Алғыс айту күні

Ана — ең жақын жан

«Ана» — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп, аялап өсірген, керек болса жанын да аямаған ардақты жан.

Ананы ұлықтау — адамдықтың өлшемі

Ана — жүрек, жүректі қадірле. Ана — тірек, тіректі құрметте. Ана — шының, шыңыңа сағынып жет. Ана — күнің, күніңе табынып өт. Ана туралы ойды айтып жеткізу қиын: әркімнің өз анасы бар, әрі әркім өз анасын жақсы көреді. Мен де солардың қатарындамын.

«Ана» — үш әріптен тұрған бір ғана сөз болғанымен, оның астарында сан алуан мейірім, жылылық, мағына жатыр.

Ананың еңбегі — көзге көрінбейтін ерлік

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап анасының құшағына енеді, ақ сүтімен қоректенеді. Түнде жылап оянғанда, ана түн ұйқысын төрт бөліп, баласының үлкен азамат болып өсуі үшін бар күшін салады.

Өкініштісі — кейде біз ананың осы еңбегін толық түсіне бермейміз. Біз жаман жолға түспесін деп айтқан ақылын өзімізше қабылдап, кейде сөз таластырып, ана жүрегін ауыртып аламыз. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сөздің шындығы да осында.

  • Ана үнемі баласын ойлап, уайымдап жүреді.
  • Жұдырықтай жүрек баласы үшін соғады.
  • Ал біз кейде тек өз басымыздың қамын ойлап кетеміз.

Анасы бар адам — аманаттың иесі

Бұл өмірге үңілсек, ананың аяулы алақанын аңсап жүрген балалардың қаншама екенін көреміз. Олар аналарын сағынып, түнде ұйқысынан, күндіз күлкісінен айырылып, шарасыз күн кешеді. «Анам болса ғой…» деп армандайды.

Ал анасы бар кейбір балалар «қашан үлкейіп, үйден тезірек кетсем екен» деп ойлап қалады. Бұл — көбіне болашақты емес, тек бүгінді ғана ойлаудан туады. Бірақ алыстап оқуға кеткенде, анаңның қаншалық қымбат екенін анық түсінесің.

Өз анам туралы

Менің анам мені дүниеге әкелді, тәлім-тәрбие берді. Қиын сәттерде демеу болды. Сырқаттанып қалған кезімде ұйықтамай қасымнан табылды. Әрдайым қамқор болып өсірді. Анамның алдында айтар алғысым шексіз.

Арнау

Ақ жаулықты анашым,

Бұл күнге дейін маған панасың.

Сендей артық жаным жоқ,

Аялаған анашым.

Алыс сақтап жаманнан,

Жақсылыққа жол тауып,

Уақытың аз болса да,

«Шаршадым» деп жайбырақат жатпайсың.

Тәрбие бердің аямай,

Кішкентай кезімнен.

Ертең мен ержетсем,

Қамқор болам мен саған.

Болдың қамқор сен маған,

Мен болам қамқор саған.

Бұл өмірде адам жоқ,

Сендей асыл анашым.

Анашым менің ардақты,

Бәрін бізге арнапты —

Мәпелеген анашым.

Мектептен үйге келгенде,

Құшақтап, бетін сүйдім мен.

«Бүгін неше алдың?» десе,

«Бес» десең, қуанып, мақтап кетер өзіңді.

«Данышпаным, ботақаным» деп еркелетіп,

Бар дәмдіні берер саған аямай.

Баласы үшін бәрін берген —

Нағыз ана — міне, осы ғана!

Автор: Алиева Бағжан Құдайбергенқызы