Жүріңіз ортамызда, Үлгі боп баршамызға

Арнау

Болса екен ұстаздардың бәрі сіздей,

Жүресіз әрқашанда күліп күндей.

Аямайтын ақылын көпшілікке,

Аяулы жан арамызда мәңгі жүргей!

Көктем, сұлулық және жан нұры

Шуағын төгіп, жайқалған гүлді көктеммен бірге біз де жаңа кезеңге қадам бастық. Сұлу да көркем көктем келгенде, қыз-келіншектердің ажары ашылып, құлпыра түсетіні заңдылық.

Сұлулық дегеніміз не? Біз көбіне сұлулықты сыртқы көрініспен өлшейміз. Алайда тән сұлулығы уақыт өте көмескіленетіні жасырын емес. Ал жан сұлулығы — мәңгілік, әрі берері мол.

Түйін: Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде.

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы және сұлулық ұлылығы. «Көркем айтылған ой — ұлы, ойландыра алған сұлулық — ұлы», — деп жазушы Ғ. Мүсірепов айтқандай, бүгін мен қаламымды қолыма алып, осындай қасиеттерді бойына дарытқан жан туралы сөз қозғағым келеді.

Ұстаз — екінші ана

«Ұстаз мейірі мен ана мейірі — егіз» деген дана сөз бар. Сол сөздің шындығын дәлелдеп жүрген, сәби көңілдердің екінші анасына айналған ұстаздар Асықата кентіндегі Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебінде аз емес.

Солардың бірі — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тузельбаева Гульмира Мусаевна. Ол — тәжірибелі, алғыр, аңғарымпаз, әріптестеріне әрдайым қолдау білдіре білетін, мейірімі мен шапағаты мол, ұлағатты ұстаз.

Кәсіби болмысы

  • Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын талапшыл басшы.
  • Ұжыммен тіл табысып, жүйелі ұйымдастыра білетін жетекші.
  • Міндетке шығармашылық көзқараспен қарайтын жаңашыл тұлға.
  • Жас мұғалімдерді ізденіске жетелеп, идея мен бастама күте білетін тәлімгер.

Адамдық қасиеті

Жақсылық пен ізгіліктің нұрын айналасына шаша білетін қамқор жан. Оның жүзіндегі мейірім — ішкі әлемінің айнасы.

Ерекше әсер: Кейде жүректен шыққан жылы лебізді телефон арқылы жолдасам, міндетті түрде жауап қайтарып, ізеттілігімен қуантады.

Еңбек жолы

Ұстаздық — ұлы ұғымға құрылған мамандық. Осы жолды жүрек қалауымен таңдаған Тузельбаева Гульмира Мусаевна 1972–1982 жылдары №54 М. Горький атындағы орта мектепті тәмамдады.

1982–1986 жылдары Шымкент педагогикалық институтының филология факультетінде білім алып, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын аяқтады.

Қызмет тәжірибесі

  • 1986–1988: Жамбыл атындағы орта мектеп — еңбек жолының бастауы.
  • 1988–1993: №56 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп.
  • 1994–2010: Жеңіс мектеп-гимназиясы; 2000 жылдан — оқу ісі жөніндегі орынбасар.
  • 2010 ж. қазаннан бері: Н. Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі — қызметін жалғастырып келеді.

Мамандық деңгейі

Жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде 30 жылдан астам еңбек етті.

Оның ішінде 20 жылдан аса уақыт оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жетістіктері мен марапаттары

Байқаулар

  • Аудандық және облыстық орыс тілі мұғалімдері олимпиадасы — I орын.
  • Аудандық оқу ісі жөніндегі орынбасарлары сайысы — III орын.

Құрмет

  • Кент әкімшілігінің және аудандық білім бөлімінің бірнеше мәрте мақтау қағаздары.
  • Облыстық Құрмет қоғамының «Оқу ісінің үздігі» медалі.

Министрлік марапаттары

  • 1998 жыл — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы.
  • 2006 жыл — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты.

Ұстаз еңбегінің жемісі

Ұстаздың жемісі — шәкіртінің жетістігі. Гульмира Мусаевнаның шәкірттері де талай биік белестерден көрініп жүр.

Ризашылық және ақ тілек

Он жылдық таныстығымда әріптес әрі басшымызға деген ризашылығым шексіз. Мен әрдайым ол кісіден тәлім алып, құрметтеп өтемін. Білімділігіне, көрегендігіне тәнтімін.

Бүгінде мектеп ұжымын лайықты басқарып, мейірімі жүзінен көрініп тұратын ардақты ұстазымызға қызметіне табыс, отбасына амандық, бақыт тілеймін. Армандарыңыз әрқашан орындала берсін!

Өлең-тілек

Біз үшін қымбат болған,

Бәріне жақын бір жан.

Әрқашан сіз деп білем —

Әлемде ең сұлу жан!

Қамқор боп барша жанға,

Жылуын аямайтын.

Сіз — нағыз әмбебап жан,

Ешкімге ұқсамайтын.

Жүріңіз ортамызда,

Үлгі боп баршамызға.

Әрқашан бөленіңіз,

Таусылмас бақыт нұрға!

Тультаева Перуза

Мақтаарал ауданы, Асықата кенті

«Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі