Тарихи маңызы

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Дүниежүзі тарихы • 8-сынып

Құрметті мұғалім! Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Жинақ — мұғалімдердің бірлескен еңбегінің нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақ жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге үлгі болады.

Жинақ ұсыныстық сипатта болғандықтан, білім алушылардың қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар енгізуге, өзгертуге және бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша ресурстар

  • Нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және басқа материалдар
  • Форумдағы талқылаулар және бейненұсқаулықтар
  • Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ ресми сайты: smk.edu

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудиоматериалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылды.

Тілек

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Мазмұны

I тоқсан

  • Бөлім: Жаңа заманның басталуы
  • Бөлім: XVIII ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания
  • Бөлім: Ағартушылық идеяларының таралуы

II тоқсан

  • Бөлім: Француз буржуазиялық революциясының көрінісі
  • Бөлім: XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

III тоқсан

  • Бөлім: XIX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері
  • Бөлім: Революциялық идеялардың XIX ғасырдағы Еуропаға әсері
  • Бөлім: XIX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
  • Бөлім: XIX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік

IV тоқсан

  • Бөлім: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
  • Бөлім: Суретшілер мен жазушылар көзқарасымен XIX ғасырдағы өзгерістер

I тоқсан: Жаңа заманның басталуы

XVII ғасырдың ортасындағы Ағылшын буржуазиялық революциясының маңызы

Оқу мақсаты
7.3.2.1 — Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

Батыс Еуропадағы буржуазиялық революцияның басталу себептерін 1–4 тармақ бойынша жазыңыз.

Дескриптор

Білім алушы Батыс Еуропадағы революцияның басталу себептерін (1–4) жазады.

Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті?

Оқу мақсаты
7.1.1.2 — Мануфактура мен фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы жұмысшы табының қалыптасуы мен мануфактура, фабрикалардың пайда болуы арасындағы байланысты көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

«Мануфактура», «фабрика», «жалдамалы жұмысшы» терминдерін қолдана отырып, берілген суретті түсіндіріңіз. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісінің әлемге ықпалын анықтаңыз.

Дескриптор

  • Түсіндіруде қажетті терминдерді қолданады.
  • Терминдер арасындағы байланысты анықтайды.
  • Өнеркәсіп төңкерісінің әлемді қаншалықты өзгерткенін тұжырымдайды.

Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту

Оқу мақсаты
7.4.1.1 — Себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы өтпелі процесті түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы өтпелі процестің себептері мен салдарын анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

Кестені толтырыңыз: Феодалдық құрылыс → Капиталистік шаруашылық (себептері, салдары).

Дескриптор

  • Өтпелі процестің себептерін анықтайды.
  • Өтпелі процестің салдарын анықтайды.

Өнеркәсіп төңкерісінің Англияның жетекші державаға айналуындағы рөлі

Оқу мақсаты
7.4.1.2 — Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы өнеркәсіп төңкерісінің Англияның державаға айналуындағы рөлін көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

Кестені толтырыңыз: өнеркәсіп саласы, ғалым/өнертапқыш, не ойлап тапты, қай жылы, Англияның жетекші державаға айналуындағы маңызы.

Өнеркәсіп саласы Тұлғалар Не ойлап тапты? Қай жылы? Маңызы
Тоқыма өнеркәсібі Джеймс Харгривс, Ричард Аркрайт, Эдмунд Картрайт
Бу двигателі Дени Папен, Джеймс Уатт
Машина жасау Джозеф Брама
Металлургия Абрахам Дарби, Генри Корт
Транспорт Ричард Тревитик, Роберт Фултон

Дескриптор

  • Өнеркәсіп төңкерісіне үлес қосқан тұлғалар мен жаңалықтарды көрсетеді.
  • Жаңалықтардың уақытын (жылын) көрсетеді.
  • Салалардың Англияның жетекші державаға айналуындағы маңызын анықтайды.

I тоқсан: XVIII ғасырдағы Үндістан және Ұлыбритания

Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?

Оқу мақсаты
7.1.1.3 — Отаршылдық экспансия кезеңіндегі Азия елдерінің әлеуметтік құрылым ерекшеліктерін анықтау (Қытай, Үндістан, Жапония)
Бағалау критерийі
Білім алушы Ұлыбританияның Үндістандағы отаршылдық экспансиясына қатысты мәлімдемелерді саралайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

Төмендегі мәліметтердің ақиқат немесе жалған екенін анықтаңыз.

Мәлімет Ақиқат Жалған
1 Ағылшындар Үндістанның касталық жүйесін елді отарлау мақсатында пайдаланды.
2 Ағылшындар үшін үндістандықтардың касталық жүйесі маңызды болмады.
3 Ағылшындар касталық жүйені негізге алып, адамдарды жұмысқа тартты.
4 Ағылшындар ешбір каста өкілдеріне салық төлеуде жеңілдік жасаған жоқ.

Дескриптор

  • Касталық жүйенің отарлау мақсатында пайдаланылғанын/пайдаланылмағанын белгілейді.
  • Касталық жүйенің ағылшындар үшін маңызын анықтайды.
  • Касталық жүйеге сүйене отырып, жұмысқа тарту болғанын/болмағанын көрсетеді.
  • Салықтық жеңілдіктердің жасалғанын/жасалмағанын белгілейді.

I тоқсан: Ағартушылық идеяларының таралуы

Ағартушылық дәуір идеялары еуропалық монархтар қызметінде қалай көрініс тапты?

Оқу мақсаты
7.2.3.2 — Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы ағартушылық идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

Екатерина II және Фридрих II жүргізген ағартушылық қызметті анықтап, Венн диаграммасын толтырыңыз.

Екатерина II (мысалдар)

  1. 11763 ж. Сенатты 6 басқармаға бөліп, оның өкілеттігін қайта құрылымдады.
  2. 2Сот реформалары арқылы тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ықпал етті; сотталушыға қорғану құқығы берілді.
  3. 31783 ж. еркін кітап басу туралы қаулы мәдениет пен ағартушылықтың дамуын жеделдетті.
  4. 4Бастауыш және орта мектептер желісін кеңейтті, кәсіби училищелер ашылды.
  5. 51775 ж. губерниялық реформа аясында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мән берілді (мектеп, аурухана және т.б.).
  6. 6Жеке кәсіпкерлікке қатысты жеңілдіктер енгізілді (саудагерлерге капиталдан жыл сайын 1% жарна төлеуге рұқсат және т.б.).

Фридрих II

Фридрих II-нің ағартушылық қызметін дереккөздерге сүйене отырып анықтап, Екатерина II-мен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы көрсетіңіз.

Венн диаграммасы

Екатерина II

Жеке белгілер

Ұқсастықтары

Ортақ белгілер

Фридрих II

Жеке белгілер

Дескриптор

  • Екатерина II-нің ағартушылық қызметін анықтайды.
  • Фридрих II-нің ағартушылық қызметін анықтайды.

II тоқсан: Француз буржуазиялық революциясының көрінісі

1789–1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды?

Оқу мақсаты
7.1.1.1 — «Капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы (пролетариат)» ұғымдарын қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы негізгі ұғымдарды пайдаланып, тарихи оқиғаны сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

«Капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы (пролетариат)» ұғымдарын қолданып, берілген картинаны сипаттап жазыңыз.

Дескриптор

  • Тиісті ұғымдарды дұрыс қолданады.
  • Картинаны жан-жақты интерпретациялайды.

Буржуазияның экономикалық және саяси жүйені өзгертуге әсері

Оқу мақсаты
7.1.2.1 — Экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы буржуазияның ықпалын көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

«Адам және азамат құқықтарының декларациясына» қатысты кестені толтырыңыз.

Сұрақ Жауап
Құжат қашан қабылданды?
Қай жерде қабылданды?
Құжаттың тарихи маңызы қандай?
Халықтың қай бөлігінің мүддесін қорғады?
Құжатты жүзеге асырудың нәтижесі неге алып келді?

Дескриптор

  • Қабылданған уақытын және орнын көрсетеді.
  • Тарихи маңызын және қорғаған мүдделерді анықтайды.
  • Жүзеге асыру нәтижесін сипаттайды.

Өнердегі стильдер: неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм

Оқу мақсаты
7.2.2.2 — Өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы өнердегі негізгі стильдерге және терминдер мазмұнына анықтама береді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

Суретті пайдалана отырып, кестеге өнер ағымдарына анықтама беріңіз.

Неоклассицизм

Анықтама жазыңыз…

Романтизм

Анықтама жазыңыз…

Импрессионизм

Анықтама жазыңыз…

Реализм

Анықтама жазыңыз…

Дескриптор

  • Неоклассицизмге анықтама береді.
  • Романтизмге анықтама береді.
  • Импрессионизмге анықтама береді.
  • Реализмге анықтама береді.

Наполеон империясы: құрылуы және құлдырау себептері

Оқу мақсаты
7.3.2.4 — Наполеон соғыстары мысалында империалистік соғыстардың әлемдік саясатқа ықпалын бағалау
Бағалау критерийі
Білім алушы әлемдік саясаттағы өзгерістерді талдайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

Картаны қолдана отырып, Наполеон соғыстарының әлемдік саясаттың өзгеруіне ықпалын бағалаңыз:

  • Соғыстардың жүру барысын сипаттаңыз.
  • Оқиғалардың мазмұнына талдау жасаңыз.
  • Тарихи маңызына сипаттама беріңіз.

Дескриптор

  • Жүру барысын сипаттайды.
  • Мазмұнына талдау жасайды.
  • Әлемдік саясаттағы өзгерістегі тарихи маңызын түсіндіреді.

II тоқсан: XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы

Ресей мен Ұлыбритания Иранға ықпал ету үшін неге бақталас болды?

Оқу мақсаты
7.3.2.2 — XVIII–XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

Көмекші ақпараттарды пайдаланып, Венн диаграммасында Ресей мен Ұлыбританияның саяси дамуындағы ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңыз.

Ұлыбритания

Ерекшеліктерін жазыңыз…

Ұқсастығы

Ортақ белгілерін жазыңыз…

Ресей

Ерекшеліктерін жазыңыз…

Көмекші ақпараттар

  • Абсолютті монарх билік етеді; монарх ықпалы жоғары болды.
  • Империя шекарасы кеңейтілді; сыртқы саясатта отарлау бағыты байқалды.
  • Техникалық жаңалықтар, машина жасау және көлік салалары дамыды; XIX ғасырда өнеркәсіп төңкерісі аяқталды.
  • Ресейде ресми бағыт: православие, самодержавие, халықтық; басыбайлы құқық сақталды.
  • Ұлыбритания «әлем шеберханасы» атанды; қоғамда буржуазия мен пролетариаттың рөлі артты.
  • Саясат консервативті сипатта; дауыс беру құқығы ер адамдарға ғана берілді.

Дескриптор

  • XIX ғасырдағы Ұлыбританияның саяси дамуының ерекшеліктерін анықтайды.
  • XIX ғасырдағы Ресейдің саяси дамуының ерекшеліктерін анықтайды.
  • Екі елдің ұқсастықтарын көрсетеді.

III тоқсан: XIX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері

Неліктен апиын соғыстары қытай халқының есінде сақталды?

Оқу мақсаты
7.3.2.6 — Еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы отаршылдық экспансияның ықпалын анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

I және II апиын соғыстарының себептерін, салдарын, тарихи маңызын жазыңыз.

Соғыс Себебі Салдары Тарихи маңызы
I апиын соғысы
II апиын соғысы

Дескриптор

  • Себептерін көрсетеді.
  • Салдарын көрсетеді.
  • Тарихи маңызын түсіндіреді.

Негізгі ұғымдар: экспорт, импорт, экспансия, отарлау, фактория

Оқу мақсаты
7.4.1.4 — Ұғымдарды қолдану арқылы тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы отаршылдық экспансияның дәстүрлі қоғамдарға ықпалын сипаттайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

Терминдерді мағыналарымен сәйкестендіріңіз.

Термин Мағынасы
1 Экспорт C — капиталды, қызметтерді және зияткерлік қызмет нәтижелерін (айрықша құқықтарды қоса) сыртқы нарыққа өткізу үшін шетелге әкету
2 Импорт A — ішкі нарықта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар мен технологияларды әкелу
3 Экспансия E — ықпал ету аясын экономикалық және өзге әдістермен кеңейту (қарулы басып алу, дипломатиялық қысым және т.б.)
4 Отарлау B — ішкі аймақтарды игеру және қоныстану; сыртқы — өзге жерлерде тұрақтар салып, аумақтарды басып алу
5 Фактория D — еуропалық саудагерлердің колониядағы сауда-саттық мекені

Дескриптор

  • Терминдерді мағыналарымен дұрыс сәйкестендіреді.

III тоқсан: Революциялық идеялардың XIX ғасырдағы Еуропаға әсері

1848 жылғы революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?

Оқу мақсаты
7.2.3.3 — К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы Маркс көзқарастары мен марксизм ықпалын анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1) XIX ғасырда қандай саяси идеялар болды?

2) Қоғамда саяси идеялардың алатын орны қандай?

3) Карл Маркстың көзқарастары қоғамға қандай өзгерістер алып келді?

Дескриптор

  • XIX ғасырдағы ықпалды саяси идеяларды атайды.
  • Саяси идеялардың қоғамдағы орнын түсіндіреді.
  • Марксизмнің қоғамға әкелген өзгерістерін сипаттайды.

III тоқсан: XIX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Неліктен II Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды?

Оқу мақсаты
7.3.1.3 — Түсіндіру үшін: басыбайлы құқық, декабристер, халықшылдар, жеке террор, пролетариат диктатурасы ұғымдарын қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы тарихи оқиғаны түсіндіруде тиісті ұғымдарды пайдаланады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

Ұғымдарды мазмұнына қарай сәйкестендіріңіз.

Ұғым Анықтама
1 Басыбайлы құқық B — өндіріс қызметкерін феодалдың жартылай меншігіне айналдырудың жоғарғы түрі
2 Декабристер E — орыс дворян революционерлері; 1825 ж. желтоқсанда самодержавие мен басыбайлылыққа қарсы көтерілісті ұйымдастырғандар
3 Халықшылдар D — XIX ғ. (1860–1880 жж.) Ресейдегі қоғамдық-саяси қозғалыс
4 Жеке террор A — бейбіт тұрғындарды физикалық зорлық-зомбылық арқылы қорқыту
5 Пролетариат диктатурасы C — бір адамның немесе адамдар тобының билікке толық ие болып, елді басқаруы

Дескриптор

  • Ұғымдарды тиісті анықтамаларымен сәйкестендіреді.

III тоқсан: XIX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік

1857–1859 жылдардағы Үндістан оқиғаларын әр дәуір қалай баяндайды?

Оқу мақсаты
7.3.2.6 — Еуропалық отаршылдық экспансияның дәстүрлі қоғамдарға ықпалын сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы отаршылдық экспансия ықпалын түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну

Тапсырма

1857–1859 жылдардағы Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілісті анықтап, сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Көтерілістің шығу себептері қандай болды?
  • Сипайлар деген кімдер?
  • Көтеріліс қалай аяқталды?
  • Жеңіліске ұшырау себептері қандай?
  • XIX ғасырдың екінші жартысында Үндістанда қандай өзгерістер болды?

Дескриптор

  • Себептерін, сипайлардың кім екенін және көтеріліс нәтижесін көрсетеді.
  • Жеңілу себептерін және кейінгі өзгерістерді сипаттайды.

IV тоқсан: Америка Құрама Штаттарының күшеюі

АҚШ-тың батыс бағыттағы аумағы қалай кеңейді?

Оқу мақсаты
7.3.1.2 — XIX ғасырдағы АҚШ территориясының кеңею үдерісін сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы АҚШ-тың батыс бағытындағы экспансия саясатын көрсетеді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану

Тапсырма

1) Әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктері

1820 және 1860 жылдары әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі АҚШ-тың үлесі қандай болды?

1820 жыл

1860 жыл

2) Өнеркәсіптің жедел дамуы

АҚШ-та азаматтық соғыс жылдарының бастапқы кезеңінде өнеркәсіп өнімі бойынша ел 4-орынға шықты. 1860 жылғы АҚШ өнеркәсібінің жедел дамуын немен түсіндіресіз?

Жауабыңызды жазыңыз…

3) Жол-көлік жүйесінің дамуы

XIX ғасырдың бірінші жартысында жол-көлік жүйесі жылдам дамыды. 1860 жылдары теміржол ұзындығы 45 мыңнан 100 мың шақырымға дейін жетті. Бұл көбіне АҚШ-тың батысындағы бос жерлер есебінен жүзеге асты. Осыған нақты мысал келтіріңіз.

Мысал жазыңыз…

Дескриптор

  • 1820 және 1860 жылдардағы АҚШ-тың әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі үлесін көрсетеді.
  • 1860 жылдардағы өнеркәсіптің жедел дамуының себептерін түсіндіреді.