Ыңғайлас салалас сөйлем дегенім қандай сөйлем
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға құрмалас сөйлем түрлерін, соның ішінде салалас құрмалас сөйлемнің бір түрі — қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, білімін жүйелеу.
2) Тәрбиелік
Жаттығулар арқылы оқушылардың идеялық-танымдық көзқарасын қалыптастыру, туған өлкеге сүйіспеншілігін арттыру, қазақтың мақал-мәтелдерін құрметтеуге, еңбексүйгіштікке және бірлікке баулу.
3) Дамытушылық
Оқушылардың деңгейіне сай тапсырмалар беру арқылы байланыстырып сөйлеуін, өз бетінше сөйлем құрауын дамыту; ойды еркін, тиянақты әрі мәдениетті жеткізу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас, «Бәйге» (жарыс) сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, жинақтау, іздену, мысал келтіру
Көрнекіліктер
Плакаттар, кеспе қағаздар, компьютер, телеэкран, тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Түгендеу
- Сабаққа бейімдеу
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген тақырыптарды қайталау мақсатында сұрақтар қойылып, үй тапсырмасына шолу жасалады.
- 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
- 2. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы қандай?
- 3. Жай сөйлемге қандай интонация тән?
- 4. Құрмалас сөйлемге қандай дауыс ырғағы тән?
- 5. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен қалай байланысады?
- 6. Салаласа байланысқан құрмаласта баяндауыштар қалай байланысады?
- 7. Сабақтаса байланысқан құрмаласта баяндауыштар қалай байланысады?
- 8. Байланысу түріне қарай құрмалас сөйлемдер қанша түрге бөлінеді?
- 9. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- 10. Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара неше түрлі жолмен байланысады?
- 11. Жай сөйлемдер қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?
- 12. Мағыналық қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- 13. Ыңғайлас салалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
- 14. Себеп-салдар салалас сөйлем дегеніміз қандай сөйлем?
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-әрекет не оқиға екіншісіндегі іс-әрекетке не оқиғаға қарама-қарсы мәнде келетін салаластың түрі қарсылықты салалас деп аталады.
Мысал: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтаған жоқ.
Мысал: Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді, бірақ жұмыстан қолы тимеді.
Топқа бөлу (жарыс форматы)
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр тапсырма толық орындалған сайын топ қоржынына ұпай қосылады.
I топ
«Қожанасыр»
Эмблемасы: қызыл түсті.
II топ
«Алдар көсе»
Эмблемасы: сары түсті.
Сабақ екі айналымнан тұрады:
- I айналым — мақал-мәтелдердің сыңарын табу
- II айналым — тақтамен жұмыс, қарсылықты салалас құрау
I айналым. Мақал-мәтелдердің сыңарын табу
Қожанасыр ауылы
- Жалғыздың жоғы жоғалса — табылмайды, көптің жоғы жоғалса — табылады.
- Көппен тентек болсаң да — көпке тентек болма.
- Көз — қорқақ, қол — батыр.
- Өзің өлсең де — жолдасыңды жауға берме.
- Аттан айырылсаң да — ер-тоқымнан айырылма.
Алдар көсе ауылы
- Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма.
- Қонағыңның алтынын алма — алғысын ал.
- Кекшіл болма — көпшіл бол.
- Көзіне қарама — сөзіне қара.
- Жолаушының кешіккеніне сүйінбе, аңшының кешіккеніне сүйін.
II айналым. Тақтамен жұмыс
Берілген жай сөйлемдерді толықтырып, қарама-қарсы мәнді екінші жай сөйлем ойлап тауып, қарсылықты салалас құрастырыңыз.
- 1. Жел саябырлаған сияқты, ...
- 2. Теңіз тынышталды, ...
- 3. Тау астындағы көл үңгірі жолдан алыс екен, ...
- 4. Бұрын бай еді, ...
- 5. Көп балалы үйдің шаң-шуына үйреніп қалушы едік, ...
- 6. Қыстың ортасы болып қалды, ...
III. Семантикалық карта
Әр оқушыға үлестірме беріледі. Төмендегі сөйлемдерді мағыналық түріне қарай белгілеңіз.
IV. Дәптермен жұмыс: мәтін құрау
Берілген бастамаларды қарсылықты салалас жалғаулықтарын (мысалы: бірақ, алайда, дегенмен) пайдаланып толықтырыңыз.
I топ — Қожанасыр ауылы
Мен жыл мезгілдерінің ішінде қыс мезгілін ұнатамын, бірақ ...
II топ — Алдар көсе ауылы
Мен жыл мезгілдерінің ішінде жаз мезгілін ұнатамын, алайда ...
V. Сабақты бекіту
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары бойынша қорытынды сұрақтар қойылады.
VI. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берген оқушылар тиісті бағалармен бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
Әдеби көркем шығармалардан қарсылықты салалас құрмалас сөйлемге қатысты 10 сөйлем теріп жазып келіңіз.