Лимфангиома (Lymphangioma - лимфа тамырларының ісігі) - Лимфа тамырларынан дамитын қатерсіз ісік
Лимфангиома
Лимфангиома (lymphangioma) — лимфа тамырларының ісігі. Бұл лимфа тамырларынан дамитын қатерсіз ісік болып саналады.
Түрлері
Лимфангиоманың келесі морфологиялық түрлері ажыратылады:
-
Капиллярлық
Ұсақ калибрлі лимфа тамырлары басым болатын түрі.
-
Каверналық
Кеңейген қуыстар (кавералар) тәрізді құрылымдармен сипатталатын түрі.
-
Кисталық
Кистаға ұқсас қуысты құрылымдар түзілуімен көрінетін түрі.
Пайдаланылған әдебиет
- Патологиялық анатомия терминдерінің орысша–латынша–қазақша түсіндірме сөздігі. Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8