Иса Байзақовтың Құралай сұлу поэмасы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімді кеңейту, «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық
Өз пікірін қорғауға, ойын еркін әрі әдеби тілмен жеткізуге баулу; шығармашылық ізденісті дамыту.
Тәрбиелік
Елін, жерін сүйетін, адал әрі жанашыр азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, салыстыру, баяндау, талдау, өз пікірін қорғау.
- Көрнекілігі
- Иса Байзақовтың өмірі туралы бейнематериал, слайд-презентация.
- Пәнаралық байланыс
- Тарих
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын оқып келу.
1) Тақырып дегеніміз не?
Шығарма белгілі бір өмір шындығын арқау етіп, нақты бір тақырыпты қозғайды. Тақырыпсыз шығарма болмайды.
2) Поэманың тақырыбы неліктен «Құралай сұлу» деп аталған?
3) Егер осы поэманы өздерің жазсаңдар, қалай атар едіңдер?
4) Идея дегеніміз не?
Жазушы өмір шындығын өз көзқарасы мен дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы мақсат-мүддесін, арманын білдіреді.
5) «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы неде?
6) Сюжет дегеніміз не?
Сюжет — оқиғалар жүйесі. Оқиғалар өзара байланысып, желісі үзілмей, бірізді түрде өрбиді.
7) Композиция дегеніміз не?
Композиция — шығармадағы оқиғалардың байланысуы мен құрылымдық реті.
III. Мағынаны тану: композициялық жоспар
Сабақты «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрудан жалғастырамыз. (Оқулықта поэма берілмегендіктен, мәтін көшірмелері оқушыларға таратылады.)
-
Оқиғаның басталуы
Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
-
Оқиғаның дамуы
Монтайдың Келден баймен кездесуі.
-
Оқиғаның шиеленісуі
Келден байдың жан баласына ашпаған сырын айтуы.
-
Оқиғаның шарықтау шегі
Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі.
-
Оқиғаның шешімі
Келден батырдың Құралайдан айырылуы.
IV. Салыстыру: екі шығарманы қатар талдау
Алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз. Енді осы шығарма мен Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаймыз.
I топ: Ғ. Мүсірепов — «Ананың анасы»
Кейіпкерлер
- Ана: 15 жасында күңдікке сатылған. Әке-шешесінен айырылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Ақылы мен өжеттілігі арқылы қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалады.
- Жалпақ батыр: Ер жүрек, ақылды, мейірімді; қара күш иесі. Ананың сөзін тыңдап, мәселені ақылмен шешеді.
Жанр
Әңгіме. Әйтілес қарт ескі күндерден сыр шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны баяндайды.
Идея
Жеке тұлғаның бостандығы толық қорғалмаған кезең суреттеледі: елді байлар билеп, шешімді билер шығарған. Ана махаббатының қуаты айқын көрінеді.
II топ: И. Байзақов — «Құралай сұлу»
Кейіпкерлер
- Құралайдың анасы: 15 жасында қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап, сұлу қазақ қызын алып қашып, ханға тарту еткен.
- Келден батыр: Ақылды, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайтын батыр. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа жалғыз өзі тойтарыс береді.
Жанр
Поэма. Қазақ пен қалмақ арасындағы тартысты кезең Келден батырдың естелігі арқылы өріліп, оны тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырланады.
Идея
«Ақтабан шұбырынды» кезеңіндегі қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі мен патриотизм идеясы көтеріледі. Ана махаббаты және екі жастың сүйіспеншілігі жырланады.
V. «Бес жолды өлең» әдісі
I топ: «Ана»
- 1. Зат есім: Ана
- 2. Сын есім: Мейірімді, қамқор
- 3. Етістік: Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
- 4. Сөйлем: Ана — өміріме сән берген.
- 5. Синоним: Ана — шеше
II топ: «Батыр»
- 1. Зат есім: Батыр
- 2. Сын есім: Ержүрек, батыл
- 3. Етістік: Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
- 4. Сөйлем: Батыр — ел үшін туады.
- 5. Синоним: Батыр — қаһарман
VI. Білімді бекіту
I топ: Иса Байзақовты кім деп танимыз?
- Ақын
- Жазушы
- Актер
- Әнші, жыршы
- 40-тан астам әнге сөз жазған
- Суырып салма ақын
II топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
- Құралай сұлу 1925
- Қойшының ертегісі 1926
- Ұлы құрылыс 1933
- Алтай аясында 1939
- Қырмызы Жанай 1940 (аяқталмаған)
- Кавказ 1941
- Ақбөпе 1945
VII. Қорытындылау
Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосты. Бұған өздерің атап өткен эпикалық шығармалары дәлел.
Оның көлемді туындыларында өткен заман оқиғалары мен кейінгі дәуір шындығы көрініс табады. «Құралай сұлу» және «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» кезеңіндегі қазақ тұрмысы шынайы суреттеліп, ел бірлігі мен патриотизм идеясы айқын көтеріледі.
VIII. Білімді бағалау
Сабақ барысында оқушылардың қатысуы мен жауаптарына қарай таңбалар таратылып отырды. Сол негізде оқушылар бағаланады.
IX. Үйге тапсырма
«Қасиет дарыған, құт мекен — қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.