жылы 5-мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми -методикалық еңбектердің тізімі деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.)
Тіл – жұмсар деген еңбегінде оқушыларға практикалық граматиканы үйретеді.Сонымен қатар жастарға арналған Әліппе,
Сауат ашқыш (ересектер әліппесі), Әліппе-астар(әліппеге методикалық нұсқау),Қырық мысал (Крылов мысалдары
аудармасының жинағы), Маса ( төлтума және аударма өлеңдер жинағы),Оқу құрал хрестоматия (нұсқалық)- Шонановпен бірлесіп жазылған.
Бұлар ерекше мәні бар материалдар деп білеміз. Кезінде М. Әуезов ауызға алған, қазір кейбір зерттеушілер айтып жүрген Мәдениет тарихы деген дүние көрсетілмеген, яғни өкінішке орай, ондай жұмыс жарық көрмесе керек.
Өз қолымен жазған Өмірбаянында ( 1929, 8-наурыз ) Ахмет Байтұрсынов былай дейді : Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифін емес ), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен;
Ақыры, ен соңында, төртіншіден, проза ( іс қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған Қазақ газеті арқылы іске асты.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.
Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс. Көп жылғы көзжұмбаудан, қиянаттан арылатын кез келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, атүсті қарағанның өзінде, толып жатқан мына шындық алдыңнан шығады. Бірер мысалдарға жүгінелік.
Тіл құрал Дыбыс жүйесі мен түрлері.І-тіл танытқыш құрал
Тіл адамның адамдық белгісінің зоры,
жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,сөйлеуден қалса,қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып,жаза алмайтын күйге ұшырыса,ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді.
Біздің заманымыз –жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады.Қазақ мектептеріндегі оқыту жайын,олардың қиындықтарын тартып айта келіп, автор өзінің әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтап отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп,ой жүгіртіп көрелік:
-Дүниедегі жұрттардын тілі үшке бөлінеді:
1. Түбіршек тіл.
2. Жалғамалы тіл.
3 Қопармалы тіл.
1 Түбіршек тіл - түбкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады,мәселен қытай , жапон тілдері.
2.Жалғамалы тіл- сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен түрік ,финн тілдері.
3 Қопармалы тіл - сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен орыс тілі, араб тілі.
Ал Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан сон басқаша оқытуымыз тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек деген пікірлер ешқашан өз маңызын жоймақ емес.
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін айтады мәселен, жер, тау, су,ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, біркей, құрт, құмырсқа, қала, ай, төсек -орын, аяқ- табақ, киім, қазан- ошақ, арба, шана, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, табақ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ, Осындай нәрсенің өзін айтатын сөздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы Кім? Не? деп сұраймыз. Кім? деп адам туралы сураймыз. Не? деп басқа заттар туралы сураймыз
Осындай тілдік ұғымдар берілген анықтамалардың дәлдігі, ғылыми тереңдігі түрлі категорияларды сұрыптаған, жіктеген кезде, оларға қазақша термин, атау берген кездерде, тіпті айқын көрінеді. Қазіргі қазақ тілі ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын, оларды бірінші болып Ахмет Байтұрсынов тұжырымдағанын көреміз.
Табиғаттың санадан тыс тәуелсіз өмір сүруді өмір ақиқатын түйсік пен қабылдануын адамдар жаратылысының бірдей еместігін түсіндіреді.
Қорытынды бөлім:
Ұрпақпен жалғасып
Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынов есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Тау сілеміндей мол мұра оқырман қолына тие бастады.Қазақстан Республикасының арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерінде шаруашылықтарға, мектептерге, көшелерге және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды; халқының бостандығы, тәуелсіздігі, еркіндігі үшін тар заманда жан аямай күрескен ұлы замат Ахмет Байтұрсынов ұлт күрескерлерінің сапына келіп қосылды.
Дауыссыз дыбыстардың фонетикада зерттелуі. Дауыссыз дыбыстардың жекелген ерекшеліктері
Тұтас буынның төлбасы - Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың фонетикаға қосқан үлесі
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілтану ғылымының атасы
Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия, аффиксоидтер және интерфикстер туралы ақпарат
Дүние жүзі тілдері
Ахмет Байтұрсынов
Тілдердің классификациясы
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
ТІЛЕУҚАБЫЛ ӨТЕЙБОЙДАҚ
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Несиенің ақшаларының қажеттілігі мен маңызы
Паскаль программалау тілі