Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдері
Құрмет пен жүректен шыққан сөз
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымды айдай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.
22 қыркүйек — Қазақстан Республикасындағы халықтардың Тілдер мерекесі.
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Әрбір ұлт үшін ең қастерлі құндылықтардың бірі — туған тіл.
«Бір шаңырақ астында» тәрбие сағаты
Құрметті қонақтар мен оқушылар, Тіл мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Сіздердің алдарыңызда мектебімізде оқитын әртүрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетеді.
Негізгі ой
Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері көк туымыздың астында бейбіт өмір сүріп келеді.
Ынтымақ — елдікке жеткізеді,
береке — бірлікке жеткізеді.
Іс-шара форматы
Бүгінгі кеш сайыс түрінде өтеді. Сайысқа қатысатын ұлттар:
- Қазақ
- Орыс
- Кәріс
- Армян
Қазылар алқасы
Өнерліні әділ бағалайтын қазылар алқасын таныстырайық:
- Ақылжан Қарақойшыұлы Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- Райхан Нүриденқызы Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
- Марияш Қайроллақызы Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі
Сайыскерлер таныстырылымы
Қазақ ұлты
Бүгін бізде дүбірлі той, ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой. Бүгінгі күн таныды әлем қазағымның кім екенін. Мақтанышпен мен өзіңді ән етемін, жыр етемін.
Өздерін таныстырады.
Кәріс ұлты
Кімдер жүйрік, өнерпаз — білейікші. Біздің елде тұрады деп жүрейікші. Құрметті көрерменді тәнті еткен кәріс ұлтын қарсы алайық.
Өздерін таныстырады.
Армян ұлты
Армян — біздің ұлтымыз. Биікке ұшу — мақсатымыз. Біз бақытты тау елінің өреніміз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан халықпыз.
Өздерін таныстырады.
Орыс ұлты
Барша халық таныған біздің үміт пен тілек — әнмен басталар өнер. Көрермен, орыс ұлтын қарсы алыңыз.
Өздерін таныстырады.
Өнер көрсетілімдері
Күй
Өнербаева Еңлік, 8 «А» сынып оқушысы.
Ән сайысы
Қатысушылар: кәріс, армян, орыс, қазақ ұлттары.
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.
Би
«Қамажай» — 8 «А» сынып оқушылары.
Би сайысы (шақыру өлеңі)
Жүр, барайық, ашайық ән арнасын,
Жырау толғап, домбырасын қолға алсын.
Дастарқандар көзді тартып жайнасын,
Қыпша белді қыздар биден таймасын.
Ән
«Ақ көгершін» — 8 «А» сынып оқушысы Таштанбек Гүлсезім.
Салт-дәстүр көрінісі
Кейінгіге мирас болған салт-дәстүрімізді дәріптеп, бүгінгі күнде қастерлей отырып көрсетеміз.
Қорытынды
Финалдық ән
«Қазақ елі» — барлық оқушылар сахнаға шығып орындайды. Мереке соңында шарлар лақтырылады.
Алғыс және марапат
Мереке соңында оқушылар мен мұғалімдерге алғыс білдірілді. Іс-шараға белсенді қатысқан ұлт өкілдері, әсіресе 8 «А» сынып оқушылары атап өтілді.
Оқушыларды дайындаған мұғалімдер
- Жамағанова Мадина Қалибекқызы
- Бидайбекова Маржан Нызкенқызы
Қорытынды белгі
Тілдер мерекесіне арналған онкүндік салтанатты сап түзеп аяқталды.