Наурыз той
Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін таныту және оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- «Наурыз – 2012» газеті
- Нақыл сөздер, қанатты сөздер
- Киіз үй, дастархан
- Суреттер көрмесі
Формат
Ән, хор, өлең, ұлттық ойындар және 5 кезеңнен тұратын сайыс бағдарламасы.
Кіріспе: Ұлыстың ұлы күні
Мұғалім: «Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміз асыға күткен Наурыз тойы да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Бұл — ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойы тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!»»
Жүргізушілердің үндеуі
1-жүргізуші
Наурыз — көктем мерекесі. Наурыз — жыл басы. Наурыз — жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші
Наурыз — қуаныш мерекесі, бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші
Наурыз — шаруаның мерекесі. Наурыз — еңбек мерекесі.
2-жүргізуші
Армысыңдар, халайық, бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай, жылда қарсы алайық.
1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық, әндетейік, жырлайық! Ортамызды ашайық, ырыс тілеп бұл жылға, жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
Қыс өтіп, қар кетті, жырлайық — жаз жетті.
Мейрамы ежелден құтты болсын Наурыз!
Жазира
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Айжан
Күн мен түн теңелді, жер шуаққа кенелді,
Қуанышқа бөленді ел енді.
Наурыз келді салтымыз: көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Наурыз неліктен жыл басы саналады?
Мұғалім: Наурыз айы — Шығыс күнтізбесі бойынша жылдың алғашқы айы. Дәл осы кезеңде күн мен түн теңеледі. Сондықтан Наурыз — жыл басы, жаңа бастаманың нышаны.
Сайыс: білім, өнер және дәстүр
Қатысушылар
-
1-жұп
Дильназ & Арсен
-
2-жұп
Бержан & Гүлжан
-
3-жұп
Меруерт & Айдын
Бағдарлама (5 кезең)
- 1 Кел, танысайық
- 2 Ағаш көркі — жапырақ
- 3 Өнерлі өрге жүзер
- 4 Мені жалғастыр
- 5 Ою ойғанның ойы ұшқыр
Қазылар алқасы
Әділ-қазы сайыс нәтижесін бағалап, жеңімпаздарды анықтайды және сыйлықтар табыстайды.
I кезең: «Кел, танысайық»
Қазақ халқында «Сәлем — сөздің анасы» дейді. Амандасу — ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі. Осы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырады.
II кезең: «Ағаш көркі — жапырақ»
Қатысушылар жапырақтардағы сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауаптан кейін жапырақты талға іліп, ағашты безендіреді.
1-сұрақ
Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2-сұрақ
1 дециметрде неше сантиметр бар? (10 см)
3-сұрақ
Адам өміріне қажетті 5 жағдай: ауа, тағам, жылу, жарық, су.
4-сұрақ
Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін)
5-сұрақ
Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер. «Не? Нелер? Кім? Кімдер?» сұрақтарына жауап береді; жалпы/жалқы, жекеше/көпше түрлері бар.)
6-сұрақ (жұмбақ)
Ағаштардың көсемі, мәңгі жасыл бұтағы. Мекен ғып тау өлкені, кәусар ауа жұтады. (Шырша)
III кезең: «Өнерлі өрге жүзер»
«Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда». Бұл кезеңде әр жұп өз өнерін көрсетеді: ән, би, мәнерлеп оқу.
Ән
«Аққуым менің» — орындайтын: Оразбаева Ая
IV кезең: «Мені жалғастыр»
Қатысушылар карточка таңдап, мақал-мәтелді немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Тапсырма 1
«Әдепті бала — арлы бала, …»
Өлең жолдарын жалғастыру (берілген үлгі бойынша)
Тапсырма 2
«Таулы жер бұлақсыз болмас, …»
Өлең жолдарын жалғастыру (берілген үлгі бойынша)
Тапсырма 3
«Бір тал кессең — …»
Өлең жолдарын жалғастыру (берілген үлгі бойынша)
V кезең: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»
Қыздар өнері
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан — шеберлік пен талғамның көрінісі. Қыздар ою-өрнек ояды.
Ұлдар сайысы
Ұлдардың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау үшін асық ату жарысы өткізіледі.
Қорытынды бағалау
Қатысушылардың өнері мен білімі сараланып, қазылар алқасы әділ бағасын береді.
Мерекелік өрнек: өлең, тілек, шашу
Өлең шумақтары
Нұрдос:
Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз — сән-салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Альбина:
Наурызым, ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысың.
Берекет:
Наурызым — тойлы, нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Сұрақ-жауап
2-жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып, бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
Шашу
1-жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, ризығың болсын көл-көсір!
2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп, тойларда шашу шашу — салтымыз. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөзі
Құттықтау сөз мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарына және ата-аналарға беріледі.