Аталы сөздер айту

Тақырыбы: «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар»

Бұл кездесу-тәрбие сағаты үлкенді құрметтеп, сыйлауға, ата дәстүрді сақтауға және ата-әжелеріміздің өнегелі істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етуге бағытталған.

Мақсаты

Үлкенге құрмет, кішіге ізет мәдениетін қалыптастыру; ата дәстүрді қадірлеу; өнегелі сөз бен ізгі әрекетті өмірлік ұстанымға айналдыру.

Түрі

Ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Түрікпенәлиевпен кездесу.

Әдісі

Сұрақ-жауап, пікірлесу, шығармашылық тапсырмалар.

Барысы

Уәждемелік кезең

1) «Мен — атамның жалғасымын» тақырыбында оқушылардың ойы тыңдалады.

2) «Аталар сөзі — ақылдың көзі»: аталы сөздер айтып, батаның мәні талқыланады.

Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім-өнеге,
Ақ тілеуі атаның.

Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

Өз бетінше жұмыс: «Қай бидің сөзі екенін тап».

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат.

— Қазыбек би

Баз бала әкесінен озып туады,
Баз бала әкесіне жетіп туады,
Баз бала кері кетіп туады.

— Төле би

Бай болсаң — халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң — жауыңа найзаң тисін.

— Әйтеке би

Шығармашылық жұмыс: тақтадағы өлеңді оқып, жатқа жазу.

Иә, туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ата сөзін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.

Негізгі бөлім

  1. 1) Ауыл ардагері, ұстаздардың ұстазы, Абай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Түрікпенәлиев Алпамыс атамен пікірлесу.
  2. 2) «Алпамыс атаның бір күні» атты сюжетті көрсету.
  3. 3) Оқушылардың сұрақтары арқылы еркін сұхбат жүргізу.

Қорытынды кезең

Негізгі ой: «Үлкенге құрмет — кішіге міндет».

Осы мақалға сүйене отырып, ата-аналарға, қонақтарға және оқушыларға өз тілектері мен ой-пікірлерін айтуға сөз беріледі. Кездесу үлкенге деген ілтипаттың, ізеттіліктің және сабақтастықтың маңызын қорытындылаумен аяқталады.