Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру

Зәрді Зимницкий әдісі бойынша жинау

Зимницкий сынамасы — бүйрек қызметін бағалауға арналған зерттеу. Ол тәуліктік диурезді, күндізгі және түнгі диурездің арақатынасын, сондай-ақ әр 3 сағат сайын жиналған 8 порция зәрдің көлемі мен салыстырмалы тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді.

Мақсаты

Бүйректің қызметін анықтау: тәуліктік, күндізгі және түнгі диурез; 8 порцияның әрқайсысының көлемі мен салыстырмалы тығыздығы.

Көрсеткіші

Бүйрек аурулары.

Кері көрсеткіші

Жоқ.

Керекті құралдар

  • 8–10 дана қағаз жапсырмасы бар таза, құрғақ шыны ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі

  1. 1

    Анасына/қамқоршысына процедураның мақсаты мен өткізу тәртібін түсіндіріңіз. Рұқсат алыңыз.

  2. 2

    Науқасқа зәрдің тәулік бойы (24 сағат) жиналатынын түсіндіріңіз: әр 3 сағат сайын, түнгі уақытта да.

  3. 3

    Баланың сұйықтық қабылдау және тамақтану тәртібі әдеттегідей өзгеріссіз қалуы керек.

  4. 4

    Таңертең сағат 06:00-де бала кіші дәретке отырғызылады; бұл зәр жиналмайды, төгіледі.

  5. 5

    Сол күнгі 06:00-ден келесі күнгі 06:00-ге дейін зәр 8 банкаға жиналады. Бала зәрге отыру жиілігіне қарай бір банкаға бір рет немесе бірнеше рет зәр шығара алады, бірақ әр банка тек 3 сағаттық аралыққа сәйкес болуы тиіс.

  6. 6

    Егер осы 3 сағат ішінде бала зәр шығармаса, банка бос қалдырылады.

  7. 7

    Егер 3 сағат ішінде банка толып қалса, қосымша (нөмірленбеген) банка алынады. Мейірбике оның сыртына қай нөмірлі банкаға қосымша екенін белгілейді.

  8. 8

    Келесі күні барлық банкалар зертханаға жіберіледі.

  9. 9

    Ерте жастағы балаларда зәр әр 3 сағат сайын қатаң емес, баланың талабына сай жиналуы мүмкін (дәрігердің нұсқауына сәйкес).

Нәтижесін бағалау

Қорытынды жалпы диурез бойынша бағаланады: күндізгі диурез бен түнгі диурездің арақатынасы және зәрдің салыстырмалы тығыздығының тәуліктік өзгерісі.

  • Күндізгі диурез: 2/3-тен кем емес.
  • Түнгі диурез: 1/3-тен көп емес.
  • Салыстырмалы тығыздықтың ауытқуы: кемінде 10 бірлік.

Ескертпелер

  • 1 Балаларда зерттеу кей жағдайда 12 сағат бойы жинаумен жүргізілуі мүмкін (дәрігер нұсқауы бойынша).
  • 2 Қолғапты шешіп, тиісті контейнерге тастаңыз. Қолды жуыңыз және құрғатыңыз.
  • 3 Материалды алу және зертханаға жеткізу мүмкіндігінше жедел орындалуы тиіс (қабылдау бөлімінің тәртібіне сай).

Қосымша ескерту (реактив қоспасы туралы)

Таблетка болмаған жағдайда келесі құрамдар алынып, мұқият араластырылып ұнтақталады:

  • 10 г натрий нитропруссид
  • 20 г аммоний сульфат
  • 20 г сусыз натрий карбонаты